Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

ТМД елдері заңсыз қаржы айналымына қарсы халықаралық орталық құрды

ТМД елдері заңсыз қаржы айналымына қарсы халықаралық орталық құрды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жоғарғы палата Мәжіліс қабылдаған «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов бұл келісімге ТМД мемлекет басшылары 2023 жылдың қазан айында Бішкек қаласында қол қойғанын атап өтті. Аталған орталық ТМД елдерінің ұлттық экономикалары мен қаржы жүйелерін, қылмыстық кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру қатерлерінен қорғауға бағытталған және сын-қатерлерді бағалаумен айналысады.

– Бұл Халықаралық орталық қорғалған ақпараттық жүйе ретінде жұмыс істеп, ТМД елдерінің қаржылық барлау бөлімшелері арасында тиімді мемлекетаралық өзара іс-қимылды, ортақ ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды және тәуекелдердің ұлттықтан жоғары деңгейде бағалануын қамтамасыз етеді. Оған қоса, қаражаттың транзиттік қозғалысын, активтердің түпкілікті орналастырылуын, сондай-ақ салықтық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлық бойынша мәліметтер алмасуды қоса алғанда, трансшекаралық қылмыстық топтардың қызметін талдайды, – деді С.Мәкежанов Сенат отырысындағы баяндамасында.

Халықаралық орталық ұлттық және халықаралық деңгейде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландырумен байланысты тәуекелдерді бағалайды. ТМД елдері арасындағы жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруды алдын алу, онымен күресу үшін халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды алдын ала әзірлеп, енгізеді.

Орталық қаржы мониторингі және тәуекелдерді бағалау саласындағы мамандарды оқытады, олардың біліктілігін арттырады және қаржы институттары, құқық қорғау органдары және басқа да мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

– Бүгінде дүние жүзінде жасанды интелекттің ерекше дамуына байланысты бұл халықаралық орталықтың құрылуы өте маңызды. Себебі орталық қаржылық ақпаратты жан-жақты зерделейтін заманауи ақпараттық-талдау жүйесі ретінде ұйымдастырылған. ТМД Атқарушы комитетінің хабарлауынша, орталықтың талдау жүргізуге арналған тиісті технологиялық платформасы қазірдің өзінде жоба ретінде іске қосылып, өз жұмысының тиімділігін іс жүзінде көрсетіп тұр, – деді Сенат депутаты.

Келісімді Армения, Беларусь, Қырғыстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері өз парламенттері арқылы ратификациялаған.

Бұған дейін Сенат депутаттары Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 12:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары