Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Үкімет сағаты: қоғамдық қауіпсіздік басты назарда

Үкімет сағаты: қоғамдық қауіпсіздік басты назарда

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Отырысты ашқан Дания Еспаева Мемлекет басшысы өз Жолдауында Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап шетелдіктердің заңсыз көшіп келуі және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесуге міндетті деп атап өткенін еске салды. Осыған байланысты Мәжіліс жауапты мемлекеттік орган – Ішкі істер министрлігін тыңдау туралы шешім қабылдаған.

– Парламент заң шығарушы орган ретінде заңдылық пен тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Соңғы жылдары депутаттар уәкілетті органдармен бірлесіп, қылмыстық заңнаманы күшейту бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, есірткі қылмысы, бұзақылық, вандализм үшін жаза айтарлықтай күшейтілді. Қылмыстық заңнама қылмыстың жаңа түрлерімен толықтырылды, олар – дропперлік, некеге мәжбүрлеу, сталкинг және басқалары, – деді Д.Еспаева.

Сондай-ақ вице-спикер есірткі қылмыстары, бұзақылық, қарақшылық көбейіп, ұсақ ұрлық, есірткі заттарын заңсыз пайдалану сияқты қылмыстық теріс қылықтар жиі тіркеліп жатқанына назар аударды. Сондықтан бүгінгі Үкімет сағатының негізгі міндеті – құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйіне талдау жасау, яғни қоғамды не алаңдатып отырғанын анықтау және полицияның осы бағыттағы жұмысына баға беру екенін айтты.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қылмыстың экономикалық, көші-қон, мәдени, демографиялық және басқа да процестерге байланысты екенін, қылмыскерлердің 80 пайызы жұмыссыз, үштен бірі бұрын сотты болған, 30 пайызы мас күйде қылмыс жасағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол қылмысты тұрақты түрде азайту үшін барлық мемлекеттік орган мен қоғамның күш-жігері қажет екенін айтты.

– Жалпы, елімізде жағдай тұрақты. Егемендік алғаннан бері қылмыс саны екі есе төмендеді. Кісі өлтіру 4,5 есе қысқарды. Ал халық саны бұл аралықта 1,5 есе көбейіп отыр. Бұл нәтижеге ауқымды профилактикалық жұмыс нәтижесінде қол жеткіздік. Кісі өлтіру, ұрлық, киберқылмыс, интернет-алаяқтық, есірткі бизнесі, адам саудасы, экстремизмге қарсы күрес және колониядағы жағдайды жақсартуға бағытталған нақты бағдарламалар іске асырылып жатыр. Оң нәтиже биыл да сақталып, қылмыс 7 пайыз азайды, – деді Е.Сәденов.

Министр өз баяндамасында көшедегі қауіпсіздікті күшейту, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, есірткі және киберқылмысқа қарсы күрес, миграциялық бақылау, заңсыз жолаушы тасымалы және басқа да құқықбұзушылықтар бойынша жұмыс қарқынды жалғасып жатқанын атап өтті. 

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева қосымша баяндамасында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде айтарлықтай жүйелі проблемалар әлі де бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, жұртшылықтың полицияны жабық та жауапсыз құрылым ретінде қабылдауы полицияға деген сенімді қалыптастырудың қиындығын білдіреді. Сыбайлас жемқорлық, азаматтардың арыз-шағымдарына формалды көзқарас және учаскелік полиция қызметкерлерінің, әсіресе ауылды жерлерде тапшылығы полиция реформасы негізделген қызмет көрсету үлгісінің қағидатына нұқсан келтіреді. 

– Азаматтарды құқықбұзушылықтың алдын алу мен жолын кесуге тарту да – күрделі міндет. Азаматтардың айтарлықтай бөлігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының міндеті деп санайды. Қоғамның серіктес болуы үшін оларды ынталандыру және полицияны одан әрі жаңғырту қажет, – деді комитет төрайымы.

Снежанна Имашева азаматтардың өздерін қауіпсіз сезінуі мәселесіне ерекше назар аударды, бұл – инфрақұрылымның сапасы мен азаматтардың күнделікті өмірінде мемлекеттік органдар қызметінің қолжетімді болуымен тікелей байланысты. Көшелерді жарықтандыру мен бейнебақылаудың жоқтығы, жол сапасының төмендігі, аудандардағы патрульдік қызметтің жеткіліксіздігі және цифрлық мүмкіндіктердің нашар енгізілуі сенімсіздік тудырады. 

Снежанна Имашева сонымен қатар кешенді әлеуметтік шараларсыз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін еместігін баса айтты. «Құқық бұзушының портреті» зерттеуі қылмыстардың басым бөлігін жоғары білімі жоқ, жас, жұмыссыз ер адамдар жасайтынын көрсеткен. Яғни, алдын алуды білім беру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдау жүйелерінен бастау керек. Депутат заңға бағынатын азаматтарды және құқықтық сананы арттыру – «Заң және тәртіп» ұғымын шындыққа айналдырудың кілті екеніне тоқталды.

Талқылау барысында мәжілісмендер өзге де мәселелерді ортаға салды. Олар интернет-алаяқтық, киберқылмыс, есірткі бизнесімен күрес, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның құрбандарын қорғауды күшейту шараларына назар аударды. Сондай-ақ қоғамдық орындарда, соның ішінде ойын-сауық орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік қауіпсіздігі, өңірлердегі учаскелік полиция қызметкерлерінің тапшылығы көтерілді. Бұдан бөлек депутаттар әскери қызметкерлерге қатысты қиянат жасау фактілері, мұндай келеңсіздіктердің алдын алу, әскери басшыларды дайындауды жетілдіру мәселелеріне де тоқталды.

Үкімет сағатының қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша уәкілетті органдарға бірқатар ұсыныстар жобасын даярлады. Атап айт­қанда, учаскелік полиция қызметкерлерінің тиімділігін сараптап, елдімекендерді жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйелерімен жабдықтауды, аудан орталықтарында Жедел басқару орталықтарын құруды ұсынды. Азаматтарды киберқылмыстан қорғауға және заманауи технологияларды пайдалана отырып, полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға баса назар аударылды.

Үкіметке құқықбұзушылықтарды болжау және жедел шешімдер қабылдау үшін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тиімді аналитикалық инфрақұрылымды дамыту ұсынылды. Депутаттардың ұсыныс­тары Бас прокуратура, Денсаулық сақтау, Білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне және басқа да органдарға қатысты болды.

Жиын аясында ішкі істер органдары қолданатын арнайы техника, арнайы жасақтағы қару-жарақ пен киім үлгілері қойылған тақы­рып­тық көрме ұйымдастырылды. Жедел бас­қару орталығында депутаттарға қоғамдық қа­уіп­сіздіктің цифрлық жобалары көрсетілді.

Айбике ЖАНАСЫЛ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 04:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see131

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see127

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see126

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see118

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see115

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see114

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see113

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see113

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see112

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see111

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see111

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see111

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see111

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see110

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see110

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see110

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see109

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see108

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары