Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

Тәуелсіздікке бастар жол

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

новости на сайте Ак Жайык

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

“Тамағы жыбырлап, көзі қызарады“ жағымсыз иіс дерегі бойынша тексеру нәтижелері Алматы әкіміне берілді

“Тамағы жыбырлап, көзі қызарады“ жағымсыз иіс дерегі бойынша тексеру нәтижелері Алматы әкіміне берілді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы тұрғындары қала орталығына жақын жерде орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылысынан шығатын өткір химиялық иіске бірнеше айдан бері шағымданып келеді. Олардың айтуынша, бұл иіс тыныс алудың қиындауына, тамақтың ауруына және лоқсуға әкеп соғады. Шағымдардан кейін мамандар ауаның құрамын тексерді. Олардың не анықтағаны туралы – Tengrinews.kz материалында.

Бәрі неден басталды?

Біз бұған дейін Мұқанов көшесі, 235-үй маңындағы тұрғындардың шағымы туралы жазған болатынбыз. Алматылықтар химиялық иіс тіпті жабық пәтерлердің ішіне де кіріп кететінін айтқан еді. Тұрғындардың сөзінше, адамдардың тамағы жыбырлап, көзі қызарып, басы ауырады. Олар бұл жағымсыз иісті жақын маңдағы құрылыспен байланыстырады.

Сол кезде Алмалы ауданының әкімдігі құрылысшылардың гидрооқшаулау жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлаған. Сонымен қатар баспасөз қызметі санитарлық нормалар бұзылмағанын және жұмыстарды 20 қазанға дейін аяқтау жоспарланғанын мәлімдеген болатын.

"Көшеге шығу мүмкін емес": тұрғындар тағы да шағымданды

Біздің жарияланымымыздан кейін Tengrinews.kz редакциясына ауданның өзге де тұрғындары хабарласты. Олардың бірі құрылыс нысанынан шамамен 200 метр жерде орналасқан "Театральный" ТҮК-де тұрады.

Ер адамның айтуынша, химиялық иіс осыдан екі ай бұрын пайда болған. Ол иістің бірнеше кварталға жайылып жатқанын жеткізді.

"Бұл ауданда көшеге шығу мүмкін болмай қалды. Нысаннан шыққан иіс тұрғын үйлерге дейін жетеді. Адамдар тұншығып жатыр. Өзім де ауырып қалдым, бірақ үйде кішкентай бала болғандықтан, жедел жәрдем шақырмай, шыдап бақтым. Қазір өз бетімше емделіп жатырмын. Менде барлық белгі бар: құсу, жүрек айну, қан қысымының көтерілуі және көздің қызаруы", - деді тұрғын.

Сондай-ақ қала тұрғындары 112 нөміріне хабарласып, мамандардың келуіне қол жеткізгенін айтты. 14 қазанда Ұлттық сараптама орталығы мен Алмалы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ауадан сынама алды.

Аудан тұрғындарының бірі редакцияға 15 қазандағы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Мамандар ауаны екі жерде тексерген: Мұқанов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы құрылыс алаңының жанында және тұрғындардың бірінің пәтерінде.

Ұсынылған деректерге сәйкес, зертхана құрылыс алаңының маңында бірден жеті зат бойынша рұқсат етілген нормадан асып кеткенін анықтаған:

Фенол – норма 0,01 мг/м³ болса, іс жүзінде 22,26 мг/м³ болған. Нормадан 2200 еседен аса артық. Стирол – норма 0,04 мг/м³ болса, іс жүзінде 24,65 мг/м³ болған. Нормадан 600 еседен аса артық. Ксилол – норма 0,2 мг/м³ болса, іс жүзінде 28,41 мг/м³ болған. Нормадан 140 еседен аса артық. Бензол – норма 0,3 мг/м³ болса, іс жүзінде 16,49 мг/м³ болған. Нормадан шамамен 55 есе артық. Толуол – норма 0,6 мг/м³ болса, іс жүзінде 11,55 мг/м³ болған. Нормадан 19 еседен аса артық. Ацетон – норма 0,35 мг/м³ болса, іс жүзінде 3,30 мг/м³ болған. Нормадан 9 еседен аса артық. Уайт-спирит – норма 1,0 мг/м³ болса, іс жүзінде 3,14 мг/м³ болған. Нормадан 3 еседен аса артық.

2026 жылғы 15 қазандағы ауаны зертханалық зерттеу хаттамасының үзінділері / Фотоны жергілікті тұрғын ұсынды.

Мұқанов көшесі, 235-үйдегі пәтерлердің бірінің ішінен де нормадан ауытқушылықтар табылды. Фенол концентрациясы нормадағы 0,003 мг/м³ орнына 0,00714 мг/м³-ге жеткен – бұл рұқсат етілген деңгейден 2,3 еседен аса жоғары. Уайт-спирит те нормадан асып түсті: 1,0 мг/м³ орнына 1,12 мг/м³.

Фотоны жергілікті тұрғын ұсынды

Тұрғынның айтуынша, мамандар сынаманы құрылысшылар жұмысын аяқтаған кезде, түнделетіп алған. Зерттеулер рұқсат етілген нормалардан асып кеткенін көрсеткен соң, тұрғындар құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етті.

СЭҚ өкілдері не дейді?

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазан айында Алмалы ауданы тұрғындарынан химиялық иіске қатысты 10-ға жуық шағым түскенін растады.

Ведомствоның нақтылауынша, аталған мекенжайда құрылысы созылып кеткен нысан орналасқан, онда жұмысшылар шатыр мен жерасты паркингін гидрооқшаулау жұмыстарын жүргізген.

Фотоны жергілікті тұрғын ұсынды

14 қазанда мамандар Ұлттық сараптама орталығының зертханасымен бірлесіп ауадан сынама алды. Нәтижелер тұрғындардың шағымын растады: үйлердің маңындағы аумақта бірден жеті зат бойынша нормадан асып кеткен.

"Нәтижелер бойынша елді мекен аумағында (уайт-спирит, бензол, ксилол, толуол, стирол, ацетон және фенол бойынша) және тұрғынның пәтерінде (стирол, фенол, уайт-спирит бойынша) ластаушы заттардың гигиеналық нормативтерден асып кеткені анықталды", – деп хабарлады департамент.

Сонымен қатар департамент концентрациялардың рұқсат етілген көрсеткіштерден неше есе жоғары болғанын нақтыламады.

Бұл денсаулыққа қауіпті ме?

Біз мамандардан мұндай ауаның ересектер мен балалар үшін қаншалықты қауіпті екенін сұрадық.

"Химиялық иістің ересектер мен балалардың денсаулығына тигізетін әсеріне қатысты тәуекелдерді бағалау жүргізілген жоқ. Химиялық иістің ұзақ уақыт әсер етуі халықтың денсаулығына әсер етуі мүмкін деп пайымдаймыз. Халықты уақытша көшіру мәселесі қойылған жоқ", – деп хабарлады ведомство.

Фотоны жергілікті тұрғын ұсынды

Құрылыс нысаны неге тексерілмеді?

Ауадағы норманың асып кеткеніне қарамастан, СЭС мамандары құрылыс нысанының өзін тексерген жоқ. Департаменттегілер заң бойынша құрылыс алаңдары санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бақылайтын нысандар тізбесіне кірмейтінін түсіндірді.

Сонымен қатар департамент тексеру нәтижелері туралы Алмалы ауданының әкіміне хабарланғанын нақтылады.

Tengrinews.kz редакциясы анықталған нормадан асу жағдайларынан кейін билік құрылыс жұмыстарын тоқтата тұруды жоспарлап отыр ма деген сауалмен әкімдікке жүгінді. Алайда материал жарияланған сәтте жауап келген жоқ.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see144

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see138

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see136

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see135

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see134

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see133

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see127

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see126

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

21 Қазан 2026 15:58see123

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

21 Қазан 2026 16:12see122

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see122

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see121

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

21 Қазан 2026 14:36see120

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see119

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see119

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see117

новости на сайте Ак Жайык

21 Қазан 2026 13:58see116

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see112

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see111

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары