Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Астанада Месроп Маштоц атындағы көше ашылды

Астанада Месроп Маштоц атындағы көше ашылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанада философ, ғалым, армян әліпбиінің негізін қалаушы Месроп Маштоц атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Армения Республикасының білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, армян диаспорасының өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Астанада Месроп Маштоц атындағы көшенің ашылатыны туралы алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы сәуірде Ереванға жасаған ресми сапары барысында жарияланған еді.

Өз құттықтау сөзінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көшенің ашылуы екі халықтың достық, өзара түсіністік пен мәдени бірлікті нығайтуға деген ұмтылысының жаңа символы екенін атап өтті.

«Бүгінгі іс-шара – армян халқына деген құрметіміз бен достық пейіліміздің белгісі. Осы жылдың сәуір айында Ереванда қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының атындағы саябақ ашылды. Енді ол жерде ойшылдың құнды мұрасы ұлықталады. Бүгін Қазақстанда Месроп Маштоцтың есімі берілген көшені ашу арқылы біз осы игі қадамға құрметпен жауап беріп, рухани мұра – мәдениеттеріміз қос өзеннің сағасындай тоғысатын, бір-бірін байыта түсетін кеңістік екенін тағы бір дәлелдейміз», – деді Аида Балаева.

Салтанатты іс-шара барысында сөз сөйлеген Армения Республикасының білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян армян ғалымының есімін ұлықтау халықтардың өзара құрметі мен достығы, мәдени ынтымақтастығы тарихындағы жаңа белес екенін атап өтті.

«Ереванда Абай саябағының, енді міне, Астанадағы Маштоц көшесінің ашылуы екі ел мәдениетін жалғаған көпір іспетті. Бұл көпір арқылы тек ұлы тұлғалардың есімдері ғана емес, бейбітшілік пен білім, шығармашылық пен достық сияқты ортақ құндылықтар да ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Армения мен Қазақстан – тарихы терең, ұлы ойшылдарының рухани мұрасын ұлықтап, келешекке ұмтылған мемлекеттер. Екі ел арасындағы ынтымақтастық қашанда бір-бірін толықтырып, байытып отыратын серіктестікке негізделген. Сондықтан Маштоц көшесінің ашылуы біздің мәдени және білім саласындағы байланыстарымызды жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам деп білемін», – деді Жанна Андреасян.

Айта кетейік, іс-шара Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ресми сапары аясында өтті.

Месроп Маштоц – Армения тарихындағы аса маңызды тұлға. Оның ағартушылық қызметі ұлттық жазба мәдениетінің негізін қалап, білім мен әдебиеттің дамуына зор серпін берді. Бұл армян халқының тарихи болмысын сақтауға ықпал еткен шешуші факторлардың бірі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 13:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары