Түркістан облысындағы қайғылы оқиға: бір отбасынан үш адам тірі қалды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Түркістан облысындағы 12 адамның өмірін жалмаған өрттен бір отбасынан үш адам тірі қалды.
Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.
"1986 жылы туған ер адам құтқарушылар келгенше үйден өз күшімен шығып үлгерген. Оның жағдайы ауыр, денесінің 12%-ын күйік шалған", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оның 34 жастағы әйелі 30%, ал 7 жасар қызы 11% дене күйігімен ауруханаға жеткізілді. Олар жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Шымкенттен медициналық авиация бригадасы ұшып шықты.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Еске салайық, Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты. Оның 9-ы бала. Арасында 1 жастағы сәби бар.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 19:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















