Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Адам баласын шексіз энергия дәуіріне жетелейтін термоядролық эксперимент басталды

Адам баласын шексіз энергия дәуіріне жетелейтін термоядролық эксперимент басталды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

BGR сайтының хабарламасына сүйенген Aikyn.kz, атақты Прованста іске қосуға дайындалып жатқан термоядролық реактордың техникалық жұмбақтарын ашады.

Францияның оңтүстігіндегі Прованс өлкесінің дәл жүрегінде, адам баласын шексіз энергия дәуіріне жетелеуі мүмкін әлемдегі ең ауқымды термоядролық эксперимент тарих үшін ең тағдырлы сәтке жақындады. 40 жылға созылған халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесі ITER жобасында реактордың белсенді аймағын құрастыру басталды. Бұл – жалпы құрылыстан эксперименттің жүрегін жинау кезеңіне өтетін маңызды кезең.

Көпжылдық құрылыс жұмыстары, миллиондаған бөлшектерді жеткізу және интеграцияны мұқият жоспарлаудан кейін инженерлер термоядролық станцияның «ішкі жүрегін» жинауға кірісті. Ол – осы прототип реактордың ең нәзік әрі күрделі бөлігі.

Адамзаттың алғаш рет Күннің бетінде жүріп жатқан процестерді Жер бетінде қайталауға жасаған қадамы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударуда.

Алдағы айларда – болат қабырғалар миллиметрлік дәлдікпен біріктіріліп, отқа төзімді дәнекермен жалғанады. Осылайша ғалымдар бір ғана жұмбақтың шешіміне жақындайды: ITER алғашқы плазманы тудыра ала ма? Термоядролық синтезді коммерциялық тұрғыда іске асыратын болашаққа жол ашыла ма?

Бұл жоба адамзат тарихындағы ең ірі ғылыми бастама. Мамандар бұны – Ай бетіне адамның қонғанынан да ұлы, маңызды оқиға деп есептейді. Ғылым тағы да мемлекеттерді, зертханаларды, өнеркәсіптерді бір арнаға тоғыстырып отыр.

Прованста бүкіл адамзаттың өмірін өзгертетін жұмбақтың шешімі шығады: ITER алғашқы плазманы тудыра ала ма? Фото ITER ресми сайтынан алынды

Халықаралық термоядролық эксперименттік ITER реакторы бүгінде әлемдегі ең ауқымды ғылыми жоба ғана емес, сонымен қатар жұлдыздарды жарыққа бөлеп тұрған термоядролық синтез үдерісін Жер бетінде іске асыруға талпынған адамзаттың ғажайып бастамасы болып саналады. Жобаның негізгі мақсаты – термоядролық синтезді тек зертханалық деңгейде ғана емес, өнеркәсіптік ауқымда да жүзеге асыруға болатынын дәлелдеу.

Бұған дейін Қытайда Күннен де ыстық плазма жағдайын жасай алған тәжірибелер өтіп, оның нәтижелері үміт күттірген болатын. Алайда дәл ITER секілді әлемдік деңгейде бірігіп салынған, толыққанды реактор құрастыруға бағытталған жоба тарихта болмаған.

ITER құрылысы Францияның Кадараш аймағында жүріп жатыр. Бұл – жеті ірі қатысушы бірігіп жүзеге асырып жатқан үлкен серіктестік: Еуропалық Одақ, Қытай, Үндістан, Жапония, Корея, Ресей және АҚШ. Әрқайсысы жобаның белгілі бір бөлігін жобалап, жасап, жеткізуге жауапты. Мұндай үлестік жүйе ғаламдық өндірістік ынтымақтастықты қамтамасыз етіп қана қоймай, жобаға бір ғана қаржылық көзге тәуелді болмай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Құрылыстың ең үлкен бөлігі –Еуропаға жүктелсе, шамамен 45,6%, қалған елдер әрқайсысы 9,1% көлемінде үлестерін қосуда.

1980 жылдардың ортасынан басталғаннан бері ITER шағын ғылыми идеядан орасан зор инженерлік жүйеге айналды. Оның басты міндеті – бірден электр энергиясын өндіру емес, алдымен термоядролық реактордың ғылыми, технологиялық және инженерлік тұрғыдан жүзеге аса алатынын дәлелдеу.
Ол үшін: жанып тұратын плазманы тұрақты ұстап тұру, асқын өткізгіш магниттерді, плазманы қыздыру жүйелерін, диагностика құралдарын сынау, тритийді көбейту тетіктерін тексеру, қашықтан қызмет көрсету жүйелерін дамыту қажет.

Бұлар – болашақта жұмыс істейтін демонстрациялық термоядролық электростанциялар үшін бастапқы базис болмақ.

Жаңартылған жоспарға сәйкес:

2030 жылдары – сутегі мен дейтерий плазмасын іске қосу,

2036 жылы – магниттік қуатты толық пайдалану,

2039 жылы – дейтерий-тритий қоспасымен толыққанды тәжірибелік реактор фазасын бастау жоспарланған.
Сонымен қатар, ИТЭР-ден кейін DEMO деп аталатын реактор құрастырылып, ХХІ ғасырдың екінші жартысында коммерциялық термоядролық энергетикаға көпір болады деп күтілуде.

Соңғы айларда ИТЭР инженерлері реактордың белсенді аймағын (core) құрастыруды бастады. Бұл – токамактың жүрегі, плазманы қамап ұстайтын орталық бөлігі.

Бұл кезеңге мыналар:

Асқын өткізгіш материалдардан жасалған негізгі магнит катушкаларын дәл орналастыру;

Вакуумдық камераларды біріктіру;

Тірек конструкцияларын, орталық соленоидты және ішкі компоненттерді монтаждау кіреді.

Ең маңызды әрі күрделі бөлшектердің бірі – орталық соленоид магниті. Ол жақында толық дайын деп жарияланды. Оны ITER алаңына жеткізіп, орнатуға әзір тұр. Инженерлер оны «машинаның соғып тұрған жүрегі» деп атайды.

Сонымен қатар тоғыз сектордан тұратын тора түріндегі вакуумдық камера да жиналып жатыр. Westinghouse Electric Company-мен жасалған 180 миллион долларлық келісімшарт осы секторларды дәнекерлеп, біртұтас плазманы ұстай алатын герметикалық құрылымға айналдыруды көздейді.

Белсенді аймақты құрастыру процесі – бұл дәлдікке негізделген инженерияның нәзік те күрделі кезеңі. Мұнда барлық нәрсе ескерілуі тиіс: субмиллиметрлік дәлдік; әр детальдың өзара мінсіз сәйкестігі; металл құрылымдардың жылулық қысылуы; криогендік (өте төмен температуралық) жағдайлар және бүкіл станция жүйесінің бір-бірімен үйлесімді жұмысы.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі серіктес агенттіктерден жеткізілетін әрбір компонент алдын ала мұқият дайындықтан, тексерістен және жинақтаудан өтеді. Бұл кезең алға жылжыған сайын, реакторды жұмысқа дайындау кезеңі жақындай түседі.

Тәуекел де жоғары. Белсенді аймақты сәтті жинақтау – алғашқы плазмаға жетудің шешуші шарты. Кішкентай ғана кідіріс немесе миллиметрлік қателік жылдарға созылатын тоқырауға немесе техникалық қайта жобалауға әкеп соғуы мүмкін.

Қазір реактордың белсенді жүрегі салынып жатқан сәтте, ITER адамзат тарихындағы ең маңызды бұрылыстардың біріне жақындап келеді. термоядролық энергия адамзаттың келесі ұлы технологиялық секірісі бола ма, жоқ па? Осы кезеңнің нәтижесі осы сұрақтарға жауап бермек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 13:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары