Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Түркияда темекіге тәуелділер саны артты

Түркияда темекіге тәуелділер саны артты

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Түркияда темекі тартатындар көп. Зиянды әдетке әсіресе жастар әуес. Сарапшылар мұның себебін темекіге қолжетімділікпен байланыстырады. Енді бұған қарсы ел үкіметі қандай шара қабылдап жатыр? Жастар ғана емес, егде жастағылардың да шылымға тәуелді болуына не себеп?

Көк түтінді будақтатқан жастар, көшенің әр бұрышында шашылып жатқан темекі тұқылы. Түркия үшін бұл үйреншікті көрініске айналған. Себебі бұл ел шылым шегу көрсеткіші бойынша әлемде 9-шы, ал Еуропа елдері арасында 3-ші орында. Кейінгі мәліметке қарағанда елде темекіге тәуелді азаматтардың саны 19 миллионнан асады. Олардың басым бөлігі жастар мен жасөспірімдер.

Анкаралық Айсу Джанер 13 жасынан бері темекі шегеді. Қазір 21-де. Айтуынша, шылымға әуестенуіне араласатын ортасы мен отбасындағы жағдай әсер еткен. Өйткені ата-анасы үшін де темекі тарту үйреншікті әдет екен.

Айсу Джанер, Анкара қаласының тұрғыны:

- Ата-анам менің шылым шегетінімді 18 жасымда білді. Бастапқыда қарсылық танытқанымен, кейін қалыпты нәрсеге айналды. Зиянын біле тұра шегеміз. Мысалы, менде тұқым қуалайтын жүрек ауруы бар. Темекі тартқан сайын тынысым тарылып, кеудем қысылады. Бірақ сонда да тастай алмай жүрмін.

Түркияда темекі дүкендерде нанша сатылады. Себебі кез келген дүкенде ең алдымен шылымның сан алуан түрі көзге түседі. Ең зияндысынан бастап әйелдерге арналған жеңіл түрлеріне дейін тізіліп тұрады. Темекі сатушыны сөзге тартқанымызда тәулігіне кемі 100 қорап шылым сатылатынын  айтты.

Эмрах Өмероғлұ, сатушы:

- Түркияда темекіге тәуелділік 14 жастан басталады. Көбінесе жастар мен жасөспірімдер темекіні қорап-қорабымен сатып алады. Тіпті олардың арасында оқушылар да бар. Мен күнделікті 2 қорап шылым шегемін.

Зиянды әдеттің салдары ауыр. Ресми статистикаға сәйкес Түркияда жыл сайын темекінің кесірінен шамамен 100 мыңға жуық адам көз жұмады. Мамандар шылым шегетіндер арасында әсіресе белсіздік пен бедеулік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары артқанын айтады. Ең қауіптісі, өкпе обырына шалдыққандар қатары да көбейген.

Дулат Медер, аурухананың медицина қызметкері:

- Өкпе обырынан жылына 30 мыңға жуық адам қайтыс болады, өкінішке қарай. Темекі шегуден жалпы жыл сайын 100 мыңға жуық адам қайтыс болады. Өкпе обырының  85-90%-і темекіден болады. Темекінің ішінде 7 мыңнан астам улы химиялық заттар бар. Олардың бәрі тікелей ішкі ағзаға кіреді. Ішкі ағзаға кіріп, мутация тудырады. Мутация деген көптеген симптоматика береді.

Түркияда емдеу және білім беру орындарында темекі сатуға тыйым салынған. Сондай-ақ жабық алаңдарда шылым шегу заңмен шектелген. Тәртіп бұзғандар 1400-ден 100 мың лираға дейін айыппұл төлейді. Бұл біздіңше шамамен 1 млн 200 мың теңге. Соған қарамастан аймақта көк түтінді будақтататындар азаяр емес. Сарапшылардың айтуынша, шылымқорлықпен күрес тек заң арқылы емес, қоғамның саналы ұстанымы арқылы ғана нәтижелі болмақ.

Авторлары: Әсия Нұрлыбаева, Ж. Сүйіндіков

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары