Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

АМӨЗ Экология министрлігінің бірқатар қорытындысымен келіспеді

Tesla саудасы құлдырады

Tesla саудасы құлдырады

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әйгілі Tesla компаниясы электромобиль шығару бойынша енді көшбасшы емес. Нарықта бәсеке күшейді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қытайлық конгломерат алғаш рет америкалық өндірушіні басып озды. Сөйтіп танымал брендтен жұрт неліктен бас тартып жатыр? Илон Масктің ендігі қадамы қандай болмақ? 

Tesla компаниясы нарықтағы бәсекеге төтеп бере алмады. Былтыр алпауыт компанияға тиесілі көліктердің саудасы 9%-ға азайды. Әлем бойынша 1 млн 640 мың темір тұлпар сатқан. Әсіресе Еуропадағы сауда құлдырады. Жалпы кәрі құрлықта аккумулятормен жүретін көліктерге сұраныс айтарлықтай артқанымен, былтыр аймақта Tesla-ны тіркеу көрсеткіші 28%-ға төмендеді. Бұл Еуропалық автоөндірушілер қауымдастығының келтірген дерегі.   

Бернард Кондон, Аssociated press сарапшысы:

 - Біріншіден, Илон Маск оңшылдарды қолдады. Осы себепті АҚШ пен Еуропадағы көптеген либералды тұтынушылар оның өнімдерінен бас тартты. Бұдан бөлек Трамп әкімшілігі электромобиль сатып алуға бағытталған ірі салықтық жеңілдікті тоқтатты. Бұл 2025 жылдың төртінші тоқсанында көлік сатылымдарына кері әсер етті.

Иә, саясат көлік индустриясына да әсер етпей қоймады. Tesla компаниясының басшысы Илон Масктің Дональд Трамп және республикалық партиямен тығыз қарым-қатынасын тұтынушылар құптамады.

Биыл Маск саясатқа белсене араласып, АҚШ-тың мемлекеттік басқару тиімділігі департаментін басқарды. Онымен қоймай Еуропадағы ультраоңшыл саясаткерлерге қолдау көрсетті. Алайда бұл республикалық заң шығарушылардың Tesla үшін маңызды салықты алып тастауға дауыс беруіне кедергі келтірмеді. Өткен жылдың соңында АҚШ-та электромобиль сатып алуға арналған федералды салықтық жеңілдіктер тоқтады. Оған дейін жаңа электрокөліктер үшін 7500, ал ұсталған көліктер үшін  4000 доллар субсидия қарастырылған еді. Сондай-ақ отын үнемділігі бойынша федералдық стандарттарды орындамаған автокәсіпорындарға салынатын айыппұлдар да алынып тасталды. Ал Tesla өзге автокомпанияларға экологиялық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін регуляторлық кредиттерді сатумен айналысатын. Былтыр үшінші тоқсанда осы саладан түскен табыс жылдық есеппен 44%-ға қысқарды.   

Бернард Кондон, Аssociated press сарапшысы:

 - Tesla және оның бас директоры Илон Маск бұдан былай әлемдегі ең ірі электромобиль өндіруші мәртебесімен мақтана алмайды. Маск үшін бұл жеңіліс. Бірнеше жыл бұрын Teslaны ешкім басып оза алмайтындай көрінетін. Ол америкалық және еуропалық үлкен ресурс, тәжірибе мен капиталға ие автоөндірушілерден асып түскен еді. Алайда кейінгі жылы Илон Маск компаниясының даму қарқыны біраз бәсеңдеді.

Tesla тізгінді қытайлық компанияға берді

Сарапшылар Tesla көліктерінің моделі ескіргенін айтады. Сол себепті де талғамы биік тұтынушылардың қызығушылығы бұрынғыдай емес. 2012 жылы Tesla-ның алғашқы S моделі шығарылды. Содан бері темір тұлпарлар небәрі 4 рет жаңарған. Кейінгі шыққан Cybertruck түрі үмітті ақтамады. Ал электромобиль индустриясында көшбасшы атанған қытайлық BYD компаниясы көліктердің түр-түрін ұсыну арқылы ұтып отыр. Бағасы да әлдеқайда арзан. Айта кету керек, қытайлық конгломерат тарифтік шектеулерге байланысты АҚШ-қа көліктерін сатпайды. Бірақ өзге мемлекеттерге экспорт белсенді. Былтыр әлем бойынша 2 млн 250 мың көлік саудалады. Бір жылда көрсеткіш 28%-ға өскен. BYD-дің басты артықшылығы - қолжетімділігі, аккумуляторлар сапасы мен көліктерді құрастыру жылдамдығында.

Дэвид Бейли, Бирмингем бизнес мектебінің профессоры:

 - Қытай нарығы көліктердің арзандығымен ғана ұтып тұрған жоқ. Аккумуляторлар саласындағы инновациялар әлдеқайда дамыған. Қытайлық компаниялар еуропалық бәсекелестеріне қарағанда электромобиль аккумуляторларын шамамен 35-40%-ға арзанырақ өндіре алады. Сапасы да жақсы. Сондай-ақ нарыққа көліктің жаңа модельдерін шығаруды едәуір жеделдетті.

Нарықтағы орнын сақтап қалудың бір жолы ретінде Tesla Үндістанды айналдыруға кірісті. Алайда тұрғындар тарапынан сұраныс төмен. Импорт салығы жоғары болған соң, көліктердің құны 70 мың доллардан басталады. Бұл баға үндістандық жүргізушілердің қалтасына салмақ салып отыр.

Электромобиль нарығы кеңейіп келеді

Электромобиль нарығы кейінгі жылдары әжептәуір нығайып келеді. Өйткені сұраныс жоғары. Бірақ әзірге ауқымы жағынан дәл осы BYD мен Tesla-ға жетері жоқ. Алдағы 5-10 жылда бұларға бәсекелес болуға жарап қалатын негізгі компанияларға қытайлық Geely, Xpeng, Li Auto, еуропалық VW, BMW, Mercedes және америкалық Fordты атауға болады. Электромобиль паркі бойынша, сөзсіз, Қытай көш басында. Елде 20 млн-нан астам аккумулятормен жүретін көлік бар. Одан кейін АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания мен Норвегия тұр. Қытай әлемдік нарықтың шамамен 64%-ын қамтамасыз еткенмен, шығыстағы көршіміздің өзі көп ұзамай дағдарысқа ұшырайды - дейді сарапшылар. Өйткені көліктердің бағасы тым арзан болғандықтан, өзін-өзі дәлелдеп үлгермеген компаниялардың ғұмыры келте болмақ. Гонконг газетінің мәліметтеріне сенсек, шығынға ұшыраған 50 шақты компания биыл өндіріс көлемін едәуір азайтуға немесе ісін толығымен тоқтатуға мәжбүр.

Tesla сауда қарқынының бәсеңдеуі Илон Масктің әлемдегі ең бай адам атануына кедергі болмады. Арманы асқақ миллиардер Илон Маск бір ғана электромобильдер өндірісімен тоқтап қалмасы анық. Ол автономды, яғни, жүргізушісіз басқарылатын көліктерді қолданысқа енгізбек. Бұдан бөлек бар назары гуманоидты роботта. Сөзінше, Optimus құлтемірі Tesla құнының 80%-ын қамтамасыз ете алады. Алайда мұның барлығы, әзірге, Масктің жоспары ғана. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 12:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see130

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see122

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

08 Қазан 2026 12:03see110

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see109

АМӨЗ Экология министрлігінің бірқатар қорытындысымен келіспеді

08 Қазан 2026 13:35see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары