Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Богдан Вербовой: Польша сахнасында өзімді ғана емес, қазақ балет мектебін де таныстырып жүрмін

Богдан Вербовой: Польша сахнасында өзімді ғана емес, қазақ балет мектебін де таныстырып жүрмін

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

– Богдан, Польша ұлттық балетінен шақырту алған сәт есіңізде ме? Шетелдік театр ұжымына қалай қосылдыңыз?

– Мен Budapest Ballet Grand Prix байқауынан кейін Польша ұлттық театры тарапынан шақырту алдым. Бұл байқауда алтын медаль жеңіп алдым. Қазылар алқасының құрамында театрдың балет труппасының көркемдік жетекшісі Кшиштоф Пастор болды.

Нәтижелер жарияланғаннан кейін қазылармен қысқаша тілдесуге мүмкіндік туған еді. Сол кезде Кшиштоф Пастор маған өзі келіп, қайда өнер көрсетіп жүргенімді сұрады. Әңгіме барысында өз труппасына бірінші солист ретінде қосылу мүмкіндігін ұсынды.

Фото: Богдан Вербовойдың жеке мұрағатынан

– Қазақстаннан Еуропа сахнасына өту – тек география емес, ішкі трансформация да шығар. Өзіңізді кәсіби тұрғыда және жеке адам ретінде қалай өзгертіп жатыр?

– Әзірше нақты қорытынды жасауға ерте, бірақ өзгерістердің бар екенін анық сеземін. Кәсіби тұрғыдан жаңа деңгейге көтеріліп келемін. Жаңа қойылымдар, жаңа хореографиялық бағыттар – мұның бәрі менің дамуыма үлкен серпін беріп жатыр.

Ал тұлғалық тұрғыдан өзіме деген сенімім артты. Себебі мен тек өзімді емес, елімді, қазақ балет мектебін таныстырып жүргенімді жақсы түсінемін. Бұл – үлкен жауапкершілік. Дәл сол жауапкершілік маған қосымша күш пен мотивация береді.

– Polish National Ballet труппасындағы шығармашылық атмосфераны қалай сипаттар едіңіз? Бұл театрдың басты ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

– Балет труппасындағы шығармашылық орта өте кәсіби әрі жұмысқа толық бағытталған. Әр әртіс өз ісіне барынша жауапкершілікпен қарап, қойылымды басынан аяғына дейін мінсіз орындауға тырысады, тіпті кейде талаптан да асып түседі.

Осындай ортада жұмыс істеу мені шабыттандырып, өзімді үнемі дамытуға итермелейді. Дегенмен әзірше қандай да бір ерекше айырмашылықты нақты атап өту қиын, себебі мұнда жұмыс істеп жүргеніме небәрі жарты жыл ғана болды.

Фото: Богдан Вербовойдың жеке мұрағатынан

– Театр репертуары классика мен заманауи бағытты қалай үйлестіреді? Сізге қай бағыт жақын?

– Театр қазіргі заман талаптарына сай келеді. Репертуарында заманауи және неоклассикалық қойылымдар мол, сонымен қатар классикалық балет мұрасы да өз орнын сақтап отыр.

Өз басыма классикалық бағыт жақынырақ, өйткені Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры сахнасында көбіне сол репертуармен жұмыс істедім. Дегенмен жаңа хореографиялық бағыттар да қызықтырады. Сол арқылы өзімді жан-жақты әртіс ретінде дамытқым келеді.

– Қандай спектакльдерде қай партияларды орындап үлгердіңіз?

– Осы уақытқа дейін бірнеше қойылымда өнер көрсетіп үлгердім. Атап айтсам, «Симфония До» балетінің І және ІІІ актілерінде бас партияны биледім, «Жетінші симфония» қойылымында солист ретінде шықтым. Сонымен қатар «Пиноккио» балетінде Пиноккио рөлін, «Килар концерті» қойылымында солист партиясын орындадым.

Қазір «Баядерка» балетіндегі Солор партиясының премьерасына дайындалып жатырмын. Бұдан бөлек, шақырту бойынша «Жизель» балетінде Альберт партиясын Латвия ұлттық театрының сахнасында билеп қайттым.

Фото: Богдан Вербовойдың жеке мұрағатынан

– Еуропалық және қазақстандық көрерменнің қабылдауы арасында айырмашылық бар ма? Қай сахнада жауапкершілік көбірек сезіледі?

– Негізі жауапкершілік қай жерде өнер көрсетсең де бірдей сезіледі. Көрермендер барлық жерде балетті жақсы көреді, өте жылы қабылдайды.

Дегенмен кейбір айырмашылықтар байқалады. Мысалы, Еуропада көрермендер гүлді әртіске тікелей бермейді, оны театр қызметкерлері спектакль аяқталған соң сахнаға алып шығады. Сонымен қатар қойылым кезінде видеоға түсіруге қатаң тыйым салынған, әрі көрермендер бұл талапты бұлжытпай орындайды.

– Шетелде жүріп, өзіңізді Қазақстанның мәдени өкілі ретінде сезінесіз бе?

– Әрине, менің қазақы болмысым әрдайым менімен бірге жүреді. Бұл бойыма туғаннан сіңген қасиет. Тіпті кейбір қазақ дәстүрлерін осындағы әріптестеріме айтып отырамын. Ал сахнадағы көрінісі, бәлкім, сырт көзге анық байқалар, сондықтан оны нақты бағалау қиын.

– Әңгімеңізге рақмет!

Еске салайық, бұған дейін Дания Корольдігі театрында өнер көрсетіп жүрген қазақ бишісі Мейрамбек Назарғожаевпен әңгімелескен едік.

Ол әуелі Копенгаген трибунасында алматылық «Қайрат» футбол клубына жанкүйер болып, жарты сағаттан кейін сахнада әйгілі «Щелкунчик» спектаклінде Ханзаданың партиясын билеген еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:222
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 17:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see155

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see154

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see146

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see135

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see129

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see127

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see125

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see123

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see122

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see122

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see122

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see122

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see120

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see119

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see119

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see119

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see118

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see113

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары