Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

брендіне 17 жыл! Қандай революциялық технологиялар өмірімізді өзгертіп, күнделікті әдетке айналды

брендіне 17 жыл! Қандай революциялық технологиялар өмірімізді өзгертіп, күнделікті әдетке айналды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Kaspi.kz өнімдері мен сервистері плитадағы газ сияқты, розеткадағы электр жарығы сияқты, краннан ағатын су сияқты өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, бәрі өздігінен жұмыс істеп тұрғандай көрінеді.

Қазақстандағы осы бір қарапайымдылықтың артында орасан жұмыс тұр. Оның ортасында — миллиондаған адамның өмірін жеңілдету және ыңғайлы ету үшін әлемдегі ең жылдам әрі ауқымды цифрлық трансформациялардың бірін жүзеге асырған Kaspi.kz компаниясы тұр.

Kaspi.kz сүйікті клиенттері үшін Қазақстанда жасаған бірнеше революциялық технологияларды бірге еске түсірейік.

31 қазандағы Kaspi Event барысында Михаил Ломтадзе былай деп атап өтті:

«Өнімдер мен сервистер қарапайым әрі жылдам жұмыс істесе, олар дағдыға айналады. Негізгі нәтиже де осы. Бәрі оңай, ыңғайлы, баяғыдан солай болғандай».

Артқа бұрылып, еліміздегі технологиялық революция қалай іске асқанын көрейік.

Kaspi Gold – әрбір қазақстандыққа арналған алтын карта

Сурет: Kaspi.kz

Бұрын алтын карталар ерекше статустың белгісі болатын — қымбат, тек «арнайы» клиенттерге арналған. Ай сайын есімі жазылған картаны алу үшін кемінде банкке екі рет бару, қағазбастылық және бір апта күту қажет еді. Kaspi мұны түбегейлі өзгертті.

Бүгінде атаулы Kaspi Gold кез келген адамның қолында бар: зауыт жұмысшысында да, миллионерде де, зейнеткер әжеде де, оның мектепке енді барған немересінде де және оны рәсімдеуге небәрі 60 секунд жеткілікті.

Алтын карта артықшылық белгісі болудан қалып, кез келген адамға қолжетімді, өмірге қажетті, ыңғайлы құралға айналды.

Картомат немесе шетелдіктер Қазақстанда неге көп таңқалады

Сурет: Kaspi.kz

Картомат шетелдіктер үшін нағыз қызығушылық нысанына айналды. Әлемнің көптеген елдерінде әлі күнге дейін картаға тапсырыс беру, бір апта немесе одан да көп күту, содан кейін оны алу үшін банкке немесе поштаға бару қажет. Ал қазақстандықтар жай ғана картоматқа келіп, сенсорлық экранды бірнеше рет түртеді және 60 секундтан кейін өз аты-жөні жазылған алтын картасын алады. Қалай таңданбайсың?

«Kaspi Картомат – небәрі 60 секундта атаулы карта шығаратын бірегей құрылғы. Оның әлемде баламасы жоқ. Біз технологияны патенттеп, патентті ашық жасадық, әріптестерге де осындай құрылғыларды жасауға мүмкіндік бердік. Мұның бәрі – сүйікті клиенттеріміз үшін біздің талантты командамыз әзірлеген толықтай қазақстандық инновация», – деді Михаил.

Телефон нөмірі арқылы бір сәтте ақша аудару

Басқа қаладағы анаңызға ақша жіберу үшін поштадағы терезенің алдында кезекте тұрған кездеріңіз есіңізде ме? Немесе банкке бару? Енді жай ғана телефон нөмірін білсеңіз жеткілікті – ақша бір сәтте алушының шотына түседі.

Бұл сервисті Қазақстанда бірінші болып жасаған Kaspi.kz.

«Елдегі ең танымал аударымдар — комиссиясыз, телефон нөмірі арқылы жасалатын аударымдар. Достарыңыз бен туғандарыңызға ақшаны бір сәтте жібере аласыз. Басында қандай әсер болғаны есіңізде ме – батырманы басып, сол сәтте басқа адамның телефонында аударған ақшаңыздың пайда болғанын көру. Бұл шынымен керемет клиенттік тәжірибе».

Сурет: Kaspi.kz

Төлемдер – кезектер мен комиссияларға нүкте

15 жылға артқа оралайық. 2010 жыл. Сізге коммуналдық төлемдерді төлеу керек. Банкке немесе поштаға барасыз, кезекке тұрасыз және келесі бір сағатты екі шаршы метр жерде ары-бері жүрумен өткізесіз. Оның үстіне осы «қызмет» үшін қосымша комиссия төлейсіз.

Қазір коммуналдық қызметтерді төлеу – бірнеше секундтық шаруа. Кезексіз, комиссиясыз.

Дәл осы тәжірибені Kaspi.kz толық өзгертіп, онлайн төлемді жаппай қолжетімді және комиссиясыз жасады. Бұл адамдар үшін барлығы оңай әрі ыңғайлы жұмыс істеуі керек деген қағидатқа жасалған үлкен қадам болды.

Коммуналдық қызметтерден кейін басқа да санаттар пайда болды: білім беру, көлік, паркинг, вендинг аппараттары, билеттер және ондаған басқа бағыттар. Бүгінде әр қазақстандық қажет нәрсенің бәрін оңай, жылдам және артық шығынсыз төлей алуы үшін Kaspi-дің шамамен 30 мың серіктесі бар.

Сурет: Kaspi.kz

POS-терминалдар – кәсіпкерлерге жасалған 200 миллион долларлық сый

Осыдан он жыл бұрын көпшілік қолма-қол ақшамен есептесетін. Картамен төлеуге болатын жерлер аз еді, ал қолма-қол емес төлемдер сирек кездесетін. Әмияныңыз үйде қалып кетсе онда бүгін түскі ассыз қаласыз. Үлкен купюра берсеңіз сатушының шарасыз түріне шыдап, ақырын артық ақшаны санап, қайтарып беруін күтетінсіз.

Бүгінде жағдай мүлде басқаша.

Тіпті ауылдағы ең кішкентай дүңгіршектің өзінде сатып алуды қолма-қолсыз төлеуге болады. Бұл Kaspi.kz арқасында мүмкін болды: компания бүкіл ел бойынша төлем терминалдарын өз қаражаты есебінен, кәсіпкерлерден бір тиын алмай орнатып шықты.

«Біз мұны сүйікті серіктестеріміз үшін тегін жасадық. Жалпы инвестиция шамамен 200 миллион доллар болды, өйткені әр терминалдың құны орта есеппен 300 доллар еді. Біз шамамен 700 мың құрылғы орнаттық», деп баяндайды Михаил.

Kaspi.kz бұл игі дәстүрді жалғастырып келеді: — жаңашылдық пен ыңғайлылық баршаға қолжетімді болуы үшін Kaspi Alaqan үшін жаңа буын терминалдары да серіктестерге тегін беріледі.

Kaspi QR және Kaspi Alaqan – «пластиктен» және телефоннан бостандық

Сурет: Kaspi.kz

Бүгінде сатып алу үшін әмиян да, тіпті банк картасы да қажет емес – Kaspi.kz қосымшасы жеткілікті. Бүкіл ел ауағында мыңдаған тауарлар мен қызметтердің ақысы осы қосымша арқылы QR-кодты сканерлеу арқылы төленеді.

Kaspi QR алғаш пайда болған кезде бұл нағыз серпіліс болды.

«Kaspi QR – өте бірегей мысал. Әлемде тек Қытайда ғана QR Қазақстандағыдай кең таралған. Көпшілік мұның бізде іске асарына сенбеді. Бірақ біз жасадық, себебі телефон арқылы төлеудің өте түсінікті әрі ыңғайлы сервисін қалыптастырдық. Бүгінде елдегі дүкендер мен серіктестердің 100%-ы дерлік QR арқылы төлем қабылдайды», – дейді Михаил Ломтадзе.

Енді QR-ды Kaspi Alaqan толықтырды, төлеу үшін телефонды да керек етпейтін технология. Жай ғана алақанды тигізсеңіз жеткілікті. Бұл – болашаққа жасалған келесі қадам, алдағы уақытта бәрі бұрынғыдан да қарапайым әрі адамға ыңғайлы бола түседі.

Сурет: Kaspi.kz

Kaspi Travel – арман емес, шынайы саяхат

Kaspi Travel пандемия кезінде, бүкіл әлем тоқтап тұрған шақта іске қосылды. Сол кезде саяхаттау қол жетпес арман сияқты көрінетін. Бірақ қиын уақытта да Kaspi адамдарға сапарды жоспарлаудың ыңғайлы әрі қауіпсіз жолын ұсына алды.

Іске қосылған сәттен бастап Kaspi Travel арқылы 5 миллионға жуық клиент 67 миллион рет сатып алды. Қазір сервис белсенді дамып, қазақстандықтарға ішкі туризмнің жаңа мүмкіндіктерін ашып жатыр – еліміздің ең әдемі орындарына турларды оңай брондауға болады.

«Енді қазақстандықтар Kaspi Travel арқылы еліміздің ең көрікті жерлерін көре алады. Біз шын жүректен кеңес береміз: бәріміз бірге ішкі туризмді дамытайық!», – деді Михаил Ломтадзе.

Сурет: Kaspi.kz

Kaspi Магазин – бүкіл ел аумағында шағын бизнестің дамуы

Бірнеше жыл бұрын интернеттен сатып алу сирек кездесетін. Тауар түрі аз, жеткізу уақыты ұзақ, таңдау шектеулі еді. Қазақстандықтар бірнеше дүкенге барып, бағаны сұрап, тауарларды салыстырып, содан кейін ғана шешім қабылдауға уақыт жұмсайтын. Қазір бәрі басқаша: Kaspi Магазин миллиондаған тауарды тауып, экранды бірнеше рет басу арқылы тапсырысты рәсімдеп, алуға болатын алаңға айналды.

Kaspi Магазин – тек сатып алушыларға қолайлы жағдай жасаушы ғана емес, бұл еліміздегі шағын бизнестің дамуына серпін беруші де. Осы электронды сауда алаңының арқасында 65 000-нан аса қазақстандық кәсіпкер өз тауарларын бүкіл ел аумағында сату мүмкіндігіне ие болды. Мысалы, Ақтөбедегі шағын ұлттық бренд енді өз өнімдерін елордада да, Алматыда да, Шымкентте де сата алады.

Менің әрқашан қоятын бір сұрағым бар: егер Kaspi Магазин болмағанда не болар еді? Қай шетелдік онлайн-платформа елімізде нөмірі бірінші болар еді? Біздің магазиннің арқасында шағын бизнес шетелдік интернет-алаңдармен тең дәрежеде бәсекелесе алады. Біз тек қазақстандық кәсіпкерлермен жұмыс істейміз, — деп атап өтті Михаил.

Сурет: Kaspi.kz

Kaspi Postomat – жеткізуді күтпейсіз

Бұрын онлайн тапсырыстардың жеткізілуі біраз дайындық пен жоспарлауды талап ететін: курьерді күту, уақытты келісу, үйде болу қажет еді.

Kaspi Postomat бұл шектеулерден толық босатты – сатып алған затты өзіңізге қолайлы уақытта, ыңғайлы жерден ала аласыз.

Қазір бүкіл ел аумағында, бірнеше қадам ғана жерде 10 000-ға жуық Kaspi Postomat орнатылған.

«Біз Kaspi Postomat желісін тегін жеткізіп, сүйікті клиенттеріміздің уақытын үнемдеу және күткізбеу үшін іске қостық» , – деді Михаил Ломтадзе.

Сурет: Kaspi.kz

Мемлекеттік қызметтер – барлығы адамдар үшін

Kaspi.kz мемлекеттік органдармен бірге цифрлық ықпалдастықтың ерекше үлгісін жасады.

Мемлекеттік қызметтер — бұл біздің ортақ жетістігіміз. Біз мемлекеттік органдармен және министрліктермен бірлесіп жасаған жұмыс —теңдесі жоқ мысал. Басқа бірде бір елде адам көлігін досымен бірге шай ішіп отырып сатып немесе қайта тіркей алмайды. Бұл мүмкін емес деп саналады. Бізде цифрлық құжаттар бар, оны мемлекеттік органдамен бірлесіп жасаймыз, көлік құралдарын қайта тіркеу қызметі бар — бұлар бүгінде ең танымал сервистердің қатарында. Тағы бір айрықша жетістік — жеке куәлікті ауыстыру қызметі, тікелей қосымша арқылы қолданушы өзін өзі суретке түсіріп, жаңа жеке куәлігін ала алады. Қазір залда отырғандардың ішінде қаншасы мемлекеттік қызметтерді пайдаланады? 10 адамның 8-і Kaspi.kz-тегі мемлекеттік қызметтерді қолданады!

Сурет: Kaspi.kz

Kaspi тек ыңғайлы сервистер жасап қойған жоқ. Ол өмірді жеңілдетті және жақсартты. Бұрын сағаттар мен күндер қажет болған әрекеттер үшін енді секундтар ғана жеткілікті.

Тағы бір себеп – мақтаныш. Kaspi.kz – Қазақстанда жасалған, қазақстандықтар жасаған және қазақстандықтар үшін.

Ары қарай не болады? Тағы қандай таңғаларлық нәрселер бес жылдан кейін қалыпты нәрсеге айналады?

Kaspi мүмкін еместі мүмкінге айналдыра береді. Сосын – үйреншіктіге айналатыны соншалық, біз тіпті оларды байқамаймыз. Михаил Ломтадзе айтқандай, дәл осы нәрсе нағыз нәтиже.

Сурет: Kaspi.kz

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 19:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see156

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see148

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see146

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see144

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see142

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see126

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see126

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see125

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see124

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see123

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see120

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see118

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see118

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see116

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see115

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see114

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары