Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Шоқан Уәлиханов күйеуі бар орыс әйеліне ғашық болғаны рас па?

Шоқан Уәлиханов күйеуі бар орыс әйеліне ғашық болғаны рас па?

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, сонымен қатар қазақ сурет өнеріне де үлес қосқан Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов не бары 29 жыл өмір сүрген. Ақтық демі таусылғанша бар білімін қазақ жеріне зерттеу мен ғылымға арнаған тектінің артында, бір өкініштісі, тұяқ қалмаған... Өмірінің соңғы жылдарында Шоқан дертке шалдығып, ауылына қайтқан тұста оны әкесі Тезек төренің қарындасы Айсарыға үйлендірген. Ол жайында Ешмұрат Ибрагимов: «Шоқан Үлкен ордаға кетіп, сол жерде Тезек төренің қарындасы Айсарыға үйленді. Айсары ажарлы емес-ті, бірақ ақылды болатын. Өкініштісі, онымен отау құрғаннан кейін көп ұзамай, яғни 1865 жылы Шоқан көз жұмды» деп жазады.

Алайда, Шоқан Уәлихановтың 1852 жылы Омбы қаласының Кадет корпусында оқып жүргенде, Батыс Сібір губерниясының губернаторы Густав Христианович Гасфордтың әйелі Любовь Федоровнаға ғашық болған деген аңыз әңгіме бар. Шоқанның «Оның аты да, заты да махаббатқа тұнып тұр!..» деген сөздерін осы орыс әйеліне жазған деп болжайды.

Осы махаббат оқиғасын Ресей Халық әртісі Георгий Котов өз пьесасына арқау етіп, әйгілі режиссер Владислав Казенин Омбы мемлекеттік музыкалық театрында «Любина роща» деген атпен сахналаған. Аталған музыкалық театр жыл сайын жаңа маусымын осы қойылыммен ашады.

Қойылым – Ертістің екі жағындағы салты мен дәстүрі, тілі мен діні бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі бөлек әлемде туып, кейіннен осы Омбыда табысқан қос тағдыр, қос жүрек – Шоқан мен Любаның махаббаты жайлы сыр шертеді. 60-ты алқымдаған Батыс Сібір губерниясының губернаторы генерал-лейтенант Густав Христианович Гасфорттың жап-жас әйелі Любовь Федоровнаға сарай маңындағы жігіттердің барлығы да ынтық болады. Бір қарағанда үлде мен бүлдеге оранып ғұмыр кешіп жатқандай көрінгенімен, Люба көптен бері құрт ауруына шалдыққан. Бірақ оны елең қылып тұрған ол жоқ, өйткені оның одан да өткен үлкен дерті – Шоқан.

Жүріс-тұрысы, сөзі, өзін-өзі ұстауы хан тұқымынан шыққан ақсүйектігін айғақтап тұрған Шоқан алғаш көргеннен-ақ Любаның көңілін аударып, келе-келе еркін түгел билеп алған-ды. Әрине, Шоқанның да Любаға деген көңілі болған. Сарай маңындағы гулеген өсек Гасфордқа да жеткен, бірақ ол қызбалыққа салынбай әрі Шоқандай сенімді қызметкерімен арадағы сыйластыққа сызат түсірмей, екеуін екі жаққа жіберумен ғана шектелген. Ең өкініштісі, қойылым соңында жас ару Шоқанның қолында жан тапсырады.

Тағы бір айта кететіні, «Любина роща» деген тіркес – Шоқанның сөзі. Кешкісін жоқ болып кететін Шоқанның достары «Қайда болдың?» деп сұраса, ол осылай жауап береді екен. Шоқанның тұсындағы шоқ тоғай бертінге дейін Омбыда сақталып, «Любина роща» аталып келген, қазір Любинский проспект деген атау алды. Онда әйгілі ару Любаның жалғызсырап отырған мүсіні бар, ал оған түйіскен даңғыл Шоқан Уәлихановтың атымен аталған.

Өмірде бірін-бірі көруге, кездесуге зар болған екі ғашықтың, бір ғажабы, бүгінде көшелері түйісіп тұр.

Мақала Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті философия кафедрасының меңгерушісі,
"Шоқан жұлдыздары" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Көшенованың
"Аңыз адам" журналына берген сұхбатының негізінде жазылған

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 12:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары