Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Тергеу кезінде ол қалай кетіп қалды? Алматылықты ұрып соғу және қайталап аңду ісі бойынша іздестіріп жатыр

Тергеу кезінде ол қалай кетіп қалды? Алматылықты ұрып соғу және қайталап аңду ісі бойынша іздестіріп жатыр

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бұған дейін әйеліне қатысты сталкинг жасағаны үшін сотталған алматылық кәсіпкер соққыға жығу дерегі бойынша тергеу жүріп жатқанына қарамастан, Қазақстаннан шығып кеткен. Зардап шегушінің айтуынша, ол шетелде жүрсе де, қудалауын тоқтатпаған. Күдіктінің елден қалай шығып кеткенін және істің өзге де жай-жапсарын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Мән-жайы

Кәсіпкер М. Б. мен Әнел Аманғалиеваның отбасындағы жанжал 2026 жылдың ақпанында жария болды. Әйел жүйелі түрде соққыға жығылғанын, өлтіремін деп қорқытып-үркіту, интим суреттермен бопсалау нысанына айналғанын және абыройына нұқсан келтіру үшін жалған аккаунттар ашылғанын мәлімдеді.

Фотоны Әнел Аманғалиева ұсынды

25 ақпанда Қарасай аудандық соты ер адамды сталкинг жасағаны үшін 25 тәулікке қамауға алды. Алайда, зардап шегушінің айтуынша, ол бостандыққа шыққан соң елден шығып кеткен және қудалауын жалғастырған.

Алматы облысы ПД бейнежазбасынан кадр Не болған?

Әнел Аманғалиеваның сөзінше, 20 наурызда арнайы қабылдау орнынан шыққан бойда ер адам "Қордай" шекара бекеті арқылы Қазақстаннан шығып кеткен.

Бұл ретте Қылмыстық кодекстің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша екінші қылмыстық іс тергеліп жатқан.

"Соты аяқталмаған адам шекарадан қалай өтіп кетті және бұл туралы тергеушіге неге хабарланбады деген үлкен сұрақ туындайды. Ол елден шыққан бойда бәрі қайта басталды: күн сайынғы хабарламалар, "сен ең кереметсіңнен" бастап балағаттауға дейін құбылған хаттар. Мені өз меншігі санап отыр. Ол Қазақстанға оралмайтынын, себебі "мені ұрғаны үшін үш жыл отырғысы келмейтінін" айтады", – деді Әнел.

Қыздың айтуынша, іс жария болғаннан кейін ер адам бопсалау, жала жабу және іскерлік беделіне нұқсан келтіру туралы қарсы арыздар түсіре бастаған. Әнел оны бұғаттап тастағанына қарамастан, жалған парақшалар арқылы балағат сөздер жазуды жалғастырып жатқанын айтты.

"Оның кетіп қалғанын білгенде, менен алыста болады деп тіпті қуанған едім. Ол хабарласып, кешірім сұрағанда, бәрін түсінген шығар, енді мазамды алмас деп ойладым. Осының бәрі бітуі үшін тіпті медиацияға да келісуге дайын болдым. Бірақ ол қудалауын жалғастырды. Енді менде жаңа іс үшін дәлелдер бар. Не істерімді білмей, абдырап отырмын. Оның елге қайтарылып, жазасын осында өтегенін қалаймын. Оның психикасы тұрақсыз екенін түсінемін, жағдайы нашарлаған сайын өш алуы да күшейе түсуі мүмкін", – деп ағынан жарылды ол.

Қазір зардап шегушінің адвокаттары жалғасып жатқан сталкинг дерегі бойынша жаңа қылмыстық іс қозғау үшін материалдар жинап жатыр.

2026 жылдың ақпанындағы скриншот / Фотоны Әнел Аманғалиева ұсынды Полиция не дейді?

Алматы облысының Полиция департаменті берген жауапта Tengrinews.kz кәсіпкердің үстінен екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады:

107-бап бойынша – "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" (полиция бұл жағдайдың 2025 жылы Қазақстан аумағынан тыс жерде болғанын нақтылады); 115-1-бап бойынша – "Сталкинг" (аңду).

Сондай-ақ полиция күдіктінің тағы да елден кетіп қалғанын және оған ресми түрде іздеу жарияланғанын жеткізді. Алматы облысының полициясы шетелдік әріптестерімен бірлесіп, оны ұстау бойынша жұмысты бастап кеткен.

"Жәбірленушінің қайта берген арызы бойынша сталкинг дерегіне қатысты тағы да қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның ел аумағынан қайта шығып кеткені анықталды. Осыған байланысты оның жүрген жерін анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларының кешені, соның ішінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Анықтама: Полиция қыз алғаш рет арызданған кезде де күдіктінің шетелде болғанын, сондықтан оның жүріс-тұрысы бақылауға алынғанын нақтылады. Қазақстан аумағына келгеннен кейін ол ұсталып, 25 тәулікке қамауға алынған.

Қазақстанда сталкинг үшін қалай жазалайды?

Адвокат Абзал Қасымжанов сталкерді жауапқа тарту үшін үш элементті дәлелдеу қажет екенін түсіндіреді:

жүйелілік: қудалаушының қайталанатын әрекеттері, байланыс орнатуды қаламау: жәбірленушінің нақты білдірген қарсылығы, айтарлықтай зиян: зардап шегуші тараптың қорқыныш пен үрей жағдайында болуы.

"2025 жылы Қазақстанда заң деңгейінде сталкинг ресми түрде қылмыстық құқық бұзушылық деп танылды. Бұл ұғым адамның еркіне қарсы, онымен байланыс орнатуға немесе соңынан аңдуға бағытталған, күш көрсетпестен айтарлықтай зиян келтірген заңсыз қудалауды білдіреді", – деді сарапшы.

Қандай дәлелдемелер жинау керек?

Нотариалды куәландырылған хат-хабарлардың скриншоттары, қоңыраулар мен дауыстық хабарламалардың жазбалары, бейнебақылау камераларының таспалары және куәгерлердің айғақтары дәлелдемелік база бола алады.

"Егер кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылғаннан кейін де ізіне түсуін тоқтатпаса, жәбірленуші құқық қорғау органдарына қайта жүгінуі қажет. Мұндай жағдайларда соттар бұл әрекетке сыни тұрғыдан қарап, кінәлі тұлғаға қатысты қатаң жаза қолдануы тиіс", – деп түсіндіреді адвокат.

Заңдағы олқылықтар: сарапшы пікірі

Сталкинг туралы жеке баптың бар болғанына қарамастан, сарапшы онда сериялы қуғындаушыларға қарсы іс-қимыл механизмінің жоқтығын айтады. Адвокат қолданыстағы Қылмыстық кодексте қайталанған сталкинг үшін қатаңдатылған жауапкершілікті қарастыратын жеке норма жоқ екенін атап өтті.

"Заңда бірнеше мәрте жасалған сталкинг үшін бөлек ереже қарастырылмаған, бірақ соттар қайталанған жағдайларға барынша қатаң ден қоя алады. Мысалы, айыппұлдың орнына 50 тәулікке дейінгі шекті қамау мерзімін тағайындауға болады", – дейді Абзал Қасымжанов.

Дегенмен, адвокаттың пікірінше, бұл — Парламент деңгейінде шешілуі тиіс заңнамадағы олқылық.

"Егер бірнеше мәрте қамауға алу қуғындаушыны тоқтатпаса, демек, жүйені қайта қарау қажет. Бұл мәселені Парламентте көтеру керек: егер тұлға 10 рет жауапқа тартылып, бірақ әр жолы сол баяғы 50 тәулік алса, бұл қажетті нәтиже бермеуі мүмкін. Сталкер өз мінез-құлқын өзгертпей, мұндай жауапкершілік шарасына жай ғана үйреніп кетеді", – деп түйіндеді адвокат.

Анықтама: Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы "Сталкинг" санкциясы мынадай жаза түрлерін қамтиды:

200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл, не 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 12:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see122

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see122

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары