Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Астанадан Куала Лумпурге дейін Silk Way Star жобасын миллиардтаған көрермен тамашалайды

Астанадан Куала Лумпурге дейін Silk Way Star жобасын миллиардтаған көрермен тамашалайды

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Silk Way Star жобасы Астананы Азия және Еуропа қалаларымен байланыстыратын нағыз көпір болып отыр. Апта сайын шоу бірнеше елде бір уақытта эфирге шығып, Бакуден Ұланбатырға дейінгі көрермендер талқылайтын мәдени шараға айналды.

Қазақстанда жоба әр сенбі күні сағат 20:00–де Jibek Joly телеарнасында және сағат 22:30–да Silk Way телеарнасында шығады, бұл халықаралық аудиторияға жол ашады.

Фото: JJ

Қырғызстанда Silk Way Star «Музыка» және «Маданият» телеарналарында көрсетіледі — үшінші эпизод 11 қазанда сағат 21:00–де көрсетілді. Әзербайжанда шоу SPACE TV телеарнасында шығады.

Тәжікстанда да — САФИНА (ТВС) телеарнасында сағат 21:30–да, Моңғолияда — USB TV-де сағат 19:30–да көрсетіледі. Грузияда — Georgian Times TV телеарнасында сағат 21:00–де, ал Өзбекстанда — ZOR TV телеарнасында сағат 17:20–де көрерменге жол тартады.

Фото: JJ

Сонымен бірге, жоба Қытайда да халықаралық CGTN телеарнасында көрсетіледі, ол әлемнің 170-тен астам елінде таралады. Бұл әлемдегі ең ірі медиа ресурстардың бірі.

Silk Way Star жобасы жай вокалдық байқау емес, түрлі елдердің орындаушыларын біріктіретін ауқымды кросс-мәдени медиажоба атанды. Ол түрлі тілдерді, мәдениеттерді және музыкалық дәстүрлерді біріктіреді, әртістер танылатын мүмкіндіктер алаңы және мәдени дипломатия құралы болып отыр.

Астана сахнасында дәстүрлі және заманауи жанрлардағы әндер шырқалды, түрлі елдің жұлдыздары бірлесіп өнер көрсетті — мұның бәрі жобаны кең аудиторияға да, кәсіби қауымдастыққа да қызықты етеді.

Фото: JJ

Байқаудың төрт кезеңінде қатысушылар өз репертуарынан ән орындады, әлемдік музыкалық композициялар мен қазақстандық әндерді ана тілдерінде шырқады. Төртінші эпизодта әртістер репертуарын алмастырып, басқа елдің хит әнін түпнұсқа тілде орындады және бұл мәдени бірліктің символына айналды.

Жобаға Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдерінің вокалистері қатысып жатыр.

Екінші эпизодтан кейін Әзербайжанның қатысушысы Сабина Заде жобадан кетті, ал үшінші эпизодтан соң — Түрікменстан өкілі, әнші Довран Шаммыев шығып қалды.

Жас әртістер Silk Way Star жобасына қатысу — өз елін таныту, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті халықаралық сахнада көрсету мүмкіндігі екенін айтуда. Баку, Ташкент немесе Ұланбатырда көрермендер қазақ, қытай, грузин әндерін тыңдап, некен-саяқ мәдени алмасулармен салыстырғанда ұзағырақ сақталатын берік байланыстар орнатады.

Фото: JJ

Айта кетейік, жоба Jibek Joly телеарнасы мен China Media Group (CMG) медиакорпорациясының серіктестігімен түсіріліп келеді. Қазақстандық тарап жетекші халықаралық хабар таратушылармен ынтымақтастық әлемдік аренада елдің мәдени орнын нығайтатынын және дарынды әртістерге жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

Әділқазы алқасының мүшелері де жобаның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, қатысушылардың шеберлігін және Silk Way Star сахнасында орнаған ерекше достық атмосферасын ерекше атап өтті.

Фото: JJ

— Мұндай талантты адамдар арасында болу таңғаларлық сезім. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін және жобаның барлық қатысушысын жақсы көремін, — деді Әзербайжаннан келген жюри мүшесі, танымал әнші Эфенди.

Қытайдан келген танымал композитор әрі музыкалық продюсер Хун Бин Silk Way Star жобасын ерекше деп санайтынын айтты.

— Мен толқып тұрмын, өйткені бұл шоудың маңызы артып келеді. Silk Way Star жобасының жарқын болашағына сенемін. Келесі жылы ол Қытайда өтеді деп үміттенемін және өз жалғасын табады, — деді ол.

Фото: JJ

— Бұл жай вокалдық байқау емес, мәдени алмасу алаңы. Халықаралық жоба жоғары деңгейде ұйымдастырылған әрі өте қызықты. Баршаңызды осы жобаны тамашалауға шақырамын. Бәріміз бірге ең үздік әртісті таңдайық, — деді Малайзиядан келген жюри мүшесі Дато Данья.

Фото: JJ

Төртінші эпизодтың толық нұсқасын және жобаның басқа да кезеңдерін мына сілтемеден көруге болады. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 20:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see149

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see147

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see145

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see143

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see130

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see127

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see127

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see127

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see126

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see125

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see125

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see121

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see119

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see118

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see117

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see116

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see116

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары