Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

Севоранға сенім бар ма?..

Севоранға сенім бар ма?..

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мұның себебін әр маман әртүрлі түсіндіреді. Бірі тәтті тамақ пен газдалған сусынның салдары десе, енді біреулер ата-ананың олақтығынан көреді. Елімізде жыл сайын қанша баланың сүт тісін емдейтіні жайлы нақты статистика жоқ. Бірақ әлеуметтік желідегі жұрттың пікіріне, жеке стоматологияның көбеюіне қарап, бұл көрсеткіштің жоғары екенін байқауға болады. 

Жеке клиникаларға күмәнмен қарау керек

Ал тіс емдеуде дәрігерлердің жиі қолда­натын препараты – севофлуран. Яғни, севоран – газ арқылы берілетін наркоз. Ол баланы терең ұйқыға кетіріп, ауырсынуды сездірмей, дәрігерге барлық қажетті емді бір уақытта жасауға мүмкіндік береді. Әлемдік медицинада бұл әдіс  стоматологияда ғана емес, балалар хирургиясында да кең қолданылады. Ғылыми тұрғыдан алғанда, севоран – балалар анестезиологиясында зерттелген, халықаралық тәжірибеде қол­данылатын препарат. Дұрыс доза, кәсіби анестезиолог және толық бақылау болған жағдайда ол салыстырмалы түрде қауіпсіз деп есептеледі. Алайда баласының тісін севоранмен емдетемін деп қайғыға душар болған отбасылар да бар. Былтыр Астанада 3 жастағы қызының тісін емдетуге апарып, ата-анасы одан қапыда «айырылып» қалған болатын. Қайғыдан қан жұтып отырған отбасы қызының өліміне кінәлі клиникамен соттасты да. Сот барысында сараптама деректері жарияланды. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, ми ісігі севоран анестезиясы дұрыс жүргізілмегеннен пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар жергілікті ауырсынуды басатын лидокаиннің дозасы балаға тым көп егілген. Жартылай қалпына келмеген өкпе функциясы мен қабыну фонында севоранды төрт жарым сағат бойы қолдану өткір гипоксияға (оттегінің жетіспеушілігіне), жүректің тоқтауына және ми ісігіне әкелуі мүмкін. Бір ескере кететін жайт, кішкентай қыз тісін емдердің алдында пневмониямен ауырған, бірақ клиника бұл деректі ескермей, бірден 18 тісін емдемек болған. Прокурордың айтуынша, анестезиолог пен стоматолог педиатрмен кеңесіп, қан талдауын (АИТВ, гепатит және басқа инфекциялар) жасауға міндетті болған. Алайда клиника бұл талаптарды орындамаған. 

– Қазір тас лақтырсаң, стоматологияға тиеді. Бұрын баланың сүт тісін емдепті де­генді сирек еститінбіз. Бірақ қазір сево­ран­мен  тіс емдеу бизнеске айналып кет­кен­дей. Ата-ананың қалтасынан кемі 100-200 мың теңге кетеді. Былай қарасаңыз, балаға тәтті бермей, күнде жатарда тісін тазалап, ви­таминдер берсе, мұндай проблема болмас еді, – дейді дәрігер Несібелі Сүндетова. 

Бұл жағдайда қоғам жеке емханалардың жауапсыздығын сынға алып отыр. Министр­лік осы жағдайдан кейін ауқымды тексеріс жүргізіп, былтыр 100-ден астам стомато­логиялық клиниканың қызметінде заңбұ­зушылық анықталған. 

– Жоспарға сәйкес, 350-ге жуық мекеме тексерілді. Жартысынан стоматологиялық қызмет көрсету стандарттарының сақтал­мағанын анықтадық. Мысалы, тек Жамбыл облысында 10 нысан жабылды. Еліміз бойынша заңбұзушылықтар анықталған стоматологиялық клиникаларға 30 млн теңгеге дейін айыппұл салынды, – деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев. 

Оның айтуынша, севоран – бұл бүкіл әлемде, соның ішінде стоматологияда кеңінен қолданылатын және қауіпсіз дәрі-дәрмектердің бірі. Дегенмен бұл дәрі-дәрмекті пайдалану кезінде барлық стандартты қатаң сақтау қажет. 

Севоранның бағасы арзан емес

Шынымен де, «қазір севоранмен тіс емдейміз» деген жарнама жер жарып тұр. Елде тек мүгедектігі бар балалар севоран арқылы тісін тегін емдетеді. Қалғаны жеке емханаға баруға мәжбүр. Бағасы да арзан емес. Кешенді емдеу бағасы орташа есеппен – 500 мың теңге. Анар Ахмет баласының тісін севоранмен емдемес бұрын, бірнеше ай дайындалғанын айтты. 

– Баламның тісін енді емдетеміз дегенде, мұрнынан су ағып, жөтеліп қалады. Қайта-қайта қан тапсыру да балаға стресс. Енді барамыз деген кезде анестезиолог хабар­ласып, емдеуден 3 күн бұрын дәрі ішу керек екенін айтты. Сонымен, қан талдаулары дұрыс болған соң емханаға апарып, баламның қол-аяғын қысып ұстап отырдым. Мұрнына маскамен газ берді. 1 минуттай тыпырлап, балам сылқ ете қалды. Ана болған соң жүрегім ауырды. Емдеу 3,5 сағатқа созылды. Маска аузында тұрғандықтан, айналасы қызарып кетіпті. Содан тегін деп барған севоранымызға, анау деп, мынау деп 420 мың теңге төлетті, – дейді Анар Ахмет. 

Ал стоматолог Аида Айбынқызының айтуынша, севоран – ең қауіпсіз наркоздың түрі. Баланың сүт тістерін емдететін ата-аналар ақылды. Себебі сүт тістердің түсіп қалуы, астынан шығатын тұрақты тістің қисаюына әкеледі. Баланың жақ сүйегінің сыртқа шығып кетуі немесе ішке кіруі де осы кезден басталады. Балалардың тісжегі тез өрбиді. Бұл да сүт тістердің анатомиясына байланысты. 

– Баланың тісін емдеу кезінде біз ең алдымен оның жасына және тіс жүйесінің даму кезеңіне назар аударамыз. Себебі балаларда ауыспалы тістесу кезеңі болады: бұл уақытта сүт тістер біртіндеп түсіп, олардың орнын тұрақты тістер басады. Осы кезеңде жасалатын кез келген қате әрекет баланың болашақ тіс саулығына тікелей әсер етуі мүмкін. Сол себепті сүт тісті ерте жұлып тастауға болмайды. Егер тіс негізсіз алынып тасталса, оның орнындағы тұрақты тіс кеш шығуы немесе мүлде шықпай қалу қаупі бар. Сүт тіс – уақытша болса да, ол тұрақты тіс үшін бағыттаушы қызметін атқарады. Сондай-ақ сүт тістерді емдеу барысында оның астында орналасқан тұрақты тістің бастамасын  зақымдап алмау аса маңызды,– дейді стоматолог. 

Оның айтуынша, севоран – балалар тісін емдеуде қолданылатын оң шешім. Ал балаға қауіп төндіретін препарат емес, дәрігердің қателігі. Ауыр реакциялар көбіне препаратқа емес, организмнің ерекшеліктеріне бай­ланысты. Сондықтан наркоздан бұрын жүрек, тыныс алу, зат алмасу жүйесі мен тұқым қуалайтын тәуекелдерді тексеру қажет. Тексерулерден кейін ғана анестезиолог ең қауіпсіз наркоз нұсқасын, мөлшерін таңдайды.

Тістің қызметі тек ас шайнау десек қателесеміз. Тіс – адамның тұла бойын қамтамасыз ететін негізгі сүйек. Ал дұрыс күтілген тіс 100 жылға дейін қызмет етеді. Ендеше баланың тісін севоранға жеткізбей-ақ сақтап қалайық. 

Көктем ҚАРҚЫН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 10:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see154

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see146

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see143

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see142

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see140

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see124

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see123

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see123

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see122

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see121

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see120

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see117

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see116

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see114

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see113

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see112

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see111

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see111

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

28 Тамыз 2026 19:53see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары