Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

ЮНИСЕФ: Газада балалар шабуыл мен аштықтан қаза тауып жатыр

ЮНИСЕФ: Газада балалар шабуыл мен аштықтан қаза тауып жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Оның айтуынша, Газадағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Қатты жел соғып, нөсер жауын жүріп жатыр, шатырлар құлап, балалар су болып, жылыну мүмкін болмай отыр. Элдердің сөзінше, бұл ахуал екі жарым жылдан бері жалғасып келеді, ал көптеген отбасылар тамақ тапшылығына тап болып, балалардың иммундық жүйесі әлсіреген.

ЮНИСЕФ өкілі атысты тоқтату күшіне енгеннен кейін белгілі бір оң өзгерістер бар екенін атап өтті. Мәселен, Газаның солтүстігінде ЮНИСЕФ-тің білім беру орталығы ашылып, медициналық пункттер жұмыс істей бастаған. Алайда ол бұл шаралардың жеткіліксіз екенін айтты.

– Екі жарым жылға созылған дағдарыстан кейін қаржыландыру әлі де жеткіліксіз. Израиль билігі негізгі дәрі-дәрмектер мен отбасыларға тамақ дайындауға қажет газ жеткізілімін шектеуді жалғастыруда. Атысты тоқтату жарияланған сәттен бері 100 ұл мен қыз қаза тапты. Яғни, атысты тоқтату кезеңінде күн сайын орта есеппен бір бала көз жұмуда. Сондықтан әлі де көп жұмыс атқару қажет, – деді ол.

Элдердің айтуынша, Газада гуманитарлық көмектің көлемі жеткіліксіз. Ол балалар үшін қауіпсіз әрі жылы баспана, тамақ пен білімнің маңызын атап өтті.

– Бұл отбасылардың бұрын үйлері болған. Төрт қабырғалы, жылы суы бар үйлер еді. Атысты тоқтату жағдайында баланың күні қауіпсіз әрі жылы жерде ұйықтаудан, ыстық сусын ішіп, тамақтанып, мектепке барудан басталуы тиіс. Қазір балалар осы қажеттіліктердің бір-екеуін ғана алып отыр, – деді ЮНИСЕФ өкілі.

Оның айтуынша, палестиналықтар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіру үшін күш салып жатыр, бірақ қирау деңгейі өте жоғары. Физикалық және психологиялық залалмен қатар, ауруханалар, мектептер мен тұрғын үйлер де жойылған. Осыған байланысты шектеусіз көлемде гуманитарлық көмек жеткізу қажет.

Элдер ЮНИСЕФ-тің шамамен 150 мың баланың мектепке қайта оралуына жағдай жасағанын айтты. Алайда қазір әр бес баланың тек біреуі ғана білім алу мүмкіндігіне ие.

ЮНИСЕФ өкілі Газадағы суықтың да үлкен қауіп төндіріп отырғанын атап өтті. Жағалауда орналасқан аймақта ауа райы ылғалды әрі желді, соңғы күндері желдің жылдамдығы сағатына 30-40 шақырымға дейін жеткен.

– Екі жыл бойы жасанды түрде туындаған аштық пен тамақ тапшылығын бастан өткерген адамдардың иммундық жүйесі әлсіреген. Соның салдарынан гипотермиядан жеті бала қайтыс болды. Соңғы аптада тағы да балалардан айырылдық, – деді Элдер.

Ол Израильдің Газада кейбір үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тыйым салу шешімінің салдары шамамен бір айдан кейін айқын сезілетінін айтып, жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін екенін ескертті. Элдердің айтуынша, «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар ЮНИСЕФ-тің маңызды серіктестері болып табылады және медициналық әрі психологиялық көмек көрсетуде айрықша рөл атқарып отыр.

ЮНИСЕФ өкілінің мәліметінше, ұйым Израиль билігімен гуманитарлық көмекті ұлғайту жөнінде тұрақты келіссөздер жүргізіп келеді. Атысты тоқтату күшіне енгеннен кейін Газға жоспарланған гуманитарлық жүктің 75 пайызы жеткізілгенімен, негізгі дәрі-дәрмек пен тамақ дайындауға арналған газ әлі де жетіспейді. Осы өмірлік маңызы бар ресурстарды жеткізу үшін билік өкілдерімен апта сайын бірнеше рет кездесулер өтіп жатыр.

Айта кетейік, кеше АҚШ Газа секторы бойынша жоспардың екінші кезеңі басталғанын жариялады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 02:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see162

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see159

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see159

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see158

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see156

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see154

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see152

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see148

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see147

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see145

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see143

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see142

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see141

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see138

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see136

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see131

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see128

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see126

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

29 Тамыз 2026 21:27see123

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

29 Тамыз 2026 21:14see122
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары