Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Alatau City жобасы: Ынтымақ, Қоянқұс, Жетіген, Жаңадәуір, Жаңаталаптың жолы жөнделеді

Alatau City жобасы: Ынтымақ, Қоянқұс, Жетіген, Жаңадәуір, Жаңаталаптың жолы жөнделеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Онда «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын жүзеге асыру және жаңа қаланы одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Конституция ауқымды президенттік реформалардың жалғасы екенін және экономиканы одан әрі жаңғырту үшін берік негіз қалайтынын атап өтті. Бұл тұрғыда инвестициялар тартуға, озық басқару шешімдерін енгізуге және қаланың жаңа моделін құруға бағытталған Alatau City жобасы ерекше маңызға ие.

«Негізгі заңмен бірге «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң күшіне енді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Alatau City жобасы экономикалық даму драйверлерінің бірі болуға тиіс. Мемлекет басшысының Жарлығымен Алатау қаласының кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі міндеті – арнаулы құқықтық режимді уақтылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз ету», – деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Alatau City Authority бас атқарушы директоры Алишер Абдықадыров ұйымның ағымдағы қызметі және Алатау қаласын одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндады. Қазіргі уақытта қаланың нормативтік құқықтық базасын қалыптастыру, стратегиялық құжаттарды әзірлеу, мемлекеттік басқарудың заманауи жүйесін құру, инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алатаудың қазіргі бар елді мекендерінің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда, олар – Ынтымақ, Қоянқұс, Жетіген, Жаңадәуір, Жаңаталап шағын аудандары. Осы жылдың соңына дейін Қаланы дамытудың 2055 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарын, жетекші халықаралық консалтингтік ARUP және BCG компанияларын тарта отырып, 2040 жылға дейінгі Даму стратегиясы мен Мастер-жоспарды әзірлеуді аяқтау жоспарлануда.

K-Smart City, Alatau AI-Driven City және Alatau Crypto City жобаларына назар аударылды. K-Smart City шеңберінде пилоттық жоба ретінде Оңтүстік Кореяның тәжірибесі бойынша озық смарт-технологияларды қолдана отырып, ауданы 330 гектар болатын жерге өзін-өзі қамтамасыз ететін аудан құру көзделген. Ал Alatau AI-Driven City тұжырымдамасы нақты уақыт режимінде қалалық процестерді басқару үшін цифрлық сыңарды, Big Data және жасанды интеллектіні енгізуді қарастырады. Alatau Crypto City бойынша токенизация және қаланың Web3-экожүйесін қалыптастыру бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады.

Жалпы, Alatau City Authority деректері бойынша 51 мың жұмыс орны ашылатын 2 трлн теңге сомасына 53 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Негізгі жобалардың қатарында құны $1 млрд-тан асатын Iconic Complex, PepsiCo, Mars, Hyundai Green Food өндірістері, Khan Tengri Biopharma биофармацевтикалық зауыты, AutoFlight пен Joby компанияларымен бірлескен қалалық әуе мобильдігі жобалары, сондай-ақ KAIST университетінің кампусын салу жобасы бар. 2026 жылдың соңына дейін токенизациялау бойынша алғашқы жобаларды іске қосу, резиденттерді тарту және виртуалды әрі нақты экономиканы біріктіретін бірыңғай кеңістік қалыптастыру жоспарланып отыр.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша Кеңес бірқатар шешім қабылдады. Ұйымның құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін және басқару жүйесін айқындайтын Alatau City Authority туралы ереже бекітілді. Осыған сәйкес, Alatau City Authority мемлекеттік қоры басқарманың арнайы ұйымы – Алатау қаласының жұмыс істеуі мен дамуына жауапты мемлекеттік орган болып қайта құрылады.

Қаланы тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін Жедел комитет пен Реттеуші комиссия құру туралы шешім қабылданды. Жедел комитет уақтылы шешім қабылдауды талап ететін мәселелерді қарайтын болады. Реттеуші комиссия нормативтік құқықтық актілерді бекітеді, сондай-ақ арнайы құқықтық режим шеңберінде озық халықаралық практикаларды енгізетін болады. Өтпелі кезең мәселелерін реттеу мақсатында Кеңес Алатау қаласы әкімдігінің жанынан Жер қатынастары жөніндегі уақытша комиссия құруды қолдады. Комиссияның міндеттеріне қаланың мастер-жоспары бекітілгенге дейін басым инвестициялық жобаларды сүйемелдеу де кіреді. Комиссияның міндеттеріне қаланың мастер-жоспары бекітілгенге дейін басым инвестициялық жобаларды сүйемелдеу де кіреді. 

Премьер-министр мемлекеттік органдар мен Alatau City Authority-ге қаланы дамытудың негізгі бағыттары бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 14:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see113

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see111

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

08 Қазан 2026 12:03see110

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

08 Қазан 2026 17:09see110

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары