Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

XXI ғасырда ел шекарасы географиялық картамен емес, азаматтардың ой өрісімен өлшенеді

XXI ғасырда ел шекарасы географиялық картамен емес, азаматтардың ой өрісімен өлшенеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Aikyn.kz қазақ ғалымдарының, талантты жастарының ғаламдық зерттеулерде жинаған тәжірибесін ел экономикасында қолдану мүмкіндіктерін талдайды. 

Математика – ғылымдар Поэзиясы!  Григорий Перельман оны жақсы біледі. Фото naked-science.ru сайтынан алынды

Цифрлар басқаратын ғасыр білім мен таланттың географиясын түбегейлі өзгертті. Ғылым, технология, инновация салаларында табысқа жету үшін адам міндетті түрде бір елде өмір сүруі шарт емес. Бүгінгі қазақ ғалымдары мен білімді жастары әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында – CERN-де, MIT-де, Google зертханаларында, БҰҰ құрылымдарында еңбек етіп жүр. Кейде бұл құбылыс brain drain (мидың сыртқа ағу мағынасында) деп сыналады. Ал шын мәнінде ол шетел асқан отандастарымызбен мемлекеттің дұрыс коммуникациясы болса Қазақ Елі үшін стратегиялық артықшылыққа айнала алады.

Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы CERN – әлемдегі ең ірі ғылыми орталықтардың бірі. Соңғы жылдары CERN жобаларына қазақ физиктері де қатыса бастады. Ядролық физика институтының ғалымдары каонның сирек кездесетін ыдырауын зерттейтін NA62 экспериментіне қатысы. Қазақ ғалымдарының бұнда жұмыс істеуі тек кәсіби біліктіліктің емес, интеллектуалдық элитаның да белгісі саналады.

Халықаралық эксперименттерге қатысу үшін ғалымдардың Астана мен Алматыда отыруы маңызды емес. Маңыздысы – олардың беделді зерттеу орталығында жинаған тәжірибесі мен ғылыми желілер арқылы қазақ университеттері мен зерттеу институттарына жол ашуы. CERN-нің ғылыми зерттеулеріне қатысу Назарбаев Университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты оқу орындарының халықаралық жобаларға қосылуына мүмкіндік береді.

Митио Каку: «Оқу процесінде енді жаттау қажет емес». Иллюстрация bilimdinews.kz сайтынан алынды

Massachusetts Institute of Technology (MIT) – әлемдік білім беру жүйесінде технология мен инновацияның символы саналады. Бұл жерде білім алған немесе зерттеу жүргізген қазақ жастарының қатары жыл сайын көбейіп отыр. Мысалы, Индира Русланова MIT Media Lab ғылыми зерттеулерді қолдаумен айналысады. Осындай зерделі қазақ жастары жасанды интеллект пен үлкен деректер бағытында да ғылыми зерттеулер жүргізіп, Қазақ Елінің стартап-экожүйесін дамытуға атсалысып жүр.

MIT-де немесе Stanford, Oxford сияқты университеттерде білім алған қазақ жастары елге оралғанда өздерімен бірге диплом емес, ғылыми-институционалдық мәдениет, академиялық адалдық, зерттеу әдіснамасын бірге ала келеді. Бұл – Қазақ Елінің ғылымының сапалық өсуіне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Жүйелі мемлекеттік саясат жүргізілсе, бұның жемісін 5-10 жыл емес, 20-25 жылда анық көретін боламыз. Ол үшін әлемнің беделді ғылыми орталықтарында білім алып, зерттеу тәжірибесін жинаған мыңдаған қазақ ғалымының елге оралып, мемлекеттің қамқорлығын сезініп, академиялық ортаны өзгертуі керек.

Google, Meta, Microsoft сияқты алып компанияларда жұмыс істейтін қазақ IT-мамандар да аз емес. Google мен Meta, Amazon-да еңбек ететін Рауан Амангелдиев, Данияр Жұмаділов, Абзал Серіков, Нұрхан Оңдасынов және басқа қазақ жастары жасанды интеллект, машиналық оқыту мен бұлтты есептеулер саласында жақсы тәжірибе жинақтаған.

Бұл мамандардың Қазақстанға пайдасы тек «елге оралуымен» шектелмейді. Олар қазірдің өзінде қазақ стартаптарына менторлық жасай алады. Open-source жобалар арқылы білім таратады және отандық IT-қауымдастықты жаһандық стандарттарға жақындатады. Astana Hub, Tech Orda сияқты бастамалар дәл осы шетелдік тәжірибесі бар мамандарға сүйеніп дамып келеді.

БҰҰ-ның құрылымдарында (UNDP, UNESCO, UNICEF) жұмыс істейтін қазақ мамандары да бар. БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP) аясында жобаларға қатысқан мамандар Қазақстанның халықаралық беделін арттырып қана қоймай, елге policy transfer – саясат пен басқару тәжірибесін әкеледі. БҰҰ-да қолданылатын деректерге негізделген шешім қабылдау тәсілдері кейін Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілуі мүмкін. Бұл – білім мен ғылым миграциясының нақты көрінісі.

Шетелдегі қазақ ғалымдарымен мемлекеттің дұрыс коммуникациясы болса, бұл стратегиялық артықшылыққа айналады. Иллюстрация livejournal.com әлеуметтік желісіндегі shkesper аккаунтынан алынды

Қорыта айтар болсақ, біздің ғалымдарымыз бен жастарымыздың шетелдегі жетістіктері Қазақ Еліне бірнеше жолмен пайда әкеледі. Бірінші, ғылым мен технология трансфері арқылы елімізге жаңа зерттеу әдістері мен бағыттары, стандарттар мен басқару мәдениеті келеді. Екінші, халықаралық гранттар, бірлескен жобалар мен академиялық серіктестік жаңа серпін алады. Үшінші, репутациялық капитал күшейеді, Қазақ Елінің интеллектуалды ұлт ретінде танылуы жаңа мазмұнға ие болады. Төртінші, цифрлық дәуірдің жаңа кадрлерін дайындау, онлайн дәрістер мен менторлық, ғылыми кеңестер жүйелі арнаға түседі. Бесінші, инновация мен стартаптар қазақ ғылымының жетістіктерін экономикаға қосады, шетелдік тәжірибеге негізделген бизнес-модельдер іске асырылады.

Осының бәрін бүгін іске асыруда қандай кедергілері бар?

Басты проблема – шетелдегі қазақ ғалымдары мен озық технологиялық ортада тәжірибе жинаған жастардың әлеуетін мемлекеттің қамқорлығымен жүйелі пайдалана алмау. Қазақ Елінде әлі де «елден кеткен – пайдасыз» деген көзқарас бар. Ал дамыған елдер диаспорасын стратегиялық ресурс ретінде қолданады. Израиль, Үндістан, Оңтүстік Корея тәжірибесі – соның дәлелі.

Біздің ойымызша, қазақ ғалымдары мен білімді жастарының CERN, MIT, Google, БҰҰ сияқты ұйымдардағы жетістігі – ұлттың жоғалтуы емес, ұлттың дамуының белгісі, жаңа ашылған мүмкіндік. Егер мемлекет пен қоғам бұл әлеуетті дұрыс байланыстыра алса, Қазақ Елі тек шикізатқа емес, ғылым мен инновацияға негізделген экономикаға қадам басады. XXI ғасырда елдің шекарасы географиялық картамен емес, оның азаматтарының ой-өрісімен өлшенуі – жаңа дәуірдің ерекшелігі. Тәуелсіздік күні құтты болсын, Қазақ Елі!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Желтоқсан 2025 12:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары