Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

AMANAT партиясы шағын бизнеске түсетін салық жүктемесін төмендетуді ұсынады

AMANAT партиясы шағын бизнеске түсетін салық жүктемесін төмендетуді ұсынады

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«AMANAT» партиясы барлық деңгейдегі мәслихаттарды биылғы 1 желтоқсанға дейін оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін төмендету туралы шешім қабылдауға шақырады. Бүгінде 27 аудан мен қалада салық 2-3%-ға дейін төмендетілді. Партияластардың пікірінше, бұл шара шағын және орта бизнестің фискалдық жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.

Түрлі деңгейдегі мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық корпусының атқарған жұмыс нәтижесі «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды. Оған өңірлердегі мәслихаттардың төрағалары қатысты. Қатысушылар партияның сайлауалды уәделерін орындау, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселелерін, сондай-ақ бизнес қауымдастығының жаңа Салық кодексі бойынша жұмысқа дайындық деңгейін талқылады.

Іс-шараны ашқан Эльдар Жұмағазиев алдағы жылы партия бизнеске барынша қолдау көрсетуге, мемлекеттік шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлердің, әсіресе шағын және орта бизнес иелерінің мүдделерін ескеруге тиіс екенін атап өтті. Келесі жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне (ЖСК) сәйкес, оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету немесе арттыру туралы шешімді мәслихаттар қабылдайды және аталған мәселе биыл 1 желтоқсанға дейін толық шешілуге тиіс. Ол бірқатар өңірде талқылау жұмысы аяқталғанын және кейбір мәслихаттар шағын және орта бизнестің мүдделерін ескере отырып, төмен мөлшерлемелерді бекіткенін атап өтті.

«Жаңа салық жүйесі аясында шағын және орта бизнес қосымша жүктемеге тап болуы мүмкін. Біз бір жағынан бизнес үшін әділ болатын, сонымен бірге жергілікті бюджеттердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін шешімдер қабылдауымыз керек. Мәслихаттардың мөлшерлемелерді бекіту туралы қаулылары негізделіп, кәсіпкерлерге жеткізілуге тиіс. Мөлшерлемелерге кез келген өзгеріс енгізу әрекеті мұқият сарапталып, бизнес-қоғамдастыққа жіті түсіндірілуі керек», деді партия Хатшысы.

Мәселен, 28 қазанда Өскемен қаласында тиісті шешім қабылданды. Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Александр Светаштың айтуынша, арнайы салық режимі аясында мөлшерлемені төмендету қадамы кәсіпкерлерді «көлеңкелі аймақтан» шығуға және салықты белгіленген тәртіппен төлеуге ынталандырады. Облыс орталығында тіпті бизнес субъектілерінің саны артып келеді.

Ал осы жылы 17 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мәслихат депутаттары салық мөлшерлемесін 4%-дан 3%-ға дейін төмендету бастамасына қолдау білдірді. Халық қалаулыларының пікірінше, бұл шара болашақта жаңа кәсіпорындардың ашылуына ықпал етіп, нәтижесінде халықты жұмыспен қамту деңгейі артады.

Бұған қоса, Атырау қаласында, Атырау облысына қарасты Махамбет және Жылыой аудандарында, сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданынан басқа барлық ауданында 2% төмендетілген мөлшерлеме бекітілді.

Кеңес барысында өңірлердегі партия филиалдары жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша үйлестіру кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру қадамдары да талқыланды. Эльдар Жұмағазиев бүгінде бизнесті толғандырған түйткілді мәселелердің тізімін құру жұмысын аяқтаудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – жиындарды формалды түрде өткізу емес, бизнесті толғандырған өзекті мәселелерді анықтау, оларды жергілікті және орталық мемлекеттік органдарға жеткізу, мәселені жергілікті жерде шешу жұмысын қамтамасыз ету. Кәсіпкерлер партия қолдауын сезінуі керек. Біз оларға жобаларын жүзеге асыруға және бизнес тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкіндік беруіміз керек. Бұл қадам, әсіресе салық заңнамасы өзгерген тұста аса маңызды», деп түйіндеді партия хатшысы.

Айта кетейік, еліміздегі 8 облыста орналасқан 27 аудан мен қалада оңайлатылған декларация негізінде жаңа арнайы салық режимі үшін мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, тағы 60 ауданда мөлшерлеме төмендеуі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 16:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары