Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Ұлттық гвардияның Бас қолбасшысы Семейде сарбаздардың даярлығы мен қызмет жағдайын тексерді

Ұлттық гвардияның Бас қолбасшысы Семейде сарбаздардың даярлығы мен қызмет жағдайын тексерді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков Семей қаласындағы 5511 әскери бөліміне инспекциялық сапармен барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әскери бөлімнің жеке құрамы қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау міндеттерін орындайды. Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету бойынша жауынгерлік қызмет атқарады.
Инспекция барысында Бас қолбасшы қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттің ұйымдастырылуына, жеке құрамның жүктелген міндеттерді орындауға дайындығына және полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимылына ерекше назар аударды. Бөлімшелердің үйлесімді жұмысы, туындаған жағдайларға жедел ден қою және әскери қызметшілердің тұрақты әзірлігі қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Сапар барысында Бас қолбасшы мерзімді әскери қызметке жаңадан келген жас сарбаздардың дайындығына да назар аударып, оқу пунктінде сарбаздардың әскери даярлығымен танысты. Мұнда жас ұландықтар әскери істің негіздерін меңгеріп, жауынгерлік қызметті атқару тәртібін, қаруды қолдану ережелері мен әскери тәртіп талаптарын үйреніп жатыр.
Генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков жас әскери қызметшілермен әңгімелесіп, олардың даярлық барысы мен әскери ортаға бейімделуіне қызығушылық танытты. Ол сарбаздарға әскери мамандықты меңгеруде табандылық және әскери борышын орындауда жауапкершілік тіледі.
Инспекция аясында Аңсаған Балтабеков жеке құрамның үй-жайын да тексерді. Ол казармаларды, тұрмыстық бөлмелер мен оқу сыныптарын аралап, әскери қызметшілердің күнделікті тұрмысын ұйымдастыру деңгейімен және сабақ өткізуге жасалған жағдайлармен танысты.
Асханада Бас қолбасшы тамақ дайындау цехінің жұмысын, азық-түлікті сақтау және ас әзірлеу жағдайларын зерделеді. Санитариялық талаптардың сақталуына, сондай-ақ жеке құрамды құнарлы әрі сапалы тамақпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, генерал-лейтенант А.Балтабеков әскери бөлімнің медициналық пунктіне барды. Бас қолбасшылық жұмысының басым бағыттары ретінде әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау,науқастанудың алдын алу және медициналық көмекті уақытылы көрсету мәселелері белгіленді. Әрбір әскери қызметшінің қажетті медициналық көмекті уақытылы әрі сапалы алуын қамтамасыз ету міндеті атап өтілді.
Инспекция қорытындысы бойынша, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы әскери қызметшілердің тұру және қызмет өткеру жағдайларын одан әрі жақсартуға, жас сарбаздардың даярлық сапасын арттыруға және мерзімді әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 16:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары