Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Ат спортындағы жаңа белес: Қазақстан 2026 жылы FEI жарыстарын өткізетін ел ретінде бекітілді

Ат спортындағы жаңа белес: Қазақстан 2026 жылы FEI жарыстарын өткізетін ел ретінде бекітілді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Биыл Ассамблея жұмысына FEI-дің 132 мүше елінің ішінен 87 ұлттық федерацияның делегациялары қатысты. Қазақстан 1993 жылдан бері FEI-ге мүше мемлекет. Осы уақыт бойы Ассамблея жұмысына тұрақты түрде қатысып келеді.

Фото: Қазақстан ат спорты федерациясы

Халықаралық ат спорты федерациясы (FEI) 1921 жылы құрылған және жүз жылдан астам уақыт бойы ат спортына арналған халықаралық ережелер мен жарыстар жүйесін қалыптастырып келеді. Ассамблеяның алғашқы күндерінде Қазақстан делегациясы конкур мен атпен мәнерлеп жүру ережелеріне өзгерістер енгізу, Олимпиада ойындарына және 2026 жылы Аахен қаласында өтетін FEI Әлем чемпионатына іріктеу форматы сияқты мәселелерді талқылауға қатысты. Сондай-ақ спортшылардың қауіпсіздігі мен жылқылардың әл-ауқаты, цифрлық ветеринариялық паспортты енгізу және ашықтық пен кәсібилікке бағытталған FEI-дің жаңа басқару үлгісі қаралды. 12 жыл бойы ұйымды басқарған FEI президенті Ингмар де Вос өкілеттігін аяқтап, Халықаралық олимпиадалық комитеттегі жаңа қызметке ауысады.

6–7 қарашада пленарлық отырыстар мен дауыс берулер өтті. Қазақстан 2026 жылы FEI аясында үш халықаралық жарыс өткізу құқығын алды: Дүниежүзілік кубок кезеңі, FEI World Cup Challenge финалы және Еуразиялық лига финалы. Бұл қазақстандық спортшыларға алғаш рет халықаралық рейтингтік ұпайларды өз елінде жинауға мүмкіндік береді, шетелдік жарыстарға қатысу шығындарын азайтады және тұрақты халықаралық жарыс тәжірибесін қамтамасыз етеді.

— Дүниежүзілік кубок кезеңін, FEI World Cup Challenge финалын және 2026 жылы Аахендегі FEI Әлем чемпионатына іріктеу турнирін өткізу құқығы — Қазақстанда ат спортының жүйелі дамуына жасалған маңызды қадам. Енді біздің спортшылар елден шықпай-ақ халықаралық рейтингтік ұпай жинай алады. Жас шабандоздар үшін FEI World Cup Challenge әлемдік финалына қатысу мүмкіндігі ашылады. Басты мақсатымыз — жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырып, осы мүмкіндікті спортшыларды дайындау үшін барынша тиімді пайдалану, — деді Қазақстан ат спорты федерациясы президентінің кеңесшісі Сергей Буйкевич. 

Фото: Қазақстан ат спорты федерациясы

Ассамблея барысында FEI президенті Ингмар де Вос Қазақстанда жарыстар өткізу федерацияның халықаралық турнирлер географиясын кеңейту және жаңа елдерді жаһандық спорттық күнтізбеге тарту мақсаттарына сәйкес келетінін атап өтті, осылайша бұл бастаманы қолдайтынын білдірді.

Қазақстан Ассамблея барысында жаттықтырушыларды даярлау және спортшыларды оқыту жүйесін жетілдіру бойынша жобаларды таныстырды. FEI және Olympic Solidarity Coaching System бағдарламасын енгізу және спортшыларды халықаралық деңгейде сертификаттау жөніндегі пилоттық жобаны қолдады.

Ассамблея жұмысы Longines FEI Awards халықаралық марапаттау рәсімімен аяқталды. Шара барысында жыл қорытындысы шығарылып, спортшылардың, жаттықтырушылардың, ат күтушілердің (groom) және жарыс ұйымдастырушыларының жетістіктері атап өтілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ат спортына мемлекеттен қолдау жетіспей тұрғанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қараша 2025 13:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see155

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see154

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see146

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see135

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see129

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see127

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see125

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see123

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see122

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see122

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see122

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see122

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see120

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see119

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see119

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see119

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see118

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see113

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары