Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Жарқын бояулар... Салқын қаяу бар (Серік Тұрғынбековтің Жүрегім мұңның ұясы кітабын оқығанда)

Жарқын бояулар... Салқын қаяу бар (Серік Тұрғынбековтің Жүрегім мұңның ұясы кітабын оқығанда)

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматының көгілжім мұнар жа­мылған көшелерін тол­қын­дай сапырып, «толқында туған» Әбу-ата келе жатар еді. Оның теңіз мәу­жіміндей ширатылған бұйра шашы лезде ақша бұлтқа айналып, көк жүзінде жүзіп бара жатар-ды. Соған қарап сенің де ернің:

Ақша бұлтым, айтшы маған,

айтшы маған, келдің қайдан?

Кәрі әжемдей айтшылаған,

неге бейқам кездің, майдан?

Мүмкін, бір сәт кесте тігіп

отырғанда Ақбілегім,

Асау құйын кеткен-ді іліп

алдындағы ақ жібегін.

Ақша бұлтты әлем биік,

әкетпе алыс, орал, ағын,

Мүмкін, жарым сәлем түйіп

ұшырған-ды орамалын?.. – деп күбірлей

жөнелер...

«Ашулы Грозный патшадайын» (Мұқағали) Әбділданың өзі де әлемді жаң­ғырта жеткен Көктем әнін естігенде:

Қайырымды бол көктемдегі гүлдерге,

Баса көрме біреуін де жүргенде.

Мүмкін бірі мен шығармын солардың,

Сенен ғана мейірім күткен болармын, – деп, тым елжіреуіктеніп кететін.

– Тумасы жарық жұлдызым,

Тұлғасы алып шың-құзым!

Ошақтай орға қайтіп сыйды екен?

Атаңа нәлет Ықылас,

Ата жұрттың асылын,

Балтаға қайтіп қиды екен? – деген Қалижанның қаһарлы үні естілсе, Алатаудың бір шыңында «сынық­құ­лақ Тарланмен» Махамбет атой беріп тұрғандай қаралай елегізіп бітетінсің.

Міне, Сыр-ағаның нар-даусы шықты. Дүние Ақ маяның күрпіген сүтінің боз көбігіне бөленіп жүре берді:

Ақ түн, ақ түн

Алып бір ақ сауыт.

Ақ боз аттың

Жалындай ақша бұлт.

Ақ түн – ақ гүл

Айнала тұтасқан.

Төгілмей шақ тұр

Ақ мұхит – сүт аспан.

Ақ түн – ақ жалын,

Ақ түстер жаймасы.

Дүниенің пәк жанын

Түсірген

Ақ түн –

Рентген айнасы...

Сұлулық пен сыпалықтың құйма­сын­дай Қуан-ағаң таңғы бақта қауызы мөлтеңдеген гүлге қарап:

Шашылғанда таңның

тыныш шұғыласы,

Шықшы сыртқа,

Әсем әннің сырласы,

Иірімде сұңқылдаған айналып,

Айыл мойын аққу әнін тыңдашы, – десе, сонау Шираздағы шайырлар бағы Мүсаллада Хафизбен бірге Рукнабад өзе­нін жағалап сыр шертісіп жүргендей хал кешер ең...

Кенет ақжарма Ғафудың даусы саңқыл­дап қоя берер-ді:

Дүбірде бар екі ши,

Жағасында жылға көп.

Біздің әулет – екі-үш үй,

Жайлаушы еді жылда кеп.

Жалғыз қазық – мына жұрт

Мен дүниеге туған жер.

Жалғыз тұтам шуда жіп

Кіндігімді буған жер.

Туған жерге байлаған

Кетпестей ғып кіндіктен,

Бар ма екен деп ойланам,

Мықты нәрсе сол жіптен!

Сен де мынау тосын үнге еріп, Тосын құмды Торғайдан бір шығар ең...

Шынында, Серік-ағаның қоңыр жұнтты кітабын парақтап отырғанда  – ұлт санасына қоңыр бояу болып жұғып қалған осынау асыл бейнелер көзімде сән құрып, олардан қалған ақық жырлар жадымда жаңғырып қоя берді. Сірә, тегін болмас. Бұл жерде, әрине ақын өзінен алдыңғы буынды аға тұтпады, өнеге алмады деуден аулақпын. Аға тұтса, Серік тұтсын! Оның Мұқағалиды, Әбішті, Ақселеуді, т.б. аяулыларын жоқтаулары – жүрегі барды жеміріп, сүйегі барды кеміріп жіберер қуатқа ие!

Пендеге жаттығы жоқ ағеден ақын, үлкен түгілі кішіні назарынан тыс қалдырып көрген емес. Қашан көрсең, аңқылдаған ағеділ қалпы. Баяғы ауылды сағынып жүретін бозым шағымызда Алматының қай көшесіне түссең де ақ самалдай алқылдап алдыңнан шығып, бауы­рына басатын Ағаның жан ыстығын неге ұмытайық? Жалған дүниеден жарасым ғана іздеп, қаламына жарқын бояу­­лар жұқтырған ақын келешектің көз алдында сол бейнесімен қалары анық...

Ақын шығармашылығына айырықша серпін берген тақырып – Тәуелсіздік! Астананың Сарыарқа төріне көшуі ол үшін Асан Қайғының Жиделі-Байсын – Жерұйығын тапқандай әсер еткені ақиқат. Астананың келбетін (қысқы, көктемгі, жазғы, күзгі) бір ақын жырласа, Серік жырласын!

Көзің салшы –

Жер қандай,

Аспан қандай?

Бар тіршілік

Бүгіннен басталғандай.

Бәйтерекке сүйеніп

Бүкіл Арқа,

Алатауды

Алматы жастанғандай...

Немесе:

Тазартқанда

Тарихтың шарайнасын,

Тіл бітеді сол кезде

Тасқа ғана...

«Бозоқ» болып,

Бүк түсіп талай ғасыр,

Азат болып –

Айналдың Астанаға!

Бұл жырлардың әуір-лебінен ақын кешкен кезеңнің дәуір-демі айқын байқалады. Ол бұл жырларды бағы озған әлдекімнің қосын жегу үшін немесе сол арқылы өзінің атын оздыру үшін жазған жоқ. Ақын Астана бейнесінен – мертіліп жолға шөккен нарлардың азалы үнін естіді; Ай астында шалқып салтанат құрып кете алмай, үйіндіге айналған «Бозоқтардың» күл мен топырақтан қопарыла тұрып, жаңаша салтанат құрған шағын көрді! Қазақтың қасиетті тілі мәңгі тағына мінетін сәтті сағатын сағына, тағатсыздана күтті...

Әттең, ақын күткен ізгіліктің бәрі орындала берсе, әлдеқашан дүние гүлстанға айналып кетпес пе еді? Оның сұлулыққа іңкәр, ізгілікке құмар жүрегінің суып қоя берген сәттері де аз емес-тін. «Жылқы көрсем жылағым кеп тұрады», «Абайлап қара Қазаққа!», «Бүгінгінің ақыны», «Соғыстан соңғы ұрпақпыз», «Бұл емес еді...», «Менікі емес секілді», «Аты жоқ қала», т.б. жырлары өгей кейіпті, бөтен бейітті бүгінгінің шындығымен қабыса алмаған Сананың арпалысынан туған дүниелер.

Басыр боп,

Басым айналып,

Шыққандай жаңа түрмеден,

Өзімнің тілім байланып,

Сайрадым басқа тілменен.

Сырласпай таумен, орманмен,

Көңілім түсті пәс күйге.

Өзімнің үйім болғанмен,

Жандаймын – жүрген басқа үйде!

Манадан бергі жаздың жайсаң таңындай жадырап тұрған дүниенің ажары күрт суып жүре берді. Ақын санасы когнитивтік диссонансқа тап болып, көгіс, қызғыш бояуларға малынған әдемі әлем кенет қоңыр, сұр, күлгін, қара түстерге боянып шыға келді. Біз біреулердің шығармаларына баға бергенде «өмірдің өз өңіндей» деп жатамыз ғой. Айтса айтқандай, Серік ақынның бояулар палитрасы да жеті бояу, жетпіс түсті тұтас қамтитын кеңістік. Оның шығармашылығы тек қана қынаменде-қызықты күйттеген желпетек жырлардан немесе күллі дүниені қарансуға алдырып қоя беретін, зариғапқан жылайман өлеңдерден тұрмайды. Ол туындатқан мұрапа – барды бағалай, жоқты саралай алатын парасат иесі поэзия.

Ақын екпінінен «Торғайдың топ­жар­ғаны» Нұрхан Ахметбековтің салған са­йын шабысқа шабыс қосатын ерен дабысы байқалып қалып жатса да таңғалмаңыз. Өйткені торғай-топырақтың дүбірлі екпіні кез келген «борбай-шоқырақтың» қорасына кірмес-дүр ергізде.

Серік ақынның ізденіс аясына көз жүгіртсек, талай нәрсені байқаймыз. Ол әдебиетке кейбір ағалары құсап, «қара өлеңнің қабырғасын күйретем!» деп кіжіне келмепті. Ізденістің жөні осы екен деп, батыстың алапат рухани тоқыраулардан соң пайда болған «измдерімен» ауырмапты. Өзінің алдындағы қазақы алмауыттардың қан-жайлауынан от оттап, су сулап бағыпты. Тұрпайы әлеуметшілдік атты індеттен сұлу сөзді ілкі құтқарған сүлейлердің соңынан еріпті. Сағасы сау болғасын да оның бұлақтарының құрағы ару, жұпары дәру, өзендерінің ағысы Тобыл-дарияның толқындары сынды, сырты сабырлы көрінгенімен, ішкі ағысы сойқан екпінге ие. Асылы, өлең мен өнердің көсегесі – өткеннің бейітінің үстінде шығып, өз «ұран-отымды» жағам деп көкірегін тоқпақтау емес, көненің күлінің астынан сөнбеген шоқ тауып, оны тұтата алсам, содан нұрлы шырақ жақсам деген пәруана-тілекпен ғана көгерсе керек.    

Сөздің басындағы байламымыз бекер емес екен. Оның қауыздағы шықтай мөлтілдеген махаббат жырларынан Әбу-атаның «Ақша бұлтындағы» пәк сағы­ныш­ты; табиғатқа табынған еренғайып сезімдері туғызған өлеңдерінен Әбділ­даның елжірек көңілін; «Кенесары үңгірі», «Сарайшық – сары уайым» сынды дүниелерінен Қалижанның Махамбет туралы жырындағыдай тепсінген тентек рухты; сұлулыққа елтіген ғазалдарынан Сырбайдың сырлы сазын; Тәуелсіздікке тәу еткен мақамдарынан Қуандықтың үн мәйегін; Бурабай, Торғай туралы толғауларынан Ғафудың ақбұрқақ сарынын танып жатсаңыз, мұның бәрі өміршең дәстүрді жалғастырған ізді өшірмес ізгі бір нышан деңіз де қойыңыз, сол дұрыс болады.

Ақын-жүрек қаншалықты буырқа­ныс­қа толы болса, оның өртті бояуы  оның өміріне һәм өлеңіне өз бояуын жақпай қалмайды. Кейінгі жылдары қапыда ұр­ған дерт Сері-ағаны бұрынғыдай ұлы жіңгір жиындардан шеттеткені рас. Астана төрінде өтетін Қазақияның барлық мәртебелі құрмаларында желдей есіп, сеңдей көшіп жүретін қайран Секең бүгін­де самарқау. Бірақ қанша самарқау тартса да жанартаудың аты – жанартау! Мен оның жанартауша буырқанып атыл­ғанына куә болғаным бар. Әрине куә-дір жалғыз мен емес, дүйім жұрт...

2022 жылдың қоңыр күзі-тін. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық тойы болатын. Осынау ұлы қазақтың кіндік қаны тамған Сарытүбекке небір игі жақсылар дүмеп келген салтанатты сәт-тін. Торғайдағы тойға прези­дент Қ.Тоқаевтың өзі келетін болған. Біздің үлкен үмітіміз бар-тын. Тізесі қатты тағдырдан талай теперіш көрген, әлі күнге өгей баланың күйін кешіп келе жатқан қасиетті Торғай топырағы жаңаша гүлдеудің басында тұр деп есеп жасадық. Өйткені бұл жиынға ел бас­шысы тегін келмейді, өлкені көгертіп-көктететін жаңа бағдарлама, тың ұста­ным­мен келеді деген ойда болдық. Бәрі де ойдағыдай өтіп жатқан. Ұлы дәмді алдымызға ала берген түн ортасында сұрапыл соқты: 500 шақырым жердегі Аман­­қарағай орманында алапат өрт болып жатыр, соған байланысты той тоқтатылады!

Қапелімде есеңгіреп-ақ қалдық. Келіп жатқан хабарлар бірінен бірі өтетін суық. Орманның сегіз жерінен өрт қойылыпты. Демек, бұл қапысыз дайындалған қастан­дық, яки ұстаз тойын өткізбеу үшін әдейі жасалған саботаж демеске лажымыз қалмаған. Ертесіне есеңгіреген жұрт­шылық Ахаңның әкесі жерленген Ата-бейітке бардық. Әкесінің жанына «тұрпат» жасалып, халық Ұстазға арнап өз қаражатына Маңғыстаудың ақ күмбезін тұрғызған. Мен ауылдан Ұстаз ру­хына «құран-хатым» түсіртіп барғам. Бірақ атқарылмақ ізгі істердің бәріне ресми түрде тыйым салынды!

Ал өрт ошағынан жүз-ақ шақырым жердегі облыс орталығында жателдік «жұл­дыздардың» шайтан-шоуы таң атқанша созылғанын естігенде, тіпті морып қалдық! Бұл жалғанның жүзінде Қазақияда қазақ болып қалудан асқан қиямет іс жоқ екенін тағы бір мәрте жан-жүйкемізбен сезініп едік!..

Сол тойдан менің көз алдымда үш сурет қалып қойды біржола. Бірі – Торғай­дағы ашылмай қалған Ақаң мен Жақаңның ескерткіштері: кебіндеріне қымтанған күйі қала барды соңымызда... Екіншісі – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан келген ғалым қыз­дар­дың бозбұлау болып жылап тұрған кейіптері. Үшіншісі, қол-аяғы, керек болса, тілі өзіне түгел бағынбаса да ұстазға арнап аза-жыр оқып тұрған Серік ақын! Шашы ақша бұлт құсап көшіп бара жатты әлдеқайда. Ал ақша бұлттың көзінен баданадай тамшылар төгіліп қоя берген. Сіз ақша бұлттың жылағанын көріп пе едіңіз? Ал мен көрдім...

Светқали НҰРЖАН,

Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 21:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары