Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Су добының үздіктері

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Суперкомпьютерлер қандай қызмет атқармақ?

Суперкомпьютерлер қандай қызмет атқармақ?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстандық «супермидың» қуаңшылық, зілзала және басқа табиғи дүлей апаттарды алдын ала болжауға, қауіпті ауруларға қарсы дәрілік препараттар мен вак­циналарды әзірлеуге көмектесуге, Астана, Алатау Сити сияқты жаңа қала жобалауға қабілетті екені жарияланған. Әзірге бұл мақсат­тарда шетелдік ЖИ қолданылып жатыр.

Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиевтің мәлімдеуінше, Алматыдағы ғылыми супер­компьютер, елордадағы NVIDIA H200 базасындағы ұлттық супер­компьютерлік кластер сыртында Қазақстан АҚШ-та екі кластерді пайдалануға берді. Ал қыркүйекте «Самұрық-Қазына» тобының компаниялары үшін «Қазақ­телеком» суперкомпьютері іске қосылды. Соның негізінде ұлттық әл-ауқат қорының SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) есімді, әйел кейіпті Директорлар кеңесінің цифрлық тәуелсіз мүшесі пайда болды. Қор SKAI-дың бірден жоғары лауазым иеленгенімен, әзірге үйренуін, оқуын жалғас­тырып жатқанын алға тартты.  

Жуырда Астанада өткен Digital Bridge-2025 халықаралық техно­логиялық форумының панельдік сессиясында шетелдік мәртебелі меймандар алдында бұрынғы Цифрлық даму министрі, қазіргі «Қазақтелеком» АҚ басқарма тө­рағасы Бағдат Мусин республикада суперкомпьютерлер бірінен соң бірі іске қосылып жатқанын айтты. 

– Біз – Орталық Азия айма­ғында бір емес, бірнеше супер­компьютері бар алғашқы мемле­кетпіз! Бұлар – стартап-индустрия үшін және дәстүрлі компанияларды трансформациялау үшін үлкен көмек. Себебі ресурстарды бұлтты немесе shared форматында пай­далануға болады,  – деген еді Б.Мусин.

Журналистер суперкомпьютер­лердің нақты немен айналыса­тынын, бұларды ұстап тұруға қанша ел қаржысы жұмсалатынын, ол ресурстарға жеке сектор қалай қол жеткізе алатынын сұрастыра бастаған. IT маманы Әділбек Жа­расбай мұндай ғаламат құрылғыны қолданысқа енгізудің өзі өте күрделі жұмыс екенін айтады. Ол қыруар шығынды талап етеді және мұны ешқандай отандық универ­ситет көтере алмайды. Қазақстанда суперкомпьютерді эксплуатациялау қаншаға түсетіні жария етілмейді, «жабық ақпарат». Әйткенмен, барлық елдегі сияқты бізде де оның шығыны негізінен электр қуатын тұтыну көлеміне байланысты болады. 

Маманның мәліметі бойынша, бұл шығын жылына бірнеше миллион долларға жетеді. 1 мега­ватт қуаты шамамен 1 млн долларға түсуі мүмкін. Бұған техникалық қызмет көрсету және серти­фикаттау, шетелден маман тарту, жергілікті персоналды жұмысқа алу, құрылғыларды салқындату, басқа шығыстары қосылады. Елордалық «супермидың» жұмыс істеуі және оны салқындату үшін қанша қуат шығындалатыны да жарияланбады, құпия көрінеді. Тек ақпарат құралдары суперкомпьютер қазірдің өзінде астаналық тұтас шағынауданға кететін электр энер­гиясын жалғыз өзі тұтынатынын жазды.  

Қашан толық іске қосылады?

Астанадағы басты «суперкомп» америкалық Uptime: Tier III инсти­тутының сертификаттауынан өтті. Бұл орталықтың деректерді өңдеу сенімділігі өте жоғары 99% екені айқындалды. Тіпті төтенше жағдай туындай қалғанның өзінде ондағы ақау тек бірнеше минутқа созылып, ізінше қалыпты жұмысына қайта оралуға тиіс. 

– Ғалымдарға арналғаны емес, ең басты суперкомпьютердің есеп­теуіш қуаттары Астана маңындағы National Supercomputer Center-де, қолданыстағы деректерді өңдеу орталығында орналасқан. Ол Data-center «Электронды Үкіметтің» АКТ-операторы саналатын «Ұлт­тық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға қарайды. Мемлекет бас­шысы биылғы шілдеде супер­компьютердің тұсауын кесті. Алайда ол әзірге толыққанды жұмыс істеп тұрған жоқ. Әлі күнге тестілеу кезеңінен өтіп жатқаны хабарланды. Ол толық қуатына тек биылғы жыл соңына қарай шығады деп күтіледі. Одан кейін тағы қосымша сынақтардан өтуі керек. Бірақ бұл басы ғана: болашақта суперкомпьютерлерге арналған алып Дата-орталық салынбақ. Сонда есептеуіш қуаттылықтардың үлкен көлемі орналасады, «супер­мидың» әлеуеті де артады, – деді сарапшы.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің түсіндіруінше, суперкомпьютер – үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеуді және көптеген есептеу операциясын орындауды талап ететін есептерді шешуге қабілетті, өнімділігі жоғары есептеуіш машина. Суперкомпьютер трил­лиондаған, кейде квадрил­лион­даған (15 нөлден тұратын сан) есептеу операцияларын бір мезетте орындай алады. Сондықтан оның мүмкіндігіне сұраныс экономика­ның барлық секторынан табылады.

Одан ақпараттық техно­логия­лар, қаржылық қызметтер, денсау­лық сақтау, энергетика, өндіріс және өзгесі айтарлықтай пайда көре алады. Оның қуаттылығын отандық және шетелдік ғылыми зерт­теу институттары мен орталық­тары қажетке жарата алады. Бұдан басқа, суперкомпьютерді іске қосу Қазақстанның көршілес елдер үшін есептеу қуаттарын жалға беріп те табыс табуына жол ашпақ. 

Қандай жобалардың жүгін арқалайды?

Бүгінде AI платформасының архитектурасын құру, оның құрамдас бөліктерін әзірлеу, «су­пер­миды» сынақтан өткізу және құжаттамасын дайындау жұмыс­тары жүргізіліп жатыр. 

«ҰАТ» АҚ мемлекетке, биз­неске, ғылымға, білімге жасанды интеллект негізіндегі инновация­лық шешімдерді әзірлеп енгізу үшін суперкомпьютерді ұсынады. Бұл Президент тапсырғандай, барлық процесті автоматтандыруға, мемлекеттік, коммерциялық қыз­мет­тердің сапасы мен қолжетім­ділігін арттыруға ықпал етеді. ЖИ министрлігінің сендіруінше, суперкомпьютер жасанды зерде өнімдерін жасауда ғылыми, академиялық және коммерциялық пайдалану үшін қолжетімді болады. AI үлгілерін әзірлеуге қызмет етеді және осы саладағы есептеу ресурс­тарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға тиіс.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 9 шілдеде Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орта­лығына барып, оны  іске қосу рәсі­міне қатысты. Бұл «суперми» NVIDIA H200 графикалық процес­сорлары базасында жасалған. ЖИ министр­лігінің дерегінше, жаңа супер­компьютер кластері FP8 форма­тында есептеу әдістемесі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікті қамтамасыз ете алады. Есептеу қуа­ты жағынан Орталық Азия өңірін­дегі ең үздігі көрінеді.

– Біз жақында Орталық Азия­дағы ең ірі суперкомпьютер клас­терін іске қостық. Енді оны іс жү­зінде кәдеге жаратуымыз қажет. Бірақ мәз болып, босаңсуға бол­май­ды. Тиісті жұмыс әлі алда. Есептеу ресурстары баршаға бірдей қолжетімді болуы керек. Супер­компьютердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет. Үкіметке суперкомпьютердің қуатын әділ бөлу ережесін әзірлеуді тапсы­рамын. Келешегі зор стартаптар мен ұлттық маңызы бар жобаларға басымдық беру керек. Шашыраңқы мемлекеттік ақпарат жүйелерін ретке келтіру жұмыстарын күшейту қажет, – деді Қ.Тоқаев ЖИ-ді да­мыту мәселелері жөнінде кеңесте.

Суперкомпьютер бірінші кезек­те келесі жылы «eGov» элек­тронды Үкіметін алмастыратын «QazTech» платформасында мем­лекеттік қызметтер көрсетуге, үлкен деректерді сақтап, өңдеуге пайдаланылмақ. Аталған кеңесте Президент бүкіл мемлекеттік және квазимемлекеттік цифрлық эко­жүйені осы жаңа біртұтас плат­формаға көшіруді тапсырды. 

Сондай-ақ биыл «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысы «Alem.ai»-ды ЖИ-ді барынша тиімді әрі этикалық нормаларға сай қолда­натын жаһандық орталыққа айнал­дыруды жүктеді. Оның жүгі де суперкомпьютерге артылуы мүм­кін. 

Ұлттық суперкомпьютер орта­лығы аясында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп сала­ларын­дағы отандық IT шешімдер жүзеге асырылады. Атап айтқанда, «суперкомпта» алдымен, Астана­ның «цифрлық сыңары» жасалады. Елордаға қатысты өзгерістерді, қала салу, сәулет, экономика, эко­логия, әлеумет мәселелерінің ше­шімі сол арқылы ізделеді, жаңа шешімдер сонда сыналады.

SmartCity Astana жобасы инно­вациялық технологияларды енгізу арқылы қаладағы өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. 100 мыңнан аса бейнебақылау камерасын ЖИ басқарады. Мысалы, көшеде көлік соқтығысса, кептеліс туындаса, екі адам жанжалдасса, тіпті әлдекім көшеде түкірсе, шылым тұқылын тастаса, оның бәрін ЖИ қалт жібермейді, құзырлы органдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

AlemLLM жобасы – дәлдігі жоғары қазақ тілінің үлкен тіл моделі. Жергілікті қолданысқа бе­йім­делген. Модель балама шешім­дердің арасында үздік көрсеткіш­терге ие және түрлі салада кеңінен қолданысқа арналған. Baspana Hub – азаматтардың тұрғын үйге сұра­ныс­тарын онлайн түрде шешуге арналған цифрлық экожүйе. Жүйе арқылы маркетплейстен үй іздеп, сатып алуға, жылжымайтын мүлік­ке қатысты мемлекеттік қызмет­терді алуға, жөндеу жұмыстарының немесе құрылыс материалдарының онлайн-сметасына тапсырыс беруге болады. 

AI-Терапевт – дауыс арқылы енгізілген ақпарат негізінде медициналық құжаттаманы авто­матты түрде әзірлейтін ЖИ жүйесі. Аталған жоба сырқаттың анамнезін қалыптастырып, ықтимал диаг­нозды алдын ала анықтай алады. Сондай-ақ тиісті кли­никалық ұсынымдары бар медициналық есепті автоматты түрде құрас­тырады. Суперкомпьютердегі осы және басқа жобалар денсаулық сақтауды жақсартуға тиіс.

Президент биылғы Жолдауында Қазақстанды цифрлық мемлекет ретінде қайта құру міндетін қойды. Қ.Тоқаев бұл бастамасын «Қазақ­стан­ның келешегін айқындайтын стратегиялық таңдау» деп атады. Осы мақсатта алдағы 3 жылдың ішінде Қазақстан мемлекетін цифрлық басқару форматына толық өту міндеті қойылды. Тұр­мыстың барлық саласына жасанды интеллект енгізіледі. Бұл мемле­кеттің азаматтармен және бизнес­пен өзара қарым-қатынасын түбе­гейлі өзгертеді. Мұнда да су­­­­пер­­­компьютердің қуаты қажет бо­лары даусыз. 

Айхан ШӘРІП

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 07:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see115

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see115

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see115

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see114

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see114

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see113

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see113

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see113

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see111

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see110

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see110

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see109

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see109

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see109

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see109

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see108

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see108

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see108

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары