Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Сирек металдар қоры толығып келеді

Сирек металдар қоры толығып келеді

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сирек металға бай елімізде қарап отырмақ емес. Кеніштерді қопарып қана қоймай жаңа кен орындарын ашамыз. Бұдан бөлек осы байлықты өңдейтін кәсіпорындар қатары көбейеді. 

Жалпы еліміз 2018 жылдан бері сирек металдар саласына 67 млрд теңге құйды. Дегенмен оның үлесі 2,5 пайызға жетпейді. Жер қойнауын зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тіпті металды қайта өңдеуге көңіл бөлінбек. Бұл сирек металдар және жерде сирек кездесетін металдар секторын дамытуға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асады. 

Келесі жылы 2,2 млн шаршы шақырым аумаққа геологиялық-геофизикалық барлау жүргізіледі. Былтыр осындай жұмыс нәтижесінде 38 әлеуетті учаске анықталған еді. Қазір отандық кәсіпорындар бериллий, тантал, ниобий, скандий және рений сияқты сирек металдарды шығара бастады. Мәселен, Қарағанды облысындағы Құйрықтыкөл кен орнында сирек металл қоры мол. 

Қанат Ерубаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті төрағасының орынбасары:

- Құйрықтыкөл Қазақстанның сирек металдарын өндірудегі елеулі әлеуетін көрсетеді. Бұл металдар жоғары технологиялық салаларда үлкен сұранысқа ие. Оған Америка да қызығушылық танытып отыр. Мұндағы кен қоры шамамен 900 мың тоннадай. Болашақта ауқымды зерттеу жүргізіледі. Біздің ойымызша, қор көлемін екі есе арттыруға болады.

Сирек металдан дәмелі елдер көбейді. Оны жаһанға шығаруға әлеуетеміз әбден жетеді. Шикізат күйінде ғана емес. Алдағы үш жылда президент пәрменімен үш өңдеу кәсіпорны бой көтеруі тиіс. Бұл үшін Еуроодақ, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытаймен стратегиялық келісім жасалды. Мамандар сирек метал құны қайта өңделген күйде 10 есе артатынын айтады. Бұл сектордың ЖІӨ-і үлесі 7,1 пайызға жетуі мүмкін.  Қазір елде сирек металдарды өңдеумен айналысатын сегіз кәсіпорын бар. Ал барлау жұмыстарына инвесторларды тарту маңызды.

Қанат Ерубаев, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті төрағасының орынбасары:

- Біз қазір Қазақстан аумағын картаға түсіру бойынша 25 сметалық құжат дайындап жатырмыз. Оның ауқымы 50 мыңға жуықтайды. Алқашқы кезең 2026-2028 жылдарға межеленіп отыр. Оның аумағы 100 мың шаршы шақырым. Карта жасау үшін барлық заманауи тәсілдер мен технологиялар қолданылады. Тіпті мульти спектрлі түсірілімдер де зерделенеді.  

Ерлан Ғалиев “Ұлттық геологиялық қызмет” АҚ басқарма төрағасы:

- 200 мыңдық масштабпен картирование жасағаннан қазір 50 мың масштабқа көшіп жатырмыз. Себебі инвесторларға екі жүздіктер көп қызық емес. Өйткені онда тәуекел көп болады. Сондықтан 50 мыңдық масштабқа ақпарат берсек, оларға нақтырақ барлау жұмыстарын салуға оңай болады.

Инвесторлар мен отандық мамандар үшін жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы да құрылған. Ол Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану және геология саласындағы 20-дан аса мемлекеттік қызмет көрсетілетін заманауи цифрлық құрал.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Мадияр Қындыбаев

 
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары