Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Жолда жолақтар қосылғанда кім жол беруі керек ЖҚЕ ні талдаймыз

Жолда жолақтар қосылғанда кім жол беруі керек ЖҚЕ ні талдаймыз

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Екі жолақтың біреуге айналуы жүргізушілер арасында жиі дау тудырады. Әсіресе, автокөліктер қатар келе жатқанда сұрақтар көбейеді: сол жақтағы жүргізуші оны өткізу керек деп есептесе, оң жақтағысы "оң жақ кедергі" ережесіне сүйенеді. Сонымен, кімдікі дұрыс екенін Tengri Auto анықтап көрді.

Егер екі жолақ бір жолаққа біріксе, "оң жақ кедергі" ережесі қолданыла ма?

Қазақстанның Жол қозғалысы ережелерінде (ЖҚЕ) оң жақ басымдығы туралы жалпы ереже бар. 8-тараудың 56-тармағында: егер көлік құралдарының қозғалыс траекториялары қиылысып, өту кезектілігі қағидалармен айқындалмаса, көлік құралы оң жақтан жақындап келе жатқан жүргізуші жол беруге тиіс деп белгіленген.

Алайда, жолақ ауыстыру жағдайына қатысты арнайы норма бар.

ЖҚЕ 8-тарауының 51-тармағына сәйкес, жолақ ауыстыру кезінде жүргізуші қозғалыс бағытын өзгертпей, қатар келе жатқан көлік құралдарына жол беруі керек. Ал егер қатар келе жатқан көлік құралдары бір мезгілде жолақ ауыстырса, онда жүргізуші оң жақтағы автокөлікке жол беруге міндетті.

Бұл ретте ЖҚЕ бойынша жолақ ауыстыру – бастапқы қозғалыс бағытын сақтай отырып, иеленген жолақты өзгерту болып саналады. Маневр жасамас бұрын жүргізуші оның қауіпсіздігіне көз жеткізуі керек, ал бұрылу сигналын қосудың өзі ешқандай басымдық бермейді.

Осылайша, екі автокөлік бір мезгілде бір жолаққа ауысқан кезде, ресми түрде оң жақтағы көліктің басымдығы бар. Мұндай жағдайда жай ғана "оң жақ кедергі" емес, нақты "бір мезгілде жолақ ауыстыру" ережесі туралы айтқан дұрысырақ.

Бірақ, егер жолақтардың бірі аяқталса, бұл жағдай міндетті түрде өзара жолақ ауыстыру болып саналмайды. Мысалы, сол жақ жолақ аяқталса, ондағы көлік көрші жолаққа ауысуы тиіс, ал оң жақтағы машина өз жолағымен қозғалысын жалғастыра береді. Мұндай жағдайда жолағы аяқталған жүргізуші қозғалыс бағытын өзгертпей келе жатқан көлікке жол беруі керек. Бұл ЖҚЕ-нің 51-тармағынан туындайды.

Басқаша айтқанда, алда жолақтардың бірігуі орын алғаны үшін ғана сол жақтағы көліктің басымдығы болмайды.

"Жолдың тарылуы" белгісі

1.18.1–1.18.3 белгілері "Жолдың тарылуы" деп аталады. Суретіне қарай ол жолдың қос қапталдан, оңнан немесе солдан тарылатынын ескертеді.

"Жолдың тарылуы" белгісі/Фото: depositphotos.com

Бұл белгінің өзі қатар келе жатқан қатарлардың біріне екіншісінің алдында басымдық бермейді. Ол тек ескертуші белгі және жүргізушіге жолдың ені немесе жолақтар саны азаятын учаскеге жақындағанын хабарлайды.

Сол сияқты, 1.19 таңбасы жүріс бөлігінің тарылуына – осы бағыттағы қозғалыс жолақтарының саны азаятын учаскеге жақындағанын ескертеді.

Сондықтан тек "Жолдың тарылуы" белгісінің болуы оң жақ қатардағы жүргізуші сол жақ қатардағы көлікті автоматты түрде өткізуге міндетті дегенді білдірмейді.

Егер сол жақ жолақ аяқталса, оның жүргізушісі оңға қарай жолақ ауыстырып, осы жолақта бағытын өзгертпей келе жатқан көлік құралына жол беруі тиіс. Ал егер нақты жол жағдайында екі автокөлік те бір мезгілде жолақ ауыстырса, 51-тармақтың ережесі қолданылады: оң жақтағы көліктің басымдығы бар.

Егер оң жақтағы жүргізуші сол жақтағы көлікті жібермеу үшін әдейі жылдамдығын арттырса

Мұнда іс-әрекеттердің реттілігі маңызды. ЖҚЕ жүргізушіге қозғалыстың басқа қатысушыларына кедергі келтіруге тыйым салады, ал кез келген маневр қауіпсіз орындалуы тиіс. Бұл ретте қағидалар бойынша басып озылатын жүргізуші жылдамдықты арттыру немесе басқа да әрекеттер арқылы басып озуға кедергі жасамауы тиіс екендігі бөлек белгіленген.

Алайда екі қатарлас жолақтың әдеттегі бірігуі кезінде оң жақтағы көліктің кез келген жылдамдықты арттыруын автоматты түрде ереже бұзушылыққа теңеуге болмайды. Егер автокөлік өз жолағымен жүріп, белгіленген жылдамдықтан асырмаса және тыйым салынған маневр жасамаса, оның аяқталып жатқан жолақтан ауысқысы келетін көліктің алдында болуы оны басымдығынан айырмайды.

Сонымен бірге оң жақтағы жүргізуші жалпы қауіпсіздік талаптарынан босатылмайды. ЖҚЕ қозғалыстың басқа қатысушыларына қауіп төндірмеуді, ал маневрлерді орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді талап етеді.

Сондықтан ЖКО кезінде кінәліні тек соқтығысудан кейінгі көліктердің орналасу суретіне қарап анықтау мүмкін емес. Мән-жайды анықтау үшін жол таңбалары мен белгілері, соқтығысқанға дейінгі көліктердің орны, қозғалыс траекториялары, жолақ ауыстырудың басталған сәті және бейнежазбалар маңызды рөл атқарады.

Түйін

Егер екі қатарлас жолақтың бірі аяқталып, сол жолақтағы көлік көрші жолаққа өтуі керек болса, ол өз жолағымен қозғалысын жалғастырып жатқан көлік құралына жол береді.

Егер екі автокөлік бір мезгілде бір жолаққа ауысса, сол жақтағысы жол береді: оң жақтағы автокөліктің басымдығы бар.

Егер учаскеде параллель жүру бөліктері қосылған кездегі басымдықты айқындайтын арнайы белгілер орнатылса, соларды басшылыққа алу қажет. "Жолдың тарылуы" белгісінің өзі ешқандай басымдық бермейді.

Жол-көлік оқиғасы кезінде түпкілікті бағалау нақты жол жағдайына, белгілер мен таңбалардың сақталуына, автомобильдердің траекториясына және дәлелдемелерге, соның ішінде бейнежазбаларға байланысты болады.

Тағы оқыңыз: 2026 жылы Қазақстанда көлікке қалай аз ақша жұмсауға болады?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 20:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары