Жол қауіпсіздігі стратегиясы әзірленіп жатыр
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
— 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы саладағы басқаруды жүйелеуге, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруге және халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында апаттылықты төмендету шараларын іске асыруға бағытталған Жол қауіпсіздігі стратегиясы әзірленіп жатыр, — деді Премьер-министр.
Оның айтуынша, жаңа жолдар пайдалануға берілгенге дейін ішкі істер органдары тарапынан жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды берілентін болады. Мұндай міндетті нормативтік өзгерістер алдағы уақытта енгізіледі.
— Барлық жаңа автожол жобаларындағы қауіпті учаскелерде жол қозғалысы қауіпсіздігіне инспекция жүргізіледі. Жол-көлік оқиғаларының себептері анықталып, апаттылықты төмендетуге бағытталған техникалық шешімдер әзірленеді, — деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, өткен жылы жол жамылғысын тиісті деңгейде жөндеп ұстамағаны үшін 7,4 мың лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылғанына назар аудартқан еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 16:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















