Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Шағымдар, айыппұлдар және жаңа уәделер Үлкен Алматы жағалауын реконструкциялау туралы не белгілі

Шағымдар, айыппұлдар және жаңа уәделер Үлкен Алматы жағалауын реконструкциялау туралы не белгілі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қала тұрғындары мен қонақтары Үлкен Алматы өзені жағалауын жаңғырту мәселесін талқылап жүргеніне біраз болды. Қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы өзен арнасындағы жұмыстардың барысы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді. Жоба қазір қай кезеңде және мердігер өз есебінен қандай жұмыстарды атқарып жатыр? – Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар.

Қала тұрғындары мен қонақтары Үлкен Алматы өзені жағалауын жаңғырту мәселесін талқылап жүргеніне біраз болды. Қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы өзен арнасындағы жұмыстардың барысы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді. Жоба қазір қай кезеңде және мердігер өз есебінен қандай жұмыстарды атқарып жатыр? – Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар.

Мерзімі мен қазіргі дайындығы

Экология басқармасы жоба дайындығын 85 пайызға бағалап отыр. Келісімшарт талаптарына сәйкес, құрылысшылар барлық жұмысты 2026 жылдың 30 мамырына дейін аяқтауы тиіс. Ведомство қолайсыз ауа райы жұмыс қарқынына әсер еткенін мойындағанымен, кестеден ауытқу болмайтынына сендірді.

"Мерзімнің кешігу қаупі жоқ, барлық жұмыс бекітілген өндірістік кестеге сай жүргізіліп жатыр", – делінген басқарманың ресми жауабында.

Не істелді және тағы не істелуі керек?

Мәліметке сәйкес, құрылысшылар негізгі кезеңдерді – аумақты жоспарлау мен бекітпелерді монтаждауды аяқтаған. Қазіргі уақытта жұмысшылар электр желісін қосып, арна бойына жабын төсеп жатыр.

"Канал бойына қоршау орнату жұмыстары аяқталу сатысында. Орындықтар, қоқыс жәшіктері және абаттандыру элементтерін қоса алғанда, шағын архитектуралық формаларды монтаждау жүріп жатыр. Сондай-ақ автоматты суару жүйесін орнату және аумақты көгалдандыру жұмыстары атқарылып жатыр", – деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Инфрақұрылым: жағалауда не болмайды?

Ауқымды реконструкцияға қарамастан, Үлкен Алматы өзенінің бұл учаскесінде әжетхана мен сауда нысандары болмайды.

Оның орнына балалар алаңқайлары, воркаут аймақтары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған демалыс орындары жабдықталады.

Тұрғындар шағымы мен мердігерден "бонустар"

Реконструкция барысында қала тұрғындары шаң-тозаң мен ескі граниттің алынып тасталуына қатысты жиі шағымданған. Әкімдік өкілдері ескертулердің бір бөлігі ескерілгенін айтады.

"Жобаны іске асыру барысында тұрғындардың өтініштері мен ескертулері ескерілді, соған байланысты жобаға жекелеген өзгерістер енгізілді", – деп хабарлады экология басқармасы.

Алайда жауапта қандай өзгерістер енгізілгені нақтыланбаған.

Сондай-ақ басқарма өкілдері "Павлодар өзен порты" АҚ өз есебінен қосымша жұмыстарды орындап жатқанын айтты, оның ішінде:

Әл-Фараби даңғылында көпір астындағы баспалдақтарды гранит плиталармен қаптау; ағаштарға ландшафтық жарық орнату; Абай даңғылынан төменгі бөліктегі бетон беткейлерді сырлау. Әкімдік Үлкен Алматыдағы жұмыстарды қалай бағалайды?

Ведомство өкілдері ресми жауапта бас мердігер негізгі жұмыс көлемін "басқа қосалқы мердігерлерді тартпай", өз күшімен атқарып жатқанын атап өтті. Сапаны күн сайын "Самұрық Астана 2030" ЖШС техникалық қадағалау мамандары тексеріп отырады.

"Жалпы жұмыс сапасы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр, анықталған кемшіліктер жедел түрде жойылып жатыр", – деді әкімдік өкілдері.

Дегенмен жазалаусыз болмады. Мердігерге құрылыс қоқысын уақтылы тазаламағаны үшін айыппұл салынды.

Айта кетерлігі, қосалқы мердігерлер жоқ деген мәлімдемелерге қарамастан, 2026 жылғы наурызда жағалаудағы "шаңды тазалау" үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша бірден үш тұлға жауапқа тартылған:

"Павлодар өзен порты" АҚ-ның өзі, Makona Group ЖШС компаниясы (қосалқы мердігер ретінде), жоба жетекшісі. "Мердігер барлық кемшілікті жоймайынша, нысанды қабылдамаймыз" – Алматы әкімі

12 сәуірде қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс барысын тексерді. Аралау қорытындысы бойынша мердігер барлық кемшілікті түзетпейінше, нысан қабылданбайтынын қадап айтты.

"Үлкен Алматы өзенінің бойын аралап шықтым. Қазір жұмыс қарқын алған, жоба мамыр айында аяқталмақ. Дегенмен, орындалу сапасына қатысты бірқатар ескерту бар. Қала құрылысын бақылау басқармасына жұмыстардың жобалық шешімдер мен құрылыс талаптарына сәйкестігін қатаң тексеруді тапсырдым. Мердігер барлық кемшілікті жоймайынша, нысан қабылданбайды", – деді әкім.

Бұған дейін алматылықтар Үлкен Алматы жағалауындағы қаптаманы сынға алып, учаскедегі бетонның гранит сияқты етіп боялып жатқанына назар аударған болатын. Қала тұрғындары қаптаманың төзімділігіне күмән келтіріп, алынған гранит плиталардың қайда кеткенін анықтауды талап етті.

Видеодан кадрлар

Әкімдік граниттің бетонға ауыстырылуын ескі плиталардың қатты деформациялануымен түсіндірді. Билік өкілдері жағалаудың біртұтас декоративті көрінісін сақтау мақсатында құйылған бетондар гранит плиталардың түсіне сай боялғанын айтты.

Гранит плиталар мен өзен арнасының жай-күйі / Фото: Алматы әкімдігі

Бұл ретте экология басқармасы бүтін плиталардың өзеннің басқа учаскелерінде қайта пайдаланылғанын, ал зақымдалған граниттің "құрылыс нысанына" жіберілгенін нақтылады.

Алайда редакцияның сөз болып отырған құрылыс нысаны туралы сауалына экология басқармасы жауап берген жоқ. Тек "материалдар нысан аясында қайта пайдаланылады немесе әкімдікке жауапты сақтауға беріледі" деп хабарлады.

Мердігер компания туралы не белгілі?

Үлкен Алматы өзенін реконструкциялаумен және қаладағы басқа да ірі жобалармен "Павлодар өзен порты" АҚ айналысады. Біздегі мәлімет бойынша, компания Алматыда 67 миллиард теңгеден аса сомаға ірі мемлекеттік келісімшарттар алған.

Бұл ретте кейбір жоба дау-дамай және сот процестеріне ұласқан, солардың ішіндегі елеулі бірнеше жағдайды еске түсірейік.

Үлкен Алматы: плиталарды ұрлаудан "қаламмен тексеруге" дейін

Үлкен Алматы арнасын реконструкциялауға тендер 2024 жылғы 16 қыркүйекте жарияланды. Келісімшарт сомасы 7,143 миллиард теңге болды.

Бұл нысандағы жұмыстар қала тұрғындарының есінде бірқатар келеңсіз оқиғамен қалды.

Плиталарды ұрлау: 2025 жылғы қыркүйекте блогер әрі белсенді Санжар Боқаев гранит плиталардың ұрланғанын анықтады. Белгісіз тұлғалар манипулятормен материалдарды құлпытас жасайтын цехқа тасыған. Сол кезде мердігер плиталар "таныс емес жігіттің өтініші бойынша" ұрланғанын айтып, полицияға арыз түсірген. Бетон сапасы: кейінірек белсенді кәдімгі шарик қаламмен жаңа плиталар жабынын қырып тастаған видеосын жариялады. Мердігер өкілдері мұны гидрооқшаулағыштың "өткір заттармен келтірілген механикалық зақымға төтеп бере алмайтындығымен" түсіндірді. Фото: видеодан кадр

Анықтама: 2026 жылғы 18 наурызда Алматыда Санжар Боқаевтың ұсталғаны белгілі болды. Бас прокуратура мәліметінше, ол жалған ақпарат таратты және ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Сайранды абаттандыру төңірегіндегі дау

Сайран су қоймасын абаттандыру да ең көп талқыланған және ең қымбат жобалардың біріне айналды – сомасы 12 миллиард теңге болатын келісімшарт 2023 жылғы желтоқсанда жасалған. Бастапқыда жұмыстар 2024 жылы аяқталуы тиіс еді, бірақ мерзім бірнеше рет кейінге шегерілді.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

2025 жылғы тамызда әкімдік "Павлодар өзен порты" компаниясының үстінен міндеттемелерді уақтылы әрі сапасыз орындағаны үшін талап арыз берді. 2025 жылғы қыркүйекте бірінші сатыдағы сот компанияны сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, 23,1 миллион теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өндірді.

Алайда кейін апелляция компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімнің күшін жойды.

Нысан ресми түрде тек 2025 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді, қазір оған "Жасыл Алматы" КММ жауапты.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 16:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see129

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары