Трамп АҚШ басып алған Маринера танкерінің экипажындағы ресейліктерді босатты
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Солтүстік Атлантика суларында "Маринера" танкерін басып алу кезінде АҚШ ұстаған екі Ресей азаматының босатылғанын хабарлады.
"Біздің өтінішімізге жауап ретінде АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Солтүстік Атлантикадағы операция барысында америкалық тарап ұстаған "Маринера" танкері экипажының құрамындағы екі Ресей азаматын босату туралы шешім қабылдады. Біз бұл шешімді құптаймыз және АҚШ басшылығына ризашылық білдіреміз", — деді Захарова.
Оның айтуынша, ресейліктерді мүмкіндігінше тезірек елге қайтару үшін барлық мәселе жедел түрде пысықталып жатыр.
7 қаңтарда АҚШ Қарулы күштерінің Еуропалық қолбасшылығы санкциялық режимді бұзғаны үшін ресейлік "Маринера" мұнай танкерін ұстағанын хабарлаған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:52
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 16:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















