Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл ақынға бұйырғаны – келте ғұмыр. Осы келте ғұмырында ақын жұртына қал­дырған мұрасының қадіріне жетіп түсіну, рухани кеңістігімізді, жан дүниемізді сауық­тыру, ізгілік әлеміне үңілу – біздік міндет.

«Жүрегімді аялайды ерке өлең,
Қимайтынын білдіреді ол ертеден,
Қайран өлең, аппақ қанат құс болып
Жылайсың ба өліп қалсам ерте мен?».

Ақын «Өлеңге» осылайша шерін шаққанға ұқсайды. Кеудесінде өлеңін еркелеткен талант бұл шумақтары арқылы жан сырын жайып салғандай. Бәрі ұғынықты сияқты, бірақ арғы жағында тереңдік «телміреді», бұйығы сыр кілтін жасырып, кісімсінеді. Қалай түсінсек екен? Бәлкім, бұл ақынның сөз құдіретіне деген риясыз сенімі болар. Осы сенім оны «өз өлеңім жоқтаушым әрі ғұмырымды мәңгілікке жалғастырушы» болады деп үміттендірген шығар.

Тұрсын Жұмаштың жазғандарынан таза жанының аш өзегіне өлең түсіп кетіп, соны кіршіксіз пейілмен қорытып, зерделеп аласұрған ақынның мазасыз бейнесін көргендей боласың. Аш өзекке түскен ас адамды алып тынар болса, ал ақын жанының аш өзегіне түскен өлең жарыққа, қасиет-киеге ие болып, түрленіп шығады. Ақынның «Пенделер-ай!» деген туындысына тоқталайық.

«Мен сенбеймін, Алла, сенен басқаға,
Саған аян менің адал екенім.
Ақмола емес, аспанда ғой астана –
Сонда менің мекенім.
Талай таңды кірпік ілмей атырдым,
Ойға толы ауыр тартып тұр басым.
Аспан жаққа ұшып бара жатырмын,
Түсінбейді замандасым, құрдасым».

Он төртінде өлең өлкесіне өрістеген ақынның Аллаға деген сенімі нық. Бұл сенім оны адалдық атты темірқазыққа жіпсіз матаған. Ал жан тазалығы, адал болу ақынға басқа мекен іздетпей қойсын ба? Осы жырымен сарындас мына бір шумақтарға үңілейікші:

«Мына мені бір күні еске түсіріп,
Жылайсыңдар тағдырымды түсініп,
Бұл фәниден шындық іздеп жүргенде,
Алып кетті қанатына құс іліп.
Алып ұшып кетті мені ол биікке –
Ақ періштем, қалай қисын күйікке.
Құдайменен бірге жүрген жақсы ғой,
Жаным сені, үлгермедім сүйіп те», дейді ол. Бұл – жер бетіндегі тағдырының қалай аяқталарын күні бұрын білгені емес пе?

Ақынның шығармаларына бір қарағанда үмітсіздік, торығу мен күйіну, түңілу ғана тән секілді көрінеді. Алайда сол сезімдердің ар жағынан шын өмірді, таза, асыл өмірді сүйгенін байқаймыз. «Құдайменен бірге жүрген жақсы ғой» дегенін, «періштелер алып кеткенін» қайда қоярсыз? Жалған дүние емес, оны періштелік пәк өмір қызықтырды, бәлкім іңкәр етті. Өзін де, өзгені де алдағысы келмепті ақын.

Тұрсын Жұмаштың соңында 1997 жылы жарық көрген «Періште» атты жалғыз кітабы қалды. Ақын өмірден қайтқан соң екі жылдан кейін шыққан бұл кітапта көрсетілген бірқатар дерекке тоқталсақ, кейіпкеріміздің кескін-келбеті біршама айқындала түспек. Онда: «Қарқаралы өңірінде бір белдің асты, бір заманда ғұмыр кешсек те, мен оның дидарын көзі тірісінде көре алмай қалған едім. Өлеңдерін сүйсіне оқып жүріп, «Алла амандығын берсе, бір жүздесерміз» деп жүргенде, ол бақиға аттанып кетті... Аяулы ақын Тұрсын Жұмаш «аз жазса да, саз жазған» үлкен дарын иесі. Ол өмірді керемет сүйді. Қимады. Амал не, өзінің ерте кететінін ақын жүрегімен түсінді. Ақынның жаны-рухы мәңгі өлмейтіндігін терең сырлы, ойшыл жырлары арқылы дәлелдеп кетті. Қасымды туған Қарқаралы, Мұқа­ғалиды жаратқан Қарасаз сынды Тұр­сынды дүниеге әкелген Балқантау да Алаш жұртының аяулы топырағына айналады әлі. Оны қазақтың арқалы ақыны Есенғали Раушанов таныды. Тамсанды. Есенғалилар екінің бірін, егіздің сыңарын ақын деп атай бермейді...», деп жазылған. Осы арада Тұрсын Жұмашты ірі суреткер Есенғали Раушанов ақын ретінде танығанына екпін түсіруі көңіл аудартады. «Жас қазақ» газетінің 1992 жылғы 11 қарашасындағы санында «Тұлпар-ақ екен» деген тақырыппен шыққан мақалада Е.Раушанов: «Бұл жігіттің екі «айыбы» бар. Бірі – астанадан шалғай ауданда тұратындығы. Екіншісі – мынадай заманда өлең жазып жүргендігі. Әйтпесе айдарынан жел есіп тұрған мына өлеңдердің әлдеқашан-ақ айы оңынан туатын жөні бар емес пе? Амал қанша, жырсүйер қауым Тұр­сын Жұмашев деген ақынды әлі біл­мейді. Мен де білмейтін едім. Бірде Қара­ған­ды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті қо­лыма түсе қалды. Ол газет маған қалай кел­ді, неге, жадымда жоқ, жадымда қалғаны – төр­тінші бетіндегі бір топ өлең. Бұл топтаманың авторы – Қарағандының Егіндібұлақ ауданында тұратын Тұрсын Жұмашев екен.

Риза боп, хат жазып жібердім. Ойым – жас ақынның жырларын Алматының газет-журналдарына жариялату. Жұмашев мырзаның жауабын ұзақ күтуге тура келді. «Жұматайға ұқсай ма, қалай өзі?» дедім де қойдым. Жұматай демекші, баяғыда мен ауылда жүргенде Жұматай дәл осылай хат жазған.
«Барлық ақын – баласы бір ананың» (Мұқағали).

Тұрсын айтады: «Мен де бір тұлпарың­мын, тағдыры бар, Даланың кеңдігінен байқалмаған...». Мен сенгім келеді», деп жазған-ды.

Қалай десек те, Тұрсын Жұмаштың қазақ поэзиясындағы дауысы анық әрі ашық. Көңіл терезесінен сәулесін төгер, нәзік те мұңлы әуезімен жүректі тербеп, ләззатын сыйлар ақын шығармалары өзіне еріксіз тарта береді.

«Ойларымды кезінде айта алмаған,
Қатал уақыт, сен енді қайтар маған!
Мен де бір тұлпарыңмын тағдыры бар,
Даланың кеңдігінен байқалмаған...».

Бұл – ешкімге кінә артқысы жоқ кешірімшіл жүректің сөзі. Өлең көзіндегі бір тамшы жас­тай әсер етеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 10:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары