Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Димаш Құдайбергеннің 70 музыкалық аспабы көпшілікке ұсынылды

Димаш Құдайбергеннің 70 музыкалық аспабы көпшілікке ұсынылды

Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясынан құралған «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрменің ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне өнер иесі арнайы қатысып, көрменің тұсауын өзі кесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Экспозицияға Димаштың жеке қорынан 70 музыкалық аспап қойылған. Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері тарту еткен аспаптар бар. Сонымен қатар көрмеде сахналық костюмдері де ұсынылды. Әсіресе, әлемдік поп-мәдениет жұлдызы Майкл Джексоннің жеке стилисті Гоко Залди Димашқа арнайы әзірлеген сахналық киімі көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. 

Көрменің ең әсерлі сәттерінің бірі – Димаш Құдайбергеннің музей қорына өзінің жеке екі бірдей домбырасын табыстауы болды. Оның бірі – Димаш Құдайбергенге атасы сыйға тартқан бала кезінен серік еткен домбырасы болса, екіншісі әншінің қолтаңбасы бар аспабы музей қорына сыйға тартылды. Өз кезегінде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы музей ұжымының атынан өнер иесіне қазақтың ұлы ойшылы әрі композиторы Абай Құнанбайұлының домбырасының дәл көшірмесін сыйға тартты. Бұл қадам – ұлттық құндылықтарға деген өзара құрметтің және рухани байланыстың көрінісі болды.

Димаш Құдайбергеннің әкесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, әнші, сазгер, Қанат Айтбаев көрменің мазмұндық ерекшелігі мен оның рухани-мәдени маңызына кеңінен тоқталды. Ол аталған көрменің тек жеке коллекцияны көпшілікке таныстыру ғана емес, сонымен қатар ұлттық өнерді ұлықтап, әлем халықтарының музыкалық мұрасын бір кеңістікте тоғыстырған тағылымды бастама екенін атап өтті.

«Бұл аспаптар біз үшін өте ыстық. Себебі бұл – әлемнің әр түкпірінен жиналған, түрлі халықтың ұлттық мұрасын танытатын құнды дүниелер. Әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Осы аспаптарды тарту еткен барша азаматқа алғысымыз шексіз», – деді Димаш Құдайбергеннің анасы,  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Светлана Айтбаева.

Іс-шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымындағы Қазақстанның ресми өкілі Нышанкүл Қаратаева, мәдениет және өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өнер иесінің жанкүйерлері қатысты. 

«Димаш: бір дауыс – мың ел» көрмесі – өнердің ұлт пен шекара талғамайтынын айқындайтын, мәдениеттерді тоғыстырған ауқымды көрме. Көрме келушілерге әншінің шығармашылық әлемін тереңірек танып, ұлттық музыкалық аспаптардың бай мұрасын сезінуге мүмкіндік береді.

Көрме 1 ай көлемінде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде жалғасады.
 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 13:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see141

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see139

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see127

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see121

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see121

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see120

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see120

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see120

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see119

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see117

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see117

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see116

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see116

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see115

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see114

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see114

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see113

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see113

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see112

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары