Блогерлердің лотерея өткізуі қылмыстық санатқа ауыстырылады
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
– Иә қаралып жатыр (қылмыстық жауапкершілік енгізу). Бұл мәселе бойынша қазір басқа органдардан ұсыныс жиналып жатыр. Содан кейін Үкіметтің қарауына және Мәжіліске шығарамыз. Қаржы пирамидаларына жарнама жасағанға қылмыстық жауапкершілік енгіздік. Бұл жерде де сондай қылмыстық жауапкершілік қарастырып жатырмыз, – деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында.
Еске сала кетсек, 11 автокөлікті ұтысқа қойып, курс сатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әзірге оларға ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Блогерлер ел аумағынан шыққан жоқ.
Сондай-ақ бүгін Сенатта ТМД елдерінің заңсыз қаржы айналымын анықтауға көмектесетін халықаралық орталығын құру туралы келісім бекітілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 12:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















