Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Абыройы асқақтаған аудан

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

AMANAT партиясы шағын және орта бизнеске көрсетілетін қолдауды күшейтуде: салыққа қатысты шешім 1 желтоқсанға дейін қабылдануға тиіс

AMANAT партиясы шағын және орта бизнеске көрсетілетін қолдауды күшейтуде: салыққа қатысты шешім 1 желтоқсанға дейін қабылдануға тиіс

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«AMANAT» партиясы барлық деңгейдегі мәслихаттарды биылғы 1 желтоқсанға дейін оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін төмендету туралы шешім қабылдауға шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бүгінде 27 аудан мен қалада салық 2-3%-ға дейін төмендетілді. Партияластардың пікірінше, бұл шара шағын және орта бизнестің фискалдық жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Түрлі деңгейдегі мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық корпусының атқарған жұмыс нәтижесі «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды. Оған өңірлердегі мәслихаттардың төрағалары қатысты. Қатысушылар партияның сайлауалды уәделерін орындау, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселелерін, сондай-ақ бизнес қауымдастығының жаңа Салық кодексі бойынша жұмысқа дайындық деңгейін талқылады.

Іс-шараны ашқан Эльдар Жұмағазиев алдағы жылы партия бизнеске барынша қолдау көрсетуге, мемлекеттік шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлердің, әсіресе шағын және орта бизнес иелерінің мүдделерін ескеруге тиіс екенін атап өтті. Келесі жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне (ЖСК) сәйкес, оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету немесе арттыру туралы шешімді мәслихаттар қабылдайды және аталған мәселе биыл 1 желтоқсанға дейін толық шешілуге тиіс. Ол бірқатар өңірде талқылау жұмысы аяқталғанын және кейбір мәслихаттар шағын және орта бизнестің мүдделерін ескере отырып, төмен мөлшерлемелерді бекіткенін атап өтті.

 «Жаңа салық жүйесі аясында шағын және орта бизнес қосымша жүктемеге тап болуы мүмкін. Біз бір жағынан бизнес үшін әділ болатын, сонымен бірге жергілікті бюджеттердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін шешімдер қабылдауымыз керек. Мәслихаттардың мөлшерлемелерді бекіту туралы қаулылары негізделіп, кәсіпкерлерге жеткізілуге тиіс. Мөлшерлемелерге кез келген өзгеріс енгізу әрекеті мұқият сарапталып, бизнес-қоғамдастыққа жіті түсіндірілуі керек», – деді партия Хатшысы.

Мәселен, 28 қазанда Өскемен қаласында тиісті шешім қабылданды. Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Александр Светаштың айтуынша, арнайы салық режимі аясында мөлшерлемені төмендету қадамы кәсіпкерлерді «көлеңкелі аймақтан» шығуға және салықты белгіленген тәртіппен төлеуге ынталандырады. Облыс орталығында тіпті бизнес субъектілерінің саны артып келеді.

Ал осы жылы 17 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мәслихат депутаттары салық мөлшерлемесін 4%-дан 3%-ға дейін төмендету бастамасына қолдау білдірді. Халық қалаулыларының пікірінше, бұл шара болашақта жаңа кәсіпорындардың ашылуына ықпал етіп, нәтижесінде халықты жұмыспен қамту деңгейі артады.

Бұған қоса, Атырау қаласында, Атырау облысына қарасты Махамбет және Жылыой аудандарында, сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданынан басқа барлық ауданында 2% төмендетілген мөлшерлеме бекітілді.

Кеңес барысында өңірлердегі партия филиалдары жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша үйлестіру кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру қадамдары да талқыланды. Эльдар Жұмағазиев бүгінде бизнесті толғандырған түйткілді мәселелердің тізімін құру жұмысын аяқтаудың маңызы зор екенін атап өтті.

 «Біздің міндетіміз – жиындарды формалды түрде өткізу емес, бизнесті толғандырған өзекті мәселелерді анықтау, оларды жергілікті және орталық мемлекеттік органдарға жеткізу, мәселені жергілікті жерде шешу жұмысын қамтамасыз ету. Кәсіпкерлер партия қолдауын сезінуі керек. Біз оларға жобаларын жүзеге асыруға және бизнес тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкіндік беруіміз керек. Бұл қадам, әсіресе салық заңнамасы өзгерген тұста аса маңызды», – деп түйіндеді партия Хатшысы.

Айта кетейік, еліміздегі 8 облыста орналасқан 27 аудан мен қалада оңайлатылған декларация негізінде жаңа арнайы салық режимі үшін мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар  тағы 60 ауданда мөлшерлеме төмендеуі күтілуде.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 01:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see115

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see114

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see113

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see112

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see111

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see111

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see110

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

14 Шілде 2026 09:55see109

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see109

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары