Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Астанада көлікті мас күйінде басқарған судья: қазақстандықтарға қолсұғылмаушылық шегі қайда екені түсіндірілді

Астанада көлікті мас күйінде басқарған судья: қазақстандықтарға қолсұғылмаушылық шегі қайда екені түсіндірілді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жоғары сот кеңесі Қазақстанда судьялар заң бұзған кейінгі жағдайларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары сот кеңесі Қазақстанда судьялар заң бұзған кейінгі жағдайларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары сот кеңесінің мүшесі Салтанат Жүніспекованың айтуынша, былтыр судьяларға 40 тәртіптік жаза қолданылған: ескерту, сөгіс және қызметінен босату.

"Судьяларды жауапқа тартуға негіз болған тәртіптік теріс қылықтардың негізгі түрі сот істерін қарау кезіндегі өрескел заңбұзушылықтар. Сондай-ақ сот әдебіне қайшы келетін, абыройға нұқсан келтіретін әрекеттер болды. Сот жюриі ең қатаң жазаны абыройға нұқсан келтіретін іс-әрекет жасаған судьяларға қолданады. Сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде бір судья қызметінен босатылып, үшеуіне судья әдебін бұзғаны үшін шара қолданылды", - деді Салтанат Жүніспекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Кеңес мүшесінен астаналық судья Әсел Досаеваның көлікті мас күйде басқарып, кейін жұмыстан шығарылғаны туралы да сұралды.

"Мас күйде көлік айдағаны үшін судьяны жауапқа тартуға Президент деңгейінде араласу қажет болғанына жұртшылық наразы. Жоғары сот кеңесі судья иммунитеті механизмін қайта қарау мүмкіндігін қарастырып жатыр ма? Бұл тетік әділдікке кедергі келтіретін тосқауыл емес, тәуелсіздік кепілі болуы тиіс емес пе?" - деген сауал қойылды.

Салтанат Жүніспекова мұндай шаралар заңмен белгіленген процедураның талабы екенін түсіндірді.

"Бұл жағдайда Мемлекет басшысының араласуы емес, дәл осы судьяларды әкімшілік жауапкершілікке тартудың күрделі процедурасын сақтау қажет болды. Тәртіп бойынша алдымен ішкі істер органдары Бас прокурорға жүгінуі тиіс, содан кейін Бас прокурор Жоғары сот кеңесіне ұсыныс тастайды. Кеңес әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастырып, ұсыныс береді. Содан кейін мәселе Президент әкімшілігіне беріледі. Тәртіп осындай", - деді Жүніспекова.

Ол судья иммунитеті мәселесі әрқашан салмақты әрі мұқият қарауды қажет ететінін айтты.

"Жалпы судья иммунитеті — қандай да бір жеке артықшылық емес, бұл оның сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігінің конституциялық кепілі екенін түсіну керек. Сондықтан бұл нәзік шекараны сақтау өте маңызды. Сонымен бірге, бұл жазасыздық дегенді білдірмейді, мұны дұрыс түсіну қажет", - деді кеңес мүшесі.

Қолданыстағы заңнамада судьяларды белгіленген процедураны сақтай отырып, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тарту механизмі қарастырылған. Бұл рәсім өзге тұлғаларға қарағанда күрделі, бірақ ең алдымен сотқа және сот жүйесіне кез келген қысымды болдырмау міндетінен туындаған.

Жүніспекованың айтуынша, мұндай жағдайда судьялардың тәуелсіздігін қорғаумен қатар, судьялардың бірі құқық бұзушылық жолына түссе, жазаның бұлтартпастығы принципін қамтамасыз ету маңызды.

Мән-жайы

2025 жылғы 2 қарашада желіде Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаеваның көлікті мас күйде айдағаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Полиция рейдтік іс-шаралар барысында Mazda маркалы автокөлік тоқтатылғанын хабарлады. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің алкогольді мас күйінде болғаны анықталды.

Кейін судьяның ұсталуына қатысты оқиғаға ІІМ пікір білдірді. Атап айтқанда, судьяның жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені хабарланды.

Сонымен қатар, елордалық сот судьялардың ерекше құқықтық мәртебесіне қарамастан, бұл оларды құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын хабарлады.

Бұған дейін соттың баспасөз қызметі Әсел Досаеваның қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырып жатқанын хабарлады.

Биылғы қаңтарда Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі қарау қорытындысы бойынша Досаеваны кінәлі деп танып, оған 200 АЕК көлемінде айыппұл салынғанын (786 400 теңге, себебі құқық бұзушылық 2025 жылы жасалған - ред. еск.) хабарлады.

Кейін Әсел Досаева соттағы қызметінен айырылғаны белгілі болды.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Сәуір 2026 15:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see113

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see111

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

08 Қазан 2026 12:03see110

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

08 Қазан 2026 17:09see110

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары