Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Түркістанда 40 қа жуық кәсіпкердің демалыс аймақтары салынған жерлері дауға қалды

Түркістанда 40 қа жуық кәсіпкердің демалыс аймақтары салынған жерлері дауға қалды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кәсіпкерлердің айтуынша, олар бірнеше жыл бұрын жер телімдерін ресми қаулы негізінде заңды түрде алған. Сол кездегі әкімдіктің шешімі мен тиісті мемлекеттік органдардың келісімдері бар. Алайда қазір бұл құжаттардың күші жойылып, сот шешімімен жерлер заңсыз деп танылған.

Олардың әрқайсысы демалыс үйлерін салуға 30 млн-нан 300 млн теңгеге дейін қаржы жұмсаған. Бүгінде нысандардың бір бөлігі толық салынып бітсе, енді бірі туристерді қабылдауға дайын.

— Біз 2022 жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстарын бастадық. 2023 жылы нысанды аяқтап, техникалық паспортын рәсімдеп, қабылдау актісін алдық. Сонымен қатар жарық, газ, жол және интернет желілерін өз қаражатымызға жүргіздік. Сол кездегі округ әкімі құрылыс алаңына келіп, жұмыстың барысынан хабардар болды. Егер іргетасы қаланып жатқан сәтте ескерту жасалғанда, мұндай шығынға батпас едік, — дейді кәсіпкердің бірі.

Түйткілді мәселеге байланысты кәсіпкерлер аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың қабылдауында болып, наразылықтарын білдірді.

Аудан әкімінің мәліметінше, бұл мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Оның айтуынша, аталған нысандар бойынша облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы сотқа берген.

— Сот шешімі шыққан. Біздің қолымыздағы ақпаратқа сәйкес, кәсіпкерлер сотта жеңіліп қалған. Жер телімдерінің басым бөлігі жайылымдық мақсатта берілген. Алайда бұл аумақтарда демалыс аймақтары салынған, — деді аудан әкімі.

Кәсіпкерлер сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.

— Заң бұзушылықтар сотта дәлелденді. Кейбір азаматтар жер телімдерін үшінші тұлғалардан сатып алған. Жердің нысаналы мақсаты сақталмаған, тиісті рұқсат құжаттары рәсімделмеген жағдайлар бар. Заңға сәйкес, сот өндірісіне қабылданған істер бойынша шешімді тек сот органы қабылдайды және оны басқа мемлекеттік органдар қарай алмайды, — деді аудан әкімі.

Ұзаққа созылған мәселе бойынша кәсіпкерлер облыс әкімдігіне барып, жауапты сала басшыларымен кездесті. Қазіргі таңда комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, аталған жер учаскелері сот шешімдерінің негізінде мемлекеттік меншікке қайтарылған.

— 2020-2021 жылдары Төлеби ауданы Біркөлік елді мекенінде орналасқан 27 жер учаскесі азаматтарға саяжай құрылысы үшін берілген. Кейіннен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген тексерулердің нәтижесінде аталған жер учаскелері жер заңнамасының талаптарын бұза отырып және мораторий қолданылған кезеңде берілгені белгілі болды. Заң бұзушылықтарды Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті және Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті анықтаған. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу әрекеттері жүргізілді, — делінген ресми мәлімдемеде.

Жиналған материалдар Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық сотына жолданып, сот шешімдерімен жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару туралы қаулылар қабылданған.

— Қазіргі таңда 12 жер учаскесі бойынша апелляциялық шағымдар Түркістан облыстық сотында қаралып жатыр. Барлық іс-шара заң талаптарына сәйкес және құқықтық алаң аясында жүзеге асырылады, — деп мәлім етті ведомство.

Бұдан бұрын Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылында тұрғындар балмұздақ өндіретін зауыттың кәріз суынан шығатын сасық иіске шағымданған болатын. Тұрғындар бұл мәселенің мазалап келе жатқанына 20 жылдай уақыт болғанын жеткізген еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:230
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 14:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see133

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see129

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see128

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see121

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see118

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see118

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see115

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see115

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see114

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see114

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see114

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see114

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see113

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see113

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see113

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see113

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see113

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see112

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see110

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары