Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Жыл сайын су басатын Заречный кенті тұрғындары қашан көшіріледі

Жыл сайын су басатын Заречный кенті тұрғындары қашан көшіріледі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алайда, мемлекет тарапынан қолға алынған шаралар, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және инфрақұрылымды күшейту жұмыстары биыл оң нәтиже берді — бір де бір үй су астында қалмады. Ал өңірдегі жаңартылған қорғаныс бөгеттері болашақта апат қаупін едәуір азайтпақ.

«Бірліктегі» жаңа өмір

Сергей Шепетковтың Петропавлға Қостанайдан қоныс аударғанына алты жыл. Оның бір жылы «Бірлік» шағын ауданында өтті.

Ойқаладағы үйі былтыр көктемде суға кеткен отбасы алғашқылардың бірі болып арнайы салынған жаңа үйге көшті. Қазір мұнда әйелі екеуі тұрып жатыр.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

— Су тасқыны болғанда үйіміз толық суға кетті. Ескертті су келе жатыр деп, бірақ кеш айтты. Біз үйден тұрмыстық техниканы ғана шығарып үлгердік. Жиһазды шатырға кіргізіп едік, бәрібір су астында қалды. Ауланы ақырындап жөнге келтіріп жатырмыз. Әйелім гүлді жақсы көреді. Ойқаладағы бұрынғы үйіміздің маңында да гүл көп болатын. Өткен-кеткен тоқтап, қызықтап қарап тұратын. Раушан гүлін қысқа әзірлеп, орап қойдық. Жылыжай сатып алып орнаттық, қызым жаңа монша сыйлады. Қыздарымыздың үйлері бөлек. Жиі келіп тұрады, — дейді зейнеткер.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

Көктемде бақша еккен отбасы қыстық қор жинап алған. Сергей әрі балықшы, қасындағы Есілден балық аулайды.

— Үйіміз жылы, отын-көміріміз жеткілікті. Электр пеш те орнатып алдық. Бірақ баспананы әлі өз атымызға түсіріп үлгермедік. Құжаттарымызды барлығын бердік, түзететінін түзеттік. Жақында алуға тиіспіз, — дейді Сергей Шепетков.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

Ал Халел Шайдуллин бұған дейін Заречный кентінде барак үйде тұрған.

— Былтыр қараша айында көштік бұл үйге. Әйелім екеуіміз тұрамыз, балаларымыз бөлек. Таңқурай, қарақат, жидек отырғыздық. Бақшаға картоп, қияр, қызанақ, сәбіз ектік. Жері нашар, қатты, топырақ әкелу керек. Ал суаратын су жеткілікті. Үйіміз жылы. Бір жыл ғана болды ғой көшіп келгенімізге, әлі істейтін жұмысы көп, монша салу керек, бақшаны тәртіпке келтіру қажет, — дейді «Бірлік» шағын ауданының тұрғыны Халел Шайдуллин.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

«Бірлік» шағынауданы су тасқынынан кейін бой көтерген елді мекен. Былтыр қысқа уақыттың ішінде 700 үй салынып, баспанасы суға кеткендерге берілді.

Күзде 90 орынға шақталған балабақша ашылды.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

Бұдан бөлек үйі суға кеткендерге 1394 пәтер сатып алынды, механикалық бригадалар және тұрғындардың өздері 1899 баспананы қалпына келтірді.

Заречный кенті тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріледі

Есіл өзенінің жылда тасуына байланысты Петропавлдағы Заречный кенті су басу қаупі жоғары елді мекендердің бірі саналады.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, қазір Заречный кентінде 945 адам тіркеуде тұр. Мұнда № 13 мектеп, түзеу колониясы, сондай-ақ төрт сауда орны мен дүкендер жұмыс істейді. Мұнда 161 пәтері бар 6 көппәтерлі тұрғын үй және 90 жекеменшік баспана бар.

Қала әкімдігі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың мүлкін су тасқынынан қорғау мақсатында биыл Заречный кентінің тұрғындарын қауіпсіз аудандарға көшіру жөнінде шешім қабылдады.

Осыған байланысты облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, тұрғындарды көшіруге арналған екі жаңа көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

— 90 пәтерлі тұрғын үй Крылов, Парк, Әуезов және Петров көшелерінің қиылысында орналасқан. Жобаның жалпы құны — 2 856,1 млн теңге. Баспана биыл желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс. Ал 72 пәтерлі тұрғын үй — Егемен Қазақстан және Есіл көшелерінің шекарасында бой көтереді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қазан айында басталды, тек келесі жылы ғана қолданысқа берілмек. Жобаны жүзеге асыру үшін 2 301,707 млн теңге бөлінді. Жеке меншік үйдің иелеріне өтемақы төлеу немесе шаршы көлемі бойынша баламалы тұрғын үй сатып алып беру жоспарланып отыр, — дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сергей Мелехов.

СҚО-да 112 елді мекен бақылауда

СҚО жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметінше, биылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы бойынша СҚО төтенше жағдайлар департаментімен және аудандық атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны мен еріген қар суынан зардап шегуі мүмкін елді мекендердің жаңартылған тізімі жасалды. 

Тізімге облыс бойынша 112 елді мекен кірді. Бұл бұған дейінгі есептен төртеуге кем. 

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

— Су тасқынына қарсы жұмыстар тоқтаған жоқ. Петропавл гидроқұрылғысының жанында ұзындығы 4,3 км болатын айналма арна салынды, жобаның сметалық құны — 328,6 млн теңге. Сонымен қатар, Қызылжар ауданы Соколовка ауылы маңындағы Есіл өзенінің арнасы түзетілді — бұл жұмыс 870 метрлік аумақта, өзеннің ені 50-80 метр болатын бөлігінде жүргізілді. Бұл жобаға 125 млн теңге бөлінді. Новоникольское ауылында да айналма арна салынды, оны жергілікті шаруашылық өз қаражаты есебінен атқарды. Бұл ауылды су басудан қорғауға көмектесті. Осы салынған арналардың барлығы тиімділігін көрсетті, — дейді СҚО жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Игорь Попов.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

Ведомствоның мәліметінше, биыл Петропавл мен Қызылжар ауданында 6 қорғаныш бөгетті қалпына келтіру және нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған қоса, Петропавлдағы Жеңіс саябағы маңында жағалауды бекіту жұмыстары басталды. Бұл жобалар Демеу Қазақстан қоры есебінен қаржыландырылды.

Жалпы сомасы — 6,5 млрд теңге. Жұмыс осы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

Фото: СҚО әкімдігі

— «Есіл өзенінің жағалауын бекіту» жобасы аясында Жеңіс саябағы маңында жауын-шашын суын ағызатын ашық кәріз жүйесі орнатылды, оған 87,3 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Қызылжар ауданының әкімдігі жергілікті бюджет есебінен 58 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындатты. Бұл жоба Петропавл гидроқұрылғысынан төмен қарай 32 шақырымға дейін Есіл өзенінің арнасын тереңдету мен тазалау жұмыстарын жүргізуге арналған. Қазір өзен түбін зерттеу жұмыстары — батиметриялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл — су тасқыны кезінде өзеннің жайылуын азайтып, су өткізу қабілетін арттыру үшін қажет, — дейді Игорь Попов.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

Прибрежное елді мекеніндегі 8 үй орнында қалады

Тасқын судың жолында тұрған Прибрежное елді мекенінде бөгетті нығайту және кеңейту жұмысын жүргізу туралы шешім облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында қаралды.

Осы ауылдағы Дербес көшесіндегі тұрғындар үшін жаңа қорғаныс бөгетін салу мәселесі де қарастырылып, небары 8 жекеменшік үйдің болуына байланысты жобаның экономикалық тиімділігі күмән тудырған. Сол себепті бұл үйлерді бұзып, тұрғындарына өтемақы беру жоспарланғанымен кейін одан бас тартуға тура келді.

Қызылжар аудандық әкімдігі Прибрежное ауылы Дербес көшесіндегі 8 үй өз орындарында қалдырылатындығын мәлім етті. Жұмыс осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады.

Жылда жолын су басатын Прибрежное елді мекеніне биыл көпір де салу жоспарланған.

Фото: Қайрат Қабдусов

Жақында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы бөгеттерді қайта жаңарту жұмыстарының барысын көрді. Тепличное және Прибрежное ауылдарында жер қазу жұмыстары аяқталуға жақын. Қорғаныс бөгеті темірбетонмен нығайтылып жатыр.

Сондай-ақ, Прибрежное ауылындағы көпір өткелін салумен бірге автомобиль жолының учаскесі де жаңаланбақ. Жобалық-сметалық құжаттама дайын, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

Еліміздің басқа өңірлері де дайындықты күшейтті

Солтүстік Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыс — еліміздің өзге де өңірлеріне ортақ міндет. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі атқарылып жатқан жұмыстың барысын тексерді.

Мәселен Батыс Қазақстан облысында биыл су тасқынына қарсы 17 іс-шара жүзеге асты. Соның ішінде 11 км қорғаныш бөгеттері нығайтылып, шамамен 2 шақырым су бұру арналары мен арықтар салынды, Қаратөбе ауданы аумағында Қалдығайты және Жақсыбай өзендерінің арналары кеңейтілді. Жыл соңына дейін тағы осындай 23 іс-шараны аяқтау жоспарланған.

Қарағанды облысында су тасқыны қаупі жоғары елді мекендер тексеріліп жатыр. Ақтоғай ауданының Сарытерек, Жетімшоқы ауылдарында қорғаныш үйінділерін нығайту жұмыстары қолға алынған. Тоқырауын өзенінің 4 шақырымдық учаскесінде арнаны тазарту осы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

Қызылорда облысында Сырдария өзенінің жағалауындағы бөгеттер бақылауға алынған. Қармақшы ауданы мен Жаңақорғанның Көктөбе ауылындағы магистральды каналдар жағдайы сараланып, оларды нығайту жоспарланған.

Маңғыстау облысында да су тасқынына қарсы кешенді іс-шаралар қолға алынған. «Сарықабақ» гидротехникалық нысанына көшпелі тексеру жүргізілді. Ақтау қаласында судың жиналу қаупі бар 23 қауіпті учаскеде жаңбыр суын өткізу жүйелері тазартылып, қажет болған жағдайда дренаж желілері жөнделмек.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл жұмыстардың барлығы су тасқынының алдын алуға, халықтың өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталған.

Фото: СҚО әкімдігі

Алдын алу шаралары нәтиже берді

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, биыл көктемде далалық зерттеулер жүргізіліп, оның нәтижесі жыл соңына дейін сарапталады.

Сонымен қатар, 2026 жылғы су тасқыны маусымына дайындық ретінде арнайы инженерлік жоспар қолға алынған. Оның аясында барлығы 37 іс-шара қарастырылған.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform

Оның ішінде: 13 жоба — елді мекендерде қорғаныш бөгеттерін салу және нығайту; 10-ы — республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда су өткізу қабілетін арттыру; 9 жоба — арықтарды, жаңбыр суын ағызатын кәріз жүйесін жөндеу, тазалау, кеңейту; біреуі — өзен арнасын тазартуға, енді бірі су қоймасындағы су деңгейін төмендетуге байланысты.

Қазіргі таңда осы жұмыстың 12-сі, яғни 32% аяқталған.

Фото: СҚО әкімдігі

Жалпы, уақытылы жүргізілген алдын алу және қорғаныс шараларының нәтижесінде биыл көктемде өңірде су тасқыны айтарлықтай залал келтірмеді. Ең бастысы — бір де бір тұрғын үй суға кетпей, мал шығыны тіркелмеді.

Бұған дейін Павлодарда 2026 жылғы су тасқынына қарсы іс-шаралар қазірден басталып кеткенін жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 20:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары