Әр отбасыға бақыт! ұранымен 1,5 мыңнан аса салымшы 6,8 млрд теңге қаржы құйған
Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті тұтыну кооперативі түрінде жасырылған «ELL QUATY» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Ұйымдастырушылар азаматтарды «HALYK QUATY» кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендіріп, пайлық жарналарды енгізуді ұсынған. Өз қызметін halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, «Әр отбасыға бақыт!» деген ұранды пайдаланып, «халықтық кооператив» деген жалған бейне қалыптастырған.
«HALYK» тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы «ELL QUATY» болып өзгертілген.
Жаңа салымшыларды тарту үшін басшылық түрлі маркетингтік акциялар өткізген, соның ішінде «Солнечная Турция» туристік жолдамаларын ұтысқа қойған.
Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына «QAZ INFO MARKET» ЖШС тіркеп, онда кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, салымшылардан түскен қаражатты шығарған. Алайда бұл қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген.
Нәтижесінде пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олар жалпы 6,8 млрд теңге қаржы құйған.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бүгін, 10:19
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 12:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















