Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

Лондондағы Мисс Кәусар

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Астанада адам ұрлаған шетелдік алты азамат сотталды

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

Ақтөбеліктер Қала күнін жарқын көңіл күймен әрі ерекше ықыласпен тойлады

Төрі кең, тынысы терең аудан

Төрі кең, тынысы терең аудан

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Тарбағатай ауданында кейінгі 3 жылда әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны үдей түсті. Іске асырылып жатқан жобалардың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы саласы мен кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік салада жинақталған мәселелерді шешу.

Білім сапасы бақылауда

2023-2024 жылдары ауданның Шеңгелді, Шолақорда, Тәуке ауылдарына жаңа мектептер са­лын­ып, қолданысқа берілген бол­са, биыл Сарыөлең ауылында жаңа мектептің құрылысы бастал­ып, аяқталуға жақындады. 

2025 жылы білім беру инфра­құры­лымын жетілдіру, оқу про­цесінің сапасын арттыру және бі­лім беру ұйымдарының матер­иалдық-техникалық базасын ны­ғайту бағытында бірқатар нысан­дарда жөндеу және жаңғырту жұ­мыстары жүргізілді. Ақжар ауыл­ындағы Абай атындағы орта мектебі Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтың қол­дауымен, «Қазақстан халқына» қоры арқылы Назарбаев зияткер­лік мектебі базасында 250 млн тең­ге қаражатқа толықтай жаб­дық­талды.

Нәтижесінде, оқу орындары­ның материалдық жағдайы жақ­сарып, оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы білім беру ортасы қалыптасты. Тарбағатай ауданы бойынша жалпы білім сапасы ар­тып, оқушылар облыстық, респуб­ликалық жарыстарда көптеп орын ала бастады. Мысалы, аудан оқу­шы­лары 2022-2023 оқу жылында облыстық кезеңде – 98, респуб­ликадан 10 жүлделі орын иеленсе, 2024-2025 оқу жылында облыстық кезеңде 284, республикадан 22 жүлделі орын алған.

Халық саулығы қадағаланады

2022-2024 жылдар аралығында ауданның 4 ауылында медици­налық пункттер күрделі жөндеуден өтті. Ақжар ауылындағы аудандық аурухана ғимаратының ауызсу, кәріз және жылу жүйесі толықтай жаңаланды.

Аудан орталығындағы пер­зент­хана бөлімі қажетті медици­на­лық құрал-жабдықтармен толық жабдықталып, күрделі жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде, перзентхана бөлімшесі ІІ-деңгейге өтті. Яғни, бұрын патологиясы бар әйелдер облыстық перина­талдық орталықта босанған болса, енді олар осы аудандық ауру­ха­наның перзентхана бөлімшесінде сәбиін өмірге әкеледі. Бұл аудан тұрғын­дары үшін қолайлы жағдай туғызды.

Сонымен қатар «Ауылдық ден­саулық сақтауды жаңғырту» ұлт­тық жобасы аясында 9 ауылға медициналық пункттер салынып пайдалануға берілді.

2024 жылғы іске асқан ірі жоба­­­лардың бірі – аудандық ауру­ханаға 451,0 млн теңгеге компью­терлік томография аппа­ра­ты алынды. Қазір халық игілі­гіне қыз­мет етіп тұр. 

Аудандағы ең ірі елді мекен – Тұғыл ауылындағы дәрігерлік амбу­латорияда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Ақжар ауылындағы аудан­дық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Нысан қазіргі санитарлық талап­тарға сай жаб­дықталып, медици­налық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік бер­ді. 

Қазір аудандық аурухананың емхана бөлімшесін күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. 300 млн теңгеден астам қаржыға сумен жаб­дықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелері, 275,2 млн теңгеге мәйітхана мен алаңішілік желілерге күрделі жөндеу жаса­лады.

Аталған шаралар аудан тұр­ғын­дарына көрсетілетін меди­ци­налық қызметтің сапасын арт­тыруға, аурухана мен емхана ин­фра­құрылымын жаңартуға және қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ауданда бұрын болмаған «Оң­алту орталығы» ашылды. Жоба «Қазақстан халқына» қоры­ның қол­дауымен жүзеге асыры­л­ды. Соны­мен қатар «БАЛТНЕР ІІ-Ш 200 ПА» медициналық қалдық­тарды дезинфекциялау және ұн­тақ­тау жабдығы сатып алынды. Ал­дағы уақытта Қабан­бай, Қарасу ауылда­рының дәрі­герлік амбула­ториясын жаңадан салу жоспар­лануда. 

Қос салада қарқынды өсім бар

Тарбағатай спорттағы жеңіс­терімен де дараланады. Ағайынды Ералы және Дарын Әскербектер еркін күрестен, Айбол Слямбеков гір спортынан Қазақстанның атын әлемге әйгілі етті.

2023 жылы Маңырақ ауылы­ның тумасы, меценат Бауыржан Қожахметов ауылына 300 млн тең­геге спорт кешенін салып, аза­маттықтың биік үлгісін көрсетті. 

«Ауыл – ел бесігі» бағдар­ла­масы аясында Тұғыл ауылында 2024 жылы спорттық-сауықтыру кешені салынды. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақ­жар ауылының орталық стадио­нын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Қазір Ақжар ауылында дене­шынықтыру-сауықтыру кешені­нің құрылысы жүргізілуде.

Ауданда мәдениет пен өнер саласына қолдау көрсетіліп, ел руханиятына ауқымды көңіл бө­лініп жатыр. 2022-2025 жылдары Жаңаа­уыл, Маңырақ, Жетіарал, Құйған, Жаңатілеу, Жаңаталап ауылындағы 6 мәдениет үйі жөн­делді. 

Қазір аудандағы барлық мә­дениет үйі мен клубтарға сахна шырайын ашатын заманауи музы­калық дыбыстық құрылғылар, ұлт­тық музыкалық аспаптар, үйір­мелер жұмысын жүргізуге дом­бы­ра­лар, LED экрандар сатып алын­ды. Бұл өнерді көркем әрі сапалы жеткізудің жаңа мүмкіндігі, мә­ден­иетіміздің цифрлық дәуірге қадам басқанын білдіретін үлкен жетістік болып отыр. Тарбағатай өнер шеберлеріне қолдау көр­сетіліп, ұлт аспаптар оркестрі, 3 фольклорлық ансамбль, 3-топ­тағы би ансамбльдері және театр өнерпаздары сахналық киімдер­мен қамтамасыз етілді.

Ауданда ұлттық және мемле­кеттік мерекелер өткізуге тұрғын­дарды жаппай қамту, облыстық, республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізу мақсатында жылжымалы LED экранды сахна кешені, концерттік гастрольдерге арналған «Газель» автокөлігі алын­ды. Ауданда кітапханаларға жаңа жиһаздар сатып алу, кітапхана қор­ларын толықтыру ісі де қарқынды жүріп жатыр.

Инфрақұрылым ел игіліне жарап тұр

Тарбағатайда кейінгі жылдары жол инфрақұрылымын дамытуға да аса мән беріліп келе жатыр. Жо­л жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асып, жоғары сапа­лы авто­көлік жолдарының үлесін арттыру жоспарымызда бар. 

«Ауыл – ел бесігі» бағдарла­масы аясында 2022 жылы – 10,9 ша­қырым, 2023 жылы – 33,3 ша­қырым, 2024 жылы 116,91 шақы­рым жол жөнделсе, оның 45 ша­қыр­ымының облыстық маңызы бар, ал қалған 71,91 шақырымы – аудандық маңызы бар автомо­биль жолдары. 

2025 жылы ауданда 1 млрд теңгеден астам қаржыға жалпы ұзындығы 18 шақырым болатын көше, аудандық және облыстық маңызы бар жолдар  орташа жөндеуден өтті. Биыл аудандық маңызы бар ауыл­дық округ орталықтарына қаты­най­тын жолдарға 100% асфальт төселді. Аудан­дық маңызы бар, ауылішілік көше жолдарына орташа жөндеу жұ­мыс­тары да үнемі жүргізіліп келеді. 

Жол мәселесіндегі үлкен жаңа­лық – 2025 жылы аудан халқы көптен күткен шығыстағы ең маңызды көлік артерияларының бірі, республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» авто­мобиль жолы толық аяқталып, сал­танатты түрде пайдалануға берілді.

Ауданда тұрғын үй құрылысы да қарқынды артып келе жатыр. 2023-2024 жылдары қаржы­лан­дырудың барлық көзі есебінен 15,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 2023 жылы – 27 баспана, 2024 жылы 62 баспана салынды. 

2025 жылы тұрғын үй құрылы­сына 268,6 млн теңге қаражат қаралып, 20 баспананың құрылы­сы басталған болатын. Қазір олар­дың жартысына жуығы пайда­лануға берілді, қалғанының құ­ры­лысы аяқталу үстінде.

Ауданда шалғай орналасқан елді мекендерді орталықтан­ды­рылған ауызсумен қамтамасыз ету бағы­тында бірқатар жоба жүзе­ге асырылуда. 2024 жылы аудан бойынша су және кәріз жүйесі құры­­лыстарына 615,6 млн теңге қаражат қаралып, 8 жоба жүзеге асырыла бастаған. Оның ішіндегі 3 жобаның бірі 2024 жылы атқа­рыл­ды, биыл 2 жоба ауыспалы кезеңде. 2025 жылы 6 жобаға 2,1 млрд теңге қаражат бөлініп, игерілуде.

Ауылдар абаттанып, инвестиция тартылды

Ауылдарды абаттандыру жұ­мыс­тарына 2023 жылы 149 млн теңге бөлініп, 25 жоба жасалса, 2024 жылы 57 жоба іске асырылды. Биыл 36 жоба бар. Атап айтсақ, ауылдық елді мекендерде балалар ойын алаңы, «стрит воркауттар», шағын футбол алаңдары көптеп салынды.

Ақжар, Құйған, Қарасу, Қабан­бай, Жаңаауыл, Маңырақ ауылдық округтерінің бірқатар ауылында шағын футбол алаңдары сал­ынды. Ақжар, Жетіарал ауыл­дарында «стрит воркауттар» орна­тылды. Ақжар, Құйған, Қабанбай, Жетіарал, Тұғыл ауылдық округ­те­рінде балалар ойын алаңы салынды. 

Соңғы жылдары ауданның ин­вестициялық әлеуеті те артып кел­еді. «Altai Invest 2025» форумы Тарбағатай ауданына жаңа мүм­кіндіктер ұсынды. Форум аясында аудан әкімдігі мен «Тарбағатай Агро» арасында құны 1,9 млрд теңгеге, аудан әкімдігі мен «Бенто Технологии KZ» арасында құны 200 млн теңгеге жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды. Бұл жобалар аграрлық секторды жаңғыртуға, өндірістік қуаттарды дамы­туға және жаңа жұмыс орын­дарын ашуға бағытталған.

Ауданымызда жүзеге асырыла­тын ең үлкен жобалардың бірі – «Қызылқайың» кен орнында 2018-2026 жылдары барлау жұмыстары жүргізілуде. Кен қоры расталған жағдайда, 2027-2028 жылға қарай жобалау, инфрақұрылым жұмыс­та­рын жүргізу жоспарлануда. 2028 жылға қарай комбинаттың құры­лыс жұмыстары басталады деп күтілген. Өндіріс толық қуатына қосылған соң 1000 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Жобаның мақсаты – кен орны­­ның тереңдігін 600-750 метрге дейін барлап, С2 санаты бойынша қорларды растау, сон­дай-ақ мыс, молибден, поли­металл және алтын құрамдас кен­дерді өндіру мен өңдеуді жүзеге асыру. Бұл жоба іске асқан жағ­дайда жылына 25 млн тонна кен өңдей алатын заманауи тау-кен байыту комбинаты құрылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 07:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

29 Мамыр 2026 17:01see116

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see112

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

29 Мамыр 2026 16:03see111

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see110

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see109

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

29 Мамыр 2026 19:42see109

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see107

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

29 Мамыр 2026 20:38see106

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

29 Мамыр 2026 16:32see106

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see106

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see102

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see102

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see102

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see102

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

29 Мамыр 2026 17:33see102

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

30 Мамыр 2026 16:57see102

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see101

Астанада адам ұрлаған шетелдік алты азамат сотталды

29 Мамыр 2026 19:52see100

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

29 Мамыр 2026 23:12see100

Ақтөбеліктер Қала күнін жарқын көңіл күймен әрі ерекше ықыласпен тойлады

29 Мамыр 2026 18:42see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары