Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Атырау облысында ауылға тартылған су жарамсыз боп шықты

Атырау облысында ауылға тартылған су жарамсыз боп шықты

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Атырау облысында ауызсу жеткізуге арналған жоба нәтижесіз болды. Екі жыл бұрын Былқылдақты ауылына 209 млн теңге бөлініп, 10 шақырым құбыр тартылған.

Бірақ жеткізілген су ащы әрі ішуге жарамсыз болғандықтан тұрғындар оны тұтынудан бас тартқан. Олардың айтуынша тартылған құбыр да, су тұщытатын нысан да қазір қараусыз жатыр.

Былқылдақтыға тартылған құбыр да, су тұщытатын нысан да салынғаннан бері қараусыз жатыр. Мына ғимараттағы қондырғылар келген суды тазартып, үйлерге жеткізуі керек еді. Бірақ ойдағыдай болмады. Судың ащылығы сондай, тіпті мал да ішпейді.

Қуандық Елемесұлы құбыр арқылы ауылға су келетінін естігенде көпшілікпен бірге қуанған еді. Бірақ үйге жеткен тірішілік нәрі пайдаға аспаған. Енді суды тұшытып берсе, кәдеге жаратар едік,- дейді ол. Әзірге үйдің жанынан қазылған құдықтың суын ішіп отыр.

Қуандық Елемесұлы, Былқылдақты ауылының тұрғыны:

- Су тұшып, әр үйге қосатын болса жақсы болатын еді. Су тұшып жатса үй шаруашылығына қолданамыз. Ал әзірге келіп тұрғанмен, пайдаланып отырған жоқпыз. Өзіміздің үйдің қасынан қазып қойған құдығымыздан пайдаланып отырмыз.

10 шақырым жерден құбыр тарту жобасы ақылға қонымсыз шешім болды, дейді тұрғындар. Себебі ауыл маңында жыл бойы ағып тұратын тұщы су бар.

Бұл – 60-қа тарта тұрғыны бар Былқылдақты ауылының іргесіндегі бұлақ. Жыл он екі ай үзілмей ағады. Ауыл тұрғындары суды пайдаланады. Бұдан бөлек, әр үй шамамен 7 метр тереңдікте құдық қазып алған. Оның да суы тұщы.

Мәселе тек Былқылдақты ауылымен шектелмейді. Соркөл мен Сарықұмақ елдімекендеріне тартылған құбырлар да қазір жарамсыз күйде. Жауаптылардың түсіндіруінше, бұл аумақтың су қоры 2008 жылы зерттелген. Бірақ сол кезде бұлақ суын пайдалану мәселесі қарастырылмапты. Енді тұщы суды далаға жібермей, кәдеге жарату керек, - дейді облыстық Мәслихат депутаты Қайырбек Баймұратов.

Қайырбек Баймұратов, облыстық Мәслихат депутаты:

- Осы суды алып Атырауға алып бара жатырмын. СЭС-қа апарып тапсырып, анықтаймыз. Судың көлемі тәулігіне 600 куб су дейді. Неге далаға бостан-босқа ағып жатқан суды дер кезінде зерттеп, осыны неге жасамаған? Былай қарағанда 10 шақырымнан су тартады. Сонда 209 млн халықтың ақшасы желге ұшып кетті деген сөз ғой.

Сағыз ауылдық округі әкімінің айтуынша, бұл — бұрын бекітілген жоба бойынша салынған жүйе. Енді қараусыз қалған су тұщытатын станция мен құбырды «Сағыз су» мекемесіне сенімгерлік басқаруға беріп, жұмысты келер жылдан бастап жалғастыру жоспарланған.

Асхат Арыстанов, Сағыз ауылдық округінің әкімі:

- Бұл бұрынғы жоба бойынша жасалған ғой. Бізге дейін жасалған жоба. Енді біздің мақсат осы жобаны жалғастырып, жұмысты жүргіземіз. Суды жүргізуіміз керек. Енді бәрі салынып тұр ғой. Әр үйге су тартылып тұр. Осы жұмысты жалғастырып, суды жүргіземіз қалай болғанда да. Ол бұзылмайды, алға қарай суды жүргіземіз.

Тірлігі төрт түлікке байланған Былқылдақты ауылында қазір 20-ға тарта үй бар. Елдімекенге көгілдір отын тартылған. Енді ауыз су мәселесі шешілсе, көшіп кеткендер қайта оралар еді, - дейді ауыл тұрғындары.

Автордары: Асланбек Шығыр, Амантай Матенов, Жандос Рахметуллин

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see152

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see150

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see149

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see148

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see145

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see145

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see143

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see142

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see142

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see141

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see141

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see140

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see140

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see138
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары