Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Жасанды интеллект арқылы кен байлықтарын барлау ісі жаңа деңгейге көтерілді

Жасанды интеллект арқылы кен байлықтарын барлау ісі жаңа деңгейге көтерілді

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанның тау-кен саласында цифрландыру қарқыны артып келеді, ал осы бағытта алдыңғы қатардан көрініп отырған компаниялардың бірі – «Қазақмыс» корпорациясы. 2025 жылдың мамыр айында компания Micromine Advance атты жаңа интеллектуалды жүйені Grade Copilot модулімен бірге іске қосты. Бұл шешім кен орындарын үшөлшемді кеңістікте жоғары дәлдікпен модельдеуге, тау жыныстарының құрамын талдауға және өндіріс көлемін нақты болжауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллекттің көмегімен алынған деректердің нақтылығы артып, геологиялық барлау жұмыстарының сапасы мен тиімділігі едәуір жақсарды.

Бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған елдің цифрландыру стратегиясымен толық үндеседі. Президент жасанды интеллект «қуатты, әділетті және қауіпсіз Қазақстан құруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын» атап өткен болатын. «Қазақмыс» тәжірибесі осы сөздің іс жүзінде жүзеге асып жатқан айқын мысалы.

Фото: Қазақмыс

Компания мамандары жаңа технологиялардың алғашқы нәтижелерін Micromine пайдаланушыларының VIII Орталық Азия конференциясында, Ташкент қаласында таныстырды. Онда «Қазақмыс» геологиялық барлау департаментінің директоры Бекасыл Аукешев Weir Group компаниясының Digital-дивизионы президенті Кристен Уолш (Ұлыбритания) және халықаралық сату жөніндегі жетекшісі Грег Слэйтермен (АҚШ) кездесу өткізді. Тараптар бағдарламалық шешімдердің келешегі, жасанды интеллект құралдарын дамыту және қазақстандық геологтардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Фото: Қазақмыс

Қазіргі уақытта компанияда геологиялық деректерді цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Бұған бұрынғы жылдардағы мұрағаттық материалдар да кіреді. Жинақталған ақпарат бірыңғай корпоративтік геоақпараттық стандартқа біріктірілуде. Ал Micromine бағдарламалық өнімдері барлаудан бастап өндіруді жоспарлауға дейінгі барлық кезеңде қолданылып келеді. Бұл геологиялық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етіп, өндірістік шешім қабылдау үдерісін жылдамдатады.

«Қазақмыс» корпорациясы 2025 жылдың соңына дейін Micromine Advance және Alastri жүйелерінің жаңа модульдерін енгізуді көздеп отыр. Бұл толық цифрлық интеграцияға қол жеткізіп, өндірістің барлық буынын біртұтас ақпараттық ортада біріктіруге жол ашады. Мұндай тәсіл адам факторының ықпалын азайтып, нақты уақыт режимінде талдау жасауға мүмкіндік береді.

Фото: Қазақмыс

Конференция аясында геолог Жан Шомытов Жаман-Айбат кен орны бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелерін ұсынды. Micromine жүйесінің көмегімен мамандар мыстың минералдануы мен тектоникалық бұзылыстар арасындағы байланысты анықтап, геологиялық құрылымдарды талдауда жасанды интеллекттің тиімділігін дәлелдеді. Бұл зерттеу интеллектуалды жүйелердің күрделі табиғи процестерді түсінуге және минералдық ресурстарды бағалауға айтарлықтай үлес қосатынын көрсетті.

Бүгінде «Қазақмыс» компаниясында 400-ден астам маман Micromine бағдарламасын белсенді қолданады. Корпорацияның қолында 300-ге жуық лицензия және 1400-ден астам бағдарламалық модуль бар. Барлық геологиялық деректердің 90%-дан астамы цифрлық форматқа көшірілді. Сонымен қатар, 500-ден астам қызметкер арнайы оқытудан өтті, олардың көбі халықаралық сертификатқа ие болды.

Мұндай жүйелі жұмыс нәтижесінде «Қазақмыс» Қазақстандағы тау-кен саласын цифрландыру бағытындағы көшбасшылық орнын нығайтып келеді. Компания тек технологияны енгізіп қана қоймай, еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға және Президент айқындаған басым бағыттардың бірі — жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды өндіріске енгізу міндетін нақты жүзеге асырып отыр.

Еске салсақ, Жезқазғанда заманауи зертханалар мен цифрлық технологияларды қамтитын бірегей геологиялық кластер құрылатыны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 16:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары