Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

AMANAT : Беру саласында жасанды интеллекті тиімді пайдалану жолын көрсетті

AMANAT : Беру саласында жасанды интеллекті тиімді пайдалану жолын көрсетті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл бастама Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың «Mұғалім Talks» кейс-платформасының екінші отырысында берген тапсырмасының негізінде жүзеге асып, мұғалімдерге арналған тегін онлайн курсты ұйымдастыру, білім беру саласында жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету, сондай-ақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру мәселелерін көздейді.  

Мұғалімдерді жасанды интеллект технологияларын тиімді және жауапты қолдануға үйрету, олардың жұмыс жүктемесін азайтып, оқыту сапасын арттыруға арналған «Ustazga AI»: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде» жобасын таныстыруға арналған кездесу жиыны Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, «Daryn.online» компаниясының бас директоры Айбек Қуатбаев, «Daryn Ustaz» компаниясының мемлекетпен байланыс бөлімінің басшысы Ерлан Абдиманапов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова қатысты.

Ұстаздар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берген жиынға облыстық білім басқармасына қарасты барлық ұйымдардың жауапты мамандары, әдістемелік орталықтардың жетекшілері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектептер мен колледждердің директорлары қатысып, жасанды интеллект технологияларын білім беру процесіне кіріктірудің маңыздылығымен танысты. 

Жиынды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық «Әйелдер қанатының» жетекшісі Қалыйма Жантөреева ашып, жүргізді. Өңір ұстаздармен өтіп жатқан кездесудің маңыздылығына тоқталған Қалыйма Жантөреқызы, қазіргі технологиялық дәуірде білім беру саласының даму қарқыны жаңа талаптарды алға тартатынын айтты. Жасанды интеллект – ұлттық даму стратегиясының тірегі екеніне баса мән беріп, бұл бастама Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынының мазмұны болғанын жеткізді. Осы орайда, «AMANAT» партиясы «Mұғалім Talks» кейс-платформасының отырысында жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде кеңінен қолдануды қолдайтынын айқындағанын атап өтті. Бұл үдеріс елдің интеллектуалды әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отырғанын және партиямыздың бұл бағыттағы жаңа бастамаларын білім беру саласының қызметкерлеріне жеткізуде «AMANAT» партиясының хатшысы, Әйелдер қанатының жетекшісі Шолпан Таңатқызы, «Daryn.online», «Daryn Ustaz» жаңа буын компанияларының өкілдері Түркістан облысына арнайы келгенін атап өтті. 

Кездесудің ашылуында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев білім беру жүйесін заман ағымына сай дамытуда жаңа буын мамандарды даярлауға арналған бастаманы таныстыруға арналған кездесу қонақтарын Түркістан қаласының төрінде көргеніне қуанышты екенін білдіріп, бұл бағыттағы ынтымақтастықты арттыруға олыс әкімдігі әрқашан дайын екенін жеткізді. 

«Білім саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу, білім сапасын арттыру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуының бағыттарын айқындай отырып, цифрландыру мен жасанды интеллект салаларын басым бағыт ретінде атап өтті. Бұл Жолдау еліміздің білім беру жүйесіне үлкен жауапкершілік пен тың мүмкіндіктер ашып берді. Түркістан облысы Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдай отырып, білім беру саласының цифрлы трансформациясын жеделдетуді, жасанды интеллекті саласы арқылы ерте жастан білім беруді қалыптастыруды және педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру бағыттарында нақты шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі таңда облысымызда информатика, робототехника және STEM кабинеттерін жабдықтау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп отыр», - деді Ертай Кенжебекұлы.

Қоғамның цифрлық дағдыларын қалыптастыруда «AMANAT» партиясы биылдан бастап «Цифрлы қоғам» жобасын іске қосқанын партия хатшысы Шолпан Қаринова атап өтті. Бұл жба бірнеше бағытты қамтитынын, соның ішінде ең ауқымдысы – педагогтарды қолдау бағыты екенін айтты. 

«AMANAT» партиясының 30 пайыздан астам мүшесі – педагог мамандар болып табылады, сондықтан, партиямыз мұғалімдерді қолдауда бірнеше маңызды тармақтар бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Оның бір бағыты ретінде республикалық және өңірлік деңгейде кеңестерді атап өтуге болады, осы кеңестерде білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланады, шешімдер қабылданады. Партиялық бақылау комитеті білім объектілерінің құрылысына қатысты мемлекеттік органдармен бірлесе жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Екінші жыл қатарынан «Mұғалім Talks» кейс-платформасын өткізді. Бұл жоба мұғалімді тек кәсіби маман ретінде ғана емес, оны жоғары құндылық иесі ретінде көрсетуге басымдық берілді. Осы жобаның алаңында белсенді мұғалімдер «Ұстаз – ұлт айнасы» наградасымен марапатталады. Жаһандық цифрландыру кезеңінде отандық педагог кадрлардың кәсіби құзіреттілігін кеңейтуде «Ustazga AI» педагогтерге жасанды интеллектті оқу процесіне тиімді енгізу жобасын қолдадық. Бұл жоба мұғалімдерге оқу жоспарын түзуге, күнделікті жұмыс бағыттарын белгілеуге, оқушылардың білімін бағалауға, сараланған тапсырмаларды белгілеуге, талдау жүргізуге, күрделі шешімдер қабылдауға жәрдемші болады», - деді Шолпан Таңатқызы. 

Платформа мен курстар арқылы жасанды интеллектіні педагогтың көмекшісі ретінде пайдалануға үйрету мәселесіне қатысты «Daryn.online» компаниясының бас директоры Айбек Қуатбаев пен «Daryn Ustaz» компаниясының бөлім басшысы Ерлан Абдиманапов қызықты мағлұматтармен бөлісіп, «Ustazga AI» платформасының артықшылықтарын таныстырды.

Айта кету керек, бұл жоба цифрландыру және білім берудегі тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бағытындағы нақты қадам болып табылады. Жоба үш негізгі кезеңді қамтиды. Оның ішінде бірінші кезең бойынша – онлайн курстар басталып, барлық өңірдегі мұғалімдер «Ustazga AI»: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде» жобас теы бойынша тегін онлайн курстан өтетін болады. Екінші кезеңде – педагогикалық хакатон ұйымдастырылады. Оған  онлайн оқуды аяқтаған мұғалімдер арасынан үздік 400 педагог арнайы іріктеуден өтіп, «Мұғалім AMANAT» педагогикалық хакатонына шақырылады. Бұл кезеңде ұстаздар «Мектепке арналған жасанды интеллект шешімі» тақырыбында өз жобаларын қорғайды. Ең үздік деп танылған 20 мұғалім халықаралық тағылымдамаға жолдама алады. Ал үшінші кезең – Халықаралық тағылымда деп аталады. Бұл кезеңде хакатон жеңімпаздары келесі жылдың маусым айында Оңтүстік Кореяда өтетін 7 күндік тағылымдамаға қатысады. Мақсат – білім беру саласында жасанды интеллект  технологияларын енгізудің үздік халықаралық тәжірибесін зерделеп, оны қазақстандық мектептерге бейімдеу болып табылады. 

Облыс мектептері мен колледждеріндегі білім беру процесіне жасанды интелектіні енгізу мәселелері бойынша Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова хабарлама жасап, цифрлы дағдыны қалыптастыруда мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары, цифрлық платформалар жайлы ақпарат берді.  

Жиынды қорытындылаған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев жасанды интеллектіні білім беру саласына енгізу – уақыт талабы екенін айтты. 

«Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған цифрландыру мәселесі жаңа ұлттық идеяға айналды. Жасанды интеллект пен жаңа технологиялар Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Оған дәлел ретінде «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бастамасымен қолға алынған «Ustazga AI» платформасының іске қосылғанын айтуға болады.  Бұл платформа арқылы еліміздің мыңдаған ұстаздары, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Әрине, жасанды интеллект – мұғалімді алмастыратын құрал емес, керісінше оның кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін, уақытын үнемдейтін, оқыту сапасын арттыратын сенімді серіктес. Біз АІ технологияларын дұрыс, жауапкершілікпен және педагогикалық мақсатқа сай қолдануымыз қажет. Ең бастысы – мұғалімнің рөлі өзгермейді. Мұғалім әрқашан білім берудің жүрегі, рухани жетекшісі және бағыт көрсетушісі болып қала береді. Ал жасанды интеллект – сол жолдағы көмекші құрал міндетін атқаратын болады», - деді облыстық партия филиалының төрағасы.

Алтынсары Дүйсенбекұлы бүгінгі кездесу жаңа идеяларға, жаңа ізденістерге жол ашқандығына тоқталып, жаңа дәуір ұстаздарын қалыптастыруға септігі тиетін алаңның ашылуына ұйытқы болған   «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Таңатқызына, «Daryn.online» компаниясының бас директоры Айбек Нұрланұлына, «Daryn Ustaz» компаниясының өкілі Ерлан Әуелбекұлына алғысын айтты. Дамуға бастайтын сенімді ықпалдастығымыз одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 11:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see152

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see150

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see148

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see146

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see133

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see130

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see130

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see130

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see129

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see128

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see128

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see124

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see122

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see122

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see121

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see120

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see119

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see119

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see119

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары