Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Тарихи фотошежіре тарланы

Тарихи фотошежіре тарланы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Өзінің айтуынша, фотоөнерге деген қызы­ғушылығы бала кезінен басталыпты. Мектепте оқып жүрген кезінде ауылға бір фотограф келіпті. Ауыл адамдарын фотоға түсіріп, кейін сол суреттерді өздеріне сатыпты. Сол кезде бала Шүкірдің ойына «Мұны мен де істей аламын ғой» деген ой сап ете қалады. Сөйтіп, «Смена» фотоаппаратына қол жеткізеді. Сурет шығаратын басқа да құрал-саймандарды түген­дейді. Сосын ауыл-ауылды аралап, адамдарды суретке түсіре бастайды. Айналдырған аз уақытта ақшаға қарық болады. Осылайша, 8-сыныпта оқып жүргенде 1 200 рубльге су жаңа «Ява» мотоциклін сатып алады. Бұл оның фотографиядан тапқан алғашқы үлкен табысы еді.

ҚазМУ-ға үш рет тапсырып, үшеуінде де жолы болмайды. Сосын Алматыдағы Жеңіл өнеркәсіп техникумының фототехника мамандығында білім алады. Оны бітірген соң, алдымен Мақтаарал аудандық газетінің, кейін республикалық «Халық кеңесі» газетінің фототілшісі атанады. Одан соң «Социалистік Қазақстан», қазіргі «Егемен Қазақ­стан» газетіне орналасады.

«Көпен Әмірбек ағам «СҚ»-ның сатира бөлімінде істейтін. Сол кісінің дәнекер болуымен «Социалистік Қазақстан» газетіне ауыстым. Жұмысқа қабылдар алдында Шерағаң: «Қасқырды аяғы асырайды, фототілшіні де аяғы асырайды. Жұмысқа қабылдандың», деді. Бұл 1991 жылғы 4 желтоқсан болатын.

Шүкір осы басылымда аттай алты жыл қызмет етті. Таба­нынан тозды, қатарынан озды. «Жиырма үш жасымда «Егемен Қазақстанға» жұмысқа тұр­ғаным, Шерхан Мұртаза бастаған ағалармен бірге жұмыс істегенім – Құдайдың берген бағы. Заманның қиын кезінде сол ағаларымның жақсылығын көрдім», дейді фотожурналист. Ол «Егемен Қазақстанда» жүріп бүгінде бақиға аттанып кеткен қазақтың талай тарланының бейнесін таспаға түсірді. Шүкір Шахайдың түсіріп үлгере алмай қалған адамы Шәмші Қалдаяқов екен.

«Бірде Шерхан Мұртаза журналист Аян Нысаналинге: «Шәмші ауруханада жатыр екен. Барып сұхбаттасып қайтыңдар. Шүкір суретке түсірсін», деп тапсырма беріпті. Аян ағаның қолы тимеді ме, әлде уақытымыз болмады ма, сол күйі бара алмадық. Кейін Шәмші қайтыс болып кетті. Шәмшіні алғаш және соңғы рет табытта жатқан кезде көрдім. Табытта жатқанын суретке түсірдім. Бір өкінішім осы» дейді фотожурналист күрсініп.

Ол уақытта фототілшілердің тақы­рыбы, бағыты болатын. Мысалы, Сайлау Пер­небаев көбіне ақын-жазушыларды, Нұр­­ғожа Жұбанов қыз-келін­шектерді, Зейнел Үйсінбаев балаларды түсіретін. Шүкір Шахай да өз тақырыбын тапты. Ол көп­шілікке репортаж, портреттер түсіру­мен танылды. Сонымен қатар тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарындағы көптеген ма­ңызды сәтті суретке түсіріп, тарихи фотошежіренің тарланына айналды.

Фотожурналистке суретті түсіру ғана емес, оны уақыт тезінен аман алып қалып, келер ұрпаққа жеткізу – маңызды міндет. Кейде бір ғана кадр бүтін бір дәуірдің куәсіне айналады. Ал сол кадр­ларды жоғалтпай, жүйелеп сақтай білу – үлкен жұмыс. Шүкір Шахайдың шығар­машылық болмысын айқын­дайтын ерекшеліктің бірі де осы. Ол бүкіл суретін цифрландырып, сақтап қойған. Бұл – фототілшілердің көбінде кездесе бермейтін ерекше қасиет. Өзінің айтуынша, бұл қасиетті ол Сайлау Пернебаевтан үйреніпті. «Арамыздағы суреттеріне өте тиянақты қарайтын фототілші Сайлау Пернебаев еді. Ол сурет­терін жеке конвертке салып, сыртына атауын жазып қоятын. Осы ізбен сегіз жыл бойы суреттерімді цифрладым. Тіпті сол жолда үш сканерді істен шығардым. Күн са­йын жұмыстан кейін 2 сағат уақытымды жұмсап, барлық суретімнің электронды нұқсасын жасадым. Біразы фотоальбом болып жарыққа шықты», дейді ол.

Рас, Шүкір Шахай шығарған фотоальбом жетерлік. Ел тарихының шежіресі іспетті «Қазақстан», «Түркістан», «Тә­уелсіздік: қас қағым сәт», «Ас­тана: қас қағым сәт», одан бөлек «Қаһарман Қасым», «Роза Рым­баева» секілді тұлғаларға арналған фотоальбомдары бар. Фототілші бізге «Қаһарман Қасым» фотоальбомының шығу тарихын ерекше тебіреніспен жеткізді.

«Бір күні «Мәдениет және тұрмыс» журналының басшылары Қасым Қайсеновтің суретін түсіріп беруімді сұрады. Қасым ағаның үйіне барып, суретке түсірдім. Сол суреттер ағаның өзіне ұнап, мені жақын тарта бастады. Кездесулері бола қалса, мені шақыратын. Екінші ұлым Ерланның тілі енді шығып келе жатқан кезі еді. Сөзін «Баяғыда...» деп бастайтын, таза қазақша сөйлейтін. Қасым аға соның сөйлегенін қызық көретін. Бірде хабарласып: «Ерланды сағындым, үйіңе барсам қайтеді?» деді. Ол кезде Таугүлдегі жатақханада тұратынмын. Үйдің алдына келгенде: «Сен жатақханада тұрасың ба?» деп сұрады. «Иә, бес-алты жылдан бері осында тұрамын», дедім. «Осы уақытқа дейін маған неге айтпайсың?» деп ұрысты. Үйге кіріп, бірге шай іштік. Ерланмен біраз «әңгімелесті». Сосын ақсақалды үйіне апарып тастадым. Сол кезде қолыма жеке бланкісіне жазылған хат ұстатты да: «Мынаны қала әкіміне апарып бер», деді. Әкімдікке бір-екі рет барып едім, кіргізбеді. Бір күні Қасым аға хабарласып: «Әй, Шүкір, хатты не істедің?» деді. Мен ол хат жайында ұмытып кеткем. Әкімге кіре алмағанымды айттым. «Қазір үйге кел», деді. Сөйтіп, мені ертіп алып әкімге апарды. Үш күннен кейін төрт бөлмелі үй алдым. Қасым ағаның осы жақсылығын өмір бойы ұмытпаймын», деп батырды есіне алды. Қасым батырдың суреттерін жинақтап, фотоальбомын дайындапты. Альбомды «Атамұра» баспасынан Мұхтар
Құл-Мұхаммед шығарып беріпті.

Суреттерді түсірген – Шүкір ШАХАЙ

Шүкір Шахай – портреттік фотоның шебері. Ол мемлекет және қоғам қайрат­керлерінің, зиялы қауым өкілдерінің, өнер мен мәдениет тарландарының бейнелерін тарихта қалдырды. Өзбекәлі Жәнібековтің басына тақия киіп, қолына кесеқап ұстап түскен атақты суреті бар. Осы суретті Шүкір Шахай түсірген.

Осы суреттің қалай түсіріл­генін сұрадық. «Парламентте сурет түсіріп жүргем», деді фототілші. Өзбекәлі аға: «Әй, бала, кешке үйге келіп кетші», деді. Айтқан уақытында бардым. Өзіне арнап тіктірген шапандары, тақиялары, басқа да ұлттық киімдері бар екен. Соларды киіп, суретке түсті. Екі сағаттай фотосессия жаса­дық. Бір қарасам, қабырғада кесеқап ілініп тұр екен. Соны қолына ұстаттым да, соған қара­тып түсірдім. Ең көп тараған суреттердің бірі осы болды», деп есіне алды.

Шүкір Шахай 2002 жылы Үкімет басшысының жеке фотографы болып жұмысқа қабылданған. «Содан бері тоғыз Үкімет басшысы ауысты. 24 жылдан бері осы жерде қызмет етіп келемін» деп, қазіргі жұмысына да тоқтала кетті.

Фотосурет те адам секілді, оның да жасырған сыры болады. Сурет арқылы біреулер табысып жатады. Сондай сәттер Шүкір Шахайдың өмірінде де кездесіпті. Түркістан облысындағы Ленгір ауданында болған. Фототілші осы аудандағы бір шаруашылықты суретке түсіруге барады. Шаруа­шылық басшысын да суретке тартады. Кейін суреттер репортаж болып газетке жарияланады. Сол суреттің арқасында Мажарстандағы бір кісі отыз жыл бұрын жоғалтып алған бауырын тауыпты. Осыған ұқсас тағы бір оқиға қазіргі Алматы облысының Қапал ауданында болыпты. «Үйгентас жайлауында Қабанбай батырдың 300 жылдығы тойланды. Тойға арғы беттен қандастар да келді. Олар ұлттық киімде екен. Қолдарына газет ұстатып, суретке түсірдім. Сол сурет баспасөз науқаны қарсаңында газетте жария­ланды. Осы сурет арқылы бұрын екі жаққа ажырап кеткен туыстар бір-бірін тауыпты», дейді фотожурналист.

Сұхбатымыздың соңын­да өзін қандай мәселе алаңда­татынын сұрадық. Соның бірі – фотолардың ұрлануы. Ол суреттерінің бәрін заңдастырған. «Өзім түсірген суреттерді көп жерден көремін. Қаламақысын төлемесе де, ең болмаса жанына аты-жөніңді жазбайтынына таңғаламын. Ешкіммен дау­ласып, соттасқым келмейді. Алайда бұлай істеу дұрыс емес. Бізде фотосуреттерге қатысты заң жоқ», деген ішкі қынжылысын да жеткізді. Сөзінен оны тағы бір мәселе алаңдататынын байқадық. «Бір-екі жыл бұрын бір фотограф Мұхтар Шахановтың қартайған кезін суретке түсірді. Әрине, фотографтың ниеті дұрыс шығар. Бірақ тұлғаларды әбден қалжыраған, қартайған шағында суретке түсірудің керегі жоқ», деді ол.

Қазір барлық адамның қо­лында смартфон бар. Содан болар, фотограф мамандығына деген көзқарас та өзгерді. Алайда фотоаппараты бар адамның бәрі фотограф емес. Ол – бар болғаны фотоаппараты бар адам. Ал фотография – өнер. Фото­граф уақытты тоқтата алмайды. Дегенмен, қас қағым сәтті қағып алып, мәңгілікке сақтап қала алады. Шүкір Шахайдың әрбір кадрынан өткен дәуірдің ізі, уақыттың тынысы айқын сезіліп тұрады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Маусым 2026 14:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары