Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы: рухани құндылық пен ұлттық бірегейліктің берілуі

Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы: рухани құндылық пен ұлттық бірегейліктің берілуі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сұлтанбек Ғұмардың шығармашылығы - классикалық балет мектебінің қатаң канондары мен қазақтың бай фольклорлық мұрасының тоғысқан нүктесі. Оның хореографиясындағы ұлттық құндылықтар мен ұлттық бірегейлік мәселесі жай ғана сахналық декорация немесе этнографиялық элемент емес, қойылымның негізгі философиялық өзегіне айналған.

- Кішкентайымнан қазақ халық күйлерін тыңдап өстім. Домбыра, жетіген мен қобыздың үнін естісем, ерекше жігерленемін. Ұлттық аспаптардың үні «тарихты айтшы» деп сөйлеп тұрғандай болады. Музыканы естіген бойда санамда сурет пайда бола бастайды. Осы уақытқа дейін ұсынылған «ХасСақ» ансамблінің музыкасына «Рух», «Той бастар», «Аралым», «Кемел адам», «Аңсау», А.Райымқұлованың музыкасына «Mankurt», Х.Шанғалиевтің музыкасына «Әлем» композициялары осылай дүниеге келген еді, - деп атап өтті Сұлтанбек Ғұмар.  

Хореограф өзінің тырнақалды еңбегі «Рухты» қоятын кезде Абылай ханның тарихын зерттегенін айтады. Ол азаматтың намысын оятатын, қанаттандырып, рух беретін ұлттық хореографиялық қойылым жасау туралы көптен бері ойлап жүрген.

- Байқасаңыздар, бұл нөмірде әртістер үш жүз секілді үш топ болып билейді. Әрбіреуінің тотемдік жануарлар – қасқыр, бүркіт және тұлпар бейнеленген өзінің таңбалық костюмдері бар. Ортасында солист бастап, күннің астында бәрін біріктіруге тырысады, арада жанжал туындайды, соңында барлығы биік белесті алғандай болады. Әртістердің ортадағы солистті жоғары көтеруі Абылайдың хан сайланғанын білдіреді. «Рух» жетістігінің сыры – бірінші кезекте музыкасы шығар. Қойылымды жасау кезінде «ХасСақ» этно-фольклорлық ансамблінің «Аманат» атты композициясынан мол шабыт алдым. Бәрі содан басталды, сондай-ақ біздің бай тарихымыз әсер етті. Сөйтіп, труппадағы жігіттерді жинап, бір аптаның ішінде қойып шықтым. Әртістер идеямды тез қағып алып, құлшыныспен жүзеге асырды. Олардың көзіндегі қызығушылықты көргенде одан сайын шабыттандым. Театрдағы жұмысымыздан бөлек, жаңа қойылымға дайындалдық. «Рух» әбден дайын болғанда труппамыздың көркемдік жетекшісі Алтынай Абдуахимқызына жүгініп, «Бір би қойып едім, көрсетсем бола ма?» деп едім, ол бірден қолдай кетті. Сөйтіп, басшылыққа ұнап, костюмдер тігілді. Міне, «Рухтың» тарихы осылай басталған еді, - деп пікірін қосты балет солисі.

Өткен жылы осы хореографиялық қойылымымның Мәскеуде Үлкен театрдың тарихи сахнасында таныстырылғаны хореограф үшін естен кетпес оқиға болды. Гастроль кезінде әртістерге қазақ балет өнерін жоғары деңгейде таныстыру міндеті қойылғаннан кейін олар одан сайын жігерленіп, «Рухты» зор шабытпен ұсынды. Өнер көрсетуді «ХасСақ» этно-фольклорлық ансамблі сүйемелдегендіктен, орындау екі есе әсерлі болды.

Хореограф өз туындыларында қазақ халқының дүниетанымын, еркіндікке құштар рухын және табиғатпен үндестігін пластика тіліне аударады. Сұлтанбек Ғұмардың қолтаңбасына тән басты ерекшелік - ол өткен күннің мұрасын мұражай жәдігері ретінде емес, бүгінгі күннің тілінде сөйлейтін тірі, динамикалық құбылыс ретінде көрсетеді. Оның авторлық нөмірлеріндегі қимыл-қозғалыстардан дала желінің екпіні, тұлпардың шабысы, ұлттық аспаптардың ырғағы мен қазақ биіне тән биязылық пен асқақтық анық байқалады. Балет әртісі классикалық балеттің биік техникасын ұлттық бидің элементтерімен шебер ұштастыра отырып, қазақ хореографиясының жаңа амплуасын қалыптастырып келеді.

«Астана Опера» сахнасындағы жұмыстарында Сұлтанбек ұлттық кейіпкерлердің ішкі психологиялық тереңдігін ашуға баса назар аударады. Оның кейіпкерлері тек сыртқы ұлттық киімімен ғана емес, ішкі болмысымен, мінезімен, ұлттық намысы мен қадір-қасиетімен ерекшеленеді. Бұл ізденістердің барлығы айналып келгенде ұлттық бірегейлікті нығайтуға қызмет етеді. Ол қойған әрбір ұлттық нақыштағы нөмір көрерменге қазақ мәдениетінің тереңдігі мен ауқымын паш ететін төл белгі іспетті.

Ол Қазақстанның классикалық балетінде жаңа хореографиялық өрнек іздеудегі алғашқы талпынысын екі жыл бұрын бастап, осынау қысқа уақыт ішінде  ұлттық бағыттағы бірегей қойылымдарымен Қазақстандағы ғана емес, одан тыс жерлердегі де көрермендердің жүрегін жаулап үлгерді. Сұлтанбек балетмейстер  Б.Эйфманның фестиваліне қатысып, онда оның «Mankurt» авторлық миниатюрасы балет сыншыларының жоғары бағасын алған еді және отандасымыздың «Аңсау» атты  нөмірі Қытайда мойындалған. Осы композициясы үшін оған «Үздік хореография» жүлдесі тағайындалған.

Ал осы күндері Сұлтанбек  Ғұмардың шығармашылығы 11-16 шілде аралығында өтіп жатқан «Сириус – Роза Хутор» халықаралық өнер фестивалінде таныстырылуда. Айта кетейік, «Астана Опера» балет труппасы мен симфониялық оркестрінің гастролі ауқымды фестивальдің басты оқиғаларының бірі болмақ. 16 шілдеде «Роза Холл» көпфункционалды концерт кешенінде театр «Астана Опера» солисі, дарынды хореограф Сұлтанбек Ғұмардың бағдарламасын ұсынады: Nomad Ballet – заманауи хореография мен ұлттық нақышты біріктіретін жарқын шығармашылық эксперимент. Қойылымға HasSak этно-фольклорлық ансамблі қатысады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Шілде 2026 12:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары