Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Драматургиядағы дара даңғыл

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Жүргізушілерді балдық жүйемен жазалау ұсынылды

Жүргізушілерді балдық жүйемен жазалау ұсынылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алматы-Бішкек трассасында болған жол апатынан 7 адам қаза тапты. Жеңіл және жүк көлігінің соқтығысуынан бірінші теміртұлпардағы жолаушылардың бәрі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал құзырлы орын өкілдері қара жолдағы қателікті азайту үшін ереже бұзғандарға баллдық жүйе енгізуді ұсынып отыр. Оған көнбесе жүргізуші емтиханды қайта тапсыруға жіберілуі мүмкін.

Жыл басынан бері елде 29 мыңнан астам жол апаты болған. Салдарынан 2 мыңдай адам қаза тапты. Қара жолдағы қанды оқиғаларға қарапайым ережелерді бұзу себеп болып отыр. "Егер қауіпсіздік белдігі тағылып, жүргізуші қырағылық танытса, солардың жартысы аман қалар еді", - дейді полиция өкілдері. 

Ғалым Сарғұлов, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

-  Тек жылдамдықты асырудың салдарынан 406 адам көз жұмды, қарсы  жолаққа шыққан – 400, жолды рұқсат етілмеген жерден өткен  – 67 адам қаза тапты.

Жолда  ессіз жүйткитін жүргізушілерді жүгендеу   үшін баллдық жүйе енгізу ұсынылып отыр. Заңнан қаймықпайтындар айыппұлмен ғана құтылмай, емтиханды қайта тапсыруға мәжбүр болады. Бас прокуратурада өткен жиында мұндай жаза кімге қолданылатыны түсіндірілді.  

Цитата: жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты үйлестіруші кеңестің отырысынан

 «Жол қозғалысы ережелеріне қатысты заңбұзушылықтарды баллдық есепке алуды цифрлық тіркеуге негізделген енгізу керек. Бұл жүйелі түрде тәртіп бұзатын жүргізушілерді уақытылы анықтауға және оларды көлік жүргізуден шеттетуге мүмкіндік береді. Баллдың шекті деңгейіне жеткен жүргізушілер емтихандарды қайта тапсыруға жіберіліп, бұл дайындық сапасы мен жолдағы тәртіпті арттырады».

Апатқа кінәлі жүргізушілердің 81%-ы бұған дейін де бірнеше мәрте ереже бұзған. Жол қазғалысына қатысты үйлестіруші кеңес отырысында осындай сандар айтылды.  Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында жүргізуші бір жылда 32 рет заң бұзып, соның ішінде 13 рет жылдамдықты асырған. Сайып келгенде қаңтарда дәл осы жүргізуші қарсы жолаққа шығып, салдарынан өзі және екі жолаушысы қаза тапты. Сондықтан ұсынылып отырған баллдық жүйе жол апатын азайтуға оңтайлы шешімдердің бірі болуы мүмкін дейді адвокат Ринат Баймолда.

Ринат Баймолда, Алматы облысының адвокаттар алқасы мүшесі, адвокат:

- Жол заңбұзушылықтарына байланысты баллдық жүйені енгізу туралы дұрыс деп санаймыз. Пилоттық режимде енгізуді сұрауға болады. Егер оңтайлы болса, сол кезде баллдық жүйені енгізу әбден мүмкін деп ойлаймын. Заңда былай жазылған: көлік деген аса қатерлі материалдық бағана. Көлікті айдау, ол аса маңызды болу керек және ол адамның өмірімен парапар ғой.

Осы тұста заңның үстемдігін нығайтумен қатар жол қозғалысына қатысушылардың әлеуметтік жауапкершілігін ояту маңызды. Мамандар талапты күшейтумен қатар, қоғамда көлік жүргізу мәдениетін дамыту қажет деген түйінге келді.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 15:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see136

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see132

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see128

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see125

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see123

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see122

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see121

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see121

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see121

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see121

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see119

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see119

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see118

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see118

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see117

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see116

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see115

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see115

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see114

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары