Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әлемде әрбір бесінші адам темекіге тәуелді

Әлемде әрбір бесінші адам темекіге тәуелді

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әлемде шылым шегетіндердің саны азайып келеді. 2010 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 27%-ға жақсарған. Әсіресе әйелдер жағы ерлерге қарағанда зиянды әдеттен оңайлықпен бас тартатын көрінеді. Дегенмен, темекіге тәуелділер әлі де көп. Қазірдің өзінде әрбір бесінші адам темекі шегеді. Жаһан елдері жағымсыз әдетпен қалай күресіп жатыр? 

Адамзаттың қасіретіне айналған темекінің қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Жыл сайын әлем бойынша осы бір зиянды әдеттен арыла алмаған 7 миллион адам көз жұмады. Жантүршігерлік статистика. Ол-ол ма, шылымға тәуелділер өзіне ғана емес, айналасындағыларға да кесірін тигізеді. Жай ғана темекі түтінімен тыныстағаннан 1,6 миллион адам дертке шалдығып, өмірімен қош айтысады. 

Давид Хаят, профессор, БИЗЕ клиникасының онкологы: 

- Қатерлі ісік ауруының даму қаупі оны тудырушы факторлардың әсері мен ұзақтығына байланысты. Мәселен, адам неғұрлым ұзақ әрі көп мөлшерде темекі шегетін болса, қатерлі ісікке шалдығу қаупі де арта түседі. Шылым шегетіндердің басым бөлігінде өкпе, одан кейін көмей, ауыз қуысы, өңеш, бауыр және ішектің қатерлі ісігі кездеседі.

Аймақтардағы жағдайға кеңінен тоқталайық. Ең көп темекі шегетін тұрғындар Оңтүстік-Шығыс Азияда тіркелген - 26,5%.

Еуропадағы жағдай да көңіл көншітпейді. Мұнда халықтың 24,1% темекіге әуес. Тынық мұхитының батыс бөлігінде де оң динамика баяу жүріп жатыр - 22,9%. Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы елдерде темекінің таралуы - 18% болса, Америка елдерінде бұл көрсеткіш - 14%. Ал Африкада зиянды өнімге құмартқандар аса көп емес - 9,5%.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

- Бразилия темекі салығын үнемі көтеру арқылы елдегі темекі шегу деңгейін екі есе қысқартты. Ал Таиланд темекі мен алкогольден түсетін салықты өзінің ұлттық денсаулық сақтау қорына жібереді. Әлемдік қоғамдастықтың темекіге қарсы бірлескен күресінің арқасында миллиондаған адам шылым шегуді қойып кетіп жатқанын байқаймыз.

Иә, расымен де темекіге енгізілетін салықты көбейту жағдайды әлдеқайда жақсартуға ықпал етеді. Өйткені әлемдегі темекі тұтынушылардың 80%-ы, яғни 1,3 млрд адам табысы төмен және орташа мемлекеттерде тұрады. Ал салық неғұрлым жоғары болса, темекі өнімдерінің бағасы қымбаттап, сәйкесінше оған қол жеткізу де қиындай түседі. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекімен күрес ретінде олардың жарнамасына тыйым салуды ұсынады.

Джереми Фаррар, ДДСҰ бас директорының денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу және емдеу ісі жөніндегі көмекшісі:

- Қазір шамамен 20% ересек темекі және құрамында никотин бар өнімдерді қолданады. Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды. Әрине, салада белгілі бір жетістіктер байқалады. Дегенмен бұдан да жылдам әрі табанды әрекет ету арқылы ғана біз бұл індетті жеңе аламыз.

Қысқасы, ұйым темекімен күреске шындап кіріскен. 2030 жылға қарай шылым шегетін адам санын 150 млнға азайтуды көздеп отыр. Бұл мақсат орындала ма, жоқ па – уақыт көрсетер. Дегенмен, темекі өндірушілер де қарап отырған жоқ. Күннен күнге қарапайым шылымнан бөлек құрығына оп-оңай түсіретін никотинді өнімдердің небір түрлері пайда болып жатыр. 

Авторы: Мөлдір Жақан

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 12:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары