Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандағы көлік апатының 30 пайызы жол сапасының төмендігінен болады Нартай Сәрсенғалиев

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

Қазақстанда 14 қазанда қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді деп болжанады

Семейде халық қала әкімін таңдады

Жамбыл облысында 58 жастағы ер адам ұлымен бірге есірткі сатқан

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

Ақсу қаласында 291 млн теңгені қолды қылғандар 7 жылға сотталды

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

Алматыда есірткі бизнесіне қатысы бар 6 мыңнан астам банк картасы бұғатталды

Баянауылға саяхат: Қазақстандағы шынайы демалыс қандай?

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

Ресей соғыста химиялық қаруды қалай қолдануда

Айдын Рахымбаев Forbes Kazakhstan тізімінде ең бай 10 қазақстандықтың қатарында

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

Халық үніне құлақ асу басты міндет

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Торғай өңірінің әлеуметтік экономикалық даму жоспары әзірленіп жатыр

Торғай өңірінің әлеуметтік экономикалық даму жоспары әзірленіп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Оған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Батталов, мемлекеттік органдардың вице-министрлері, бизнес-қоғамдастық өкілдері және тағы басқалары қатысты.

Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының Жолдауда Торғай өңірін дамытуға басымдық беру қажеттігін ерекше атап өткенін еске салды.

Вице-премьер айтқандай, бұл мәселе орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты болғандықтан, үнемі Үкіметтің назарында. Өңірдің тарихи, стратегиялық және әлеуметтік-демографиялық маңыздылығын ескере отырып, даму жоспарын дайындау жұмысы басталды.

Талқылау барысында Торғай өңірінің келешегіне арналған ұсыныстар мен жобалар айтылды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қолайлы географиялық жағдай облысты Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік буынға айналдыратынын атап өтті. «Орталық-Батыс» автожолын салу және Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру сияқты инфрақұрылымдық бастамаларды жүзеге асыру инвестиция мен бизнеске жаңа мүмкіндік береді. Оның айтуынша, экономикалық жоспарда 400-ге жуық жұмыс орны ашылатын 62 млрд теңгеден аса соманың 11 инвестициялық жобасы қарастырылған. АӨК дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге, қайта өңдейтін 15 сою пунктін салуға басты назар аударылады. Осы мақсаттарға арнап, жылдық 2,5%-бен (СҚО тәжірибесі бойынша) 5,6 млрд теңге қарастырылған, көмірсутек өндіру мен қатты пайдалы қазбаны барлау жобасы жасалды.

Бизнес өкілдері де өз бастамаларын ұсынды. «Arkalyq Qus» ЖШС басшысы Максим Божко 2008 жылы құрылған кәсіпорын бүгінде 140 млн-ға жуық жұмыртқа өндіретінін хабарлады. Компания зауыт қуатын екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Құрылыс 2026 жылғы көктемде басталады. Сондай-ақ құрама жем зауыты мен органикалық тыңайтқыш өндіру зауытын салу жобасы жүзеге асырылуда. «Ұрпақ Агро» ЖШС құрылтайшысы компанияның етті мал шаруашылығы мен қайта өңдеуді одан әрі дамыту үшін 10 мың басқа дейін ұсақ мал сатып алу ниеті туралы хабарлады. «Zengi Group» ЖШС бас директоры Жәнібек Кенжебаев «Консорциум 20+1» жобасын ұсынды. Оған 12 инвестор тартылған. Бұл – 20 шағын фермасы мен басқарушы компаниясы бар, етті мал шаруашылығын орнықты дамытудың пилоттық моделі. Жәнібек Кенжебаевтың айтуынша, компания жобаны жүзеге асыруға шамамен 1,1 млрд теңге инвестиция салуға дайын. Бұл ретте қосымша қаржыландыру көзі пысықталуда. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша, жобаны қолдау мәселесін Ұлттық экономика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қарайды.

Фото: Үкімет

Сондай-ақ жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де талқыланды. Атап айтқанда, Астана – Ырғыз тас жолында жанармай құю стансаларын салу туралы. Қазіргі уақытта бұл учаскеде екі станса жұмыс істегенмен, жолдың ұзақтығын ескерсек, Егіндікөл мен Торғай аудандарында қосымша кешен салу қажет.

Осы бағытта жұмыс істеп жатқан «PetroRetail» компаниясы желіні дамыту және көбейту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Жанармай құю стансалары желісін көбейтумен қатар, компания Keruen Inn брендімен жол бойындағы қызмет көрсетуді де дамытуда. Мұндай алғашқы қонақ үй Жамбыл облысының Мерке ауданында ашылғаны белгілі. Осындай нысанды Торғай өңірінде де салу ұсынылып отыр.

Жиынды қорытындылай келе, Серік Жұманғарин барлық айтылған ұсынысты ескере отырып, жоспар жобасын пысықтауды және мәдениет, туризм, халықты жұмыспен қамту салаларын дамыту шараларын қарауды тапсырды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әкімдікпен бірлесіп, Арқалық, Амангелді және Жангелді ауданында жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүргізуі тиіс. Бұл инвестиция тарту және бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндік.

– Негізгі жобаларды анықтау, қаржыландыру үшін арнайы шарт жасау маңызды. Ұлттық экономика министрлігі өңірдің орнықты және кешенді дамуының драйвері болатын “Өрлеу-Торғай” жеке бағдарламасын бекітеді, - деп атап өтті вице-премьер.

Бұған дейін Қазақстан ЕЭК пен Үкіметаралық комиссия алаңында Қазақстан-Ресей шекарасындағы кептеліс мәселесін көтергенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2025 22:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандағы көлік апатының 30 пайызы жол сапасының төмендігінен болады Нартай Сәрсенғалиев

13 Қазан 2025 16:30see165

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

14 Қазан 2025 09:28see120

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

14 Қазан 2025 11:08see117

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

14 Қазан 2025 11:53see116

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

14 Қазан 2025 13:58see116

Қазақстанда 14 қазанда қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді деп болжанады

13 Қазан 2025 18:51see115

Семейде халық қала әкімін таңдады

13 Қазан 2025 19:47see114

Жамбыл облысында 58 жастағы ер адам ұлымен бірге есірткі сатқан

13 Қазан 2025 16:15see114

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

14 Қазан 2025 11:34see113

Ақсу қаласында 291 млн теңгені қолды қылғандар 7 жылға сотталды

13 Қазан 2025 16:37see112

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

14 Қазан 2025 12:54see111

Алматыда есірткі бизнесіне қатысы бар 6 мыңнан астам банк картасы бұғатталды

13 Қазан 2025 17:19see110

Баянауылға саяхат: Қазақстандағы шынайы демалыс қандай?

13 Қазан 2025 19:47see109

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

14 Қазан 2025 12:44see109

Ресей соғыста химиялық қаруды қалай қолдануда

13 Қазан 2025 17:32see109

Айдын Рахымбаев Forbes Kazakhstan тізімінде ең бай 10 қазақстандықтың қатарында

13 Қазан 2025 20:38see109

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

14 Қазан 2025 07:16see109

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

15 Қазан 2025 10:53see109

Халық үніне құлақ асу басты міндет

14 Қазан 2025 03:17see108

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

14 Қазан 2025 17:02see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары