Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

Смартфон TikTok қа телміретін құрал емес : Президент цифрландырудың пайдасы туралы айтты

Еуразия жүрегіндегі бас шаһардың өрлеу кезеңі

Еуразия жүрегіндегі бас шаһардың өрлеу кезеңі

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Сурет Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Өсу қарқынын бәсеңдетпеген қала

Мұндай қарқынды даму жолын қыс­қа мерзімде еңсеру кез келген қалаға бұйы­ра бермейді. Сондықтан қазіргі қол жеткізілген жетістіктерді саралап қана қоймай, Астананың ел экономи­ка­сының негізгі қозғаушы күшінің бірі ретін­дегі рөлін және осы жетістіктің негі­зін қалаған басты факторларды зерде­леу­дің маңызы зор.

Елорданы дамытудағы дәл осындай ұстанымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы жел­тоқ­санда Астананы одан әрі дамыту мәселе­­лері жөніндегі кеңесте ай­қын­дап берген: «Астана әрдайым ауқым­ды жұмыстың бастауында тұруға тиіс. Елордамыз басқа аймақтарға барлық жағы­нан үлгі болуы керек», деген еді Мемлекет басшысы. Елорданың бүгінгі экономикалық көрсеткіштері бұл страте­гиялық бағ­дар­дың дәйекті түрде жүзеге асып жатқанын айқын дәлелдейді.

Бүгінде Астананың үлесіне еліміз эко­номикасының шамамен 12%-ы тиесілі. Яғни елдегі ішкі жалпы өнімнің оннан бір бөлігінен астамы елордада өнді­ріледі.

Қаланың жалпы өңірлік өнімі шамамен 38 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл көр­сеткіш Орталық Азиядағы жекеле­ген мем­ле­кеттердің экономикасымен дең­гейлес.

Сонымен қатар Астана негізгі капи­тал­ға тартылған инвестициялар көлемі жағы­нан елдегі көшбасшылық орнын сақтап келеді. Жыл сайын елімізде пай­далануға берілетін тұрғын үйлердің төрт­тен біріне жуығы дәл осы елордада бой көтереді.

Бұл көрсеткіштердің әрқайсысының артында жаңа кәсіпорындар мен заманауи өн­діріс орындары, ауқымды құрылыс жоба­лары мен мыңдаған жаңа жұмыс орны тұр.

Елорда тұрғындарының саны бүгінде 1,6 миллионнан асты. Жыл сайын Астана тұрғындарының қатары шама­мен 100 мың адамға көбейеді.

Сарапшылардың мәліметіне сүйен­сек, алда­ғы он жыл ішінде елорда халқының саны 2,3–2,5 миллион адамға жетуі мүм­кін.

Тұрғындар санының қарқынды өсуі Астананың одан әрі дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың біріне айналып отыр. Нәтижесінде, баспана құрылысына, көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға деген сұраныс та күшейіп жатыр.

Мұндай ауқымды өсім қаланы ке­шенді түрде дамытуды талап етеді. Яғни инфра­құрылымды кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу және қалалық орта­­ның сапасын қатар жақсарту міндеті алдың­ғы қатарға шығып отыр. 

Инвестиция сенімді ортаға келеді

Кейінгі жылдары Астана негізгі капи­талға тартылған инвестициялар көлемі жағынан аймақтар арасында сенімді түрде көш бастап тұр.

Өткен жылы елорда экономикасына шамамен 2,5 трлн теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,3%-ға артты. Бір ерек­­ше­лігі, инвестициялардың шамамен 65%-ы жеке инвесторлардың үлесіне тие­сілі болды.

Жеке инвестициялар үлесінің жоғары болуы – бизнестің қала экономикасына деген сенімін айқындайтын ең маңызды көр­сеткіштердің бірі. Кәсіпкерлер ұзақ­мерзімді даму перспективасы бар өңір­лерге қаржы салуға ұмтылады. Бұл үрдіс биыл да жалғасып отыр.

Жыл басынан бері елорда экономикасына 833 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 11,2%-ға көп. Оның 591 млрд теңгесі – жеке инвестициялар. Ал нақты көлем индексі 113,6%-ды құрады.

Бүгінде Ұлттық инвестициялық жобалар пулының құрамына жалпы құны 2,2 трлн теңгеден асатын елорданың 210 жобасы енгізілген.

Осындай әрбір жоба жаңа кә­сіпо­рын­дардың, заманауи өндіріс орын­­­да­рының, логис­тикалық кешен­дер­дің, мек­тептер мен меди­цина­лық орталық­тар­дың ашылуына негіз болады.

Сонымен қатар Астана эконо­микалық өсімнің жаңа орындарын қалыптастырып, даму көкжиегін кеңейтіп келеді. «Астана – Тех­нополис» арнайы экономикалық айма­ғы ке­ңейтіліп, заманауи өндірістік-логис­­тикалық инфра­құрылым құрылып жатыр. Сондай-ақ екінші Индустриялық парк­ті да­мы­ту бағытындағы жұмыс бас­талып кеткен.

Бұл жобалар жаңа өндірістерді орна­лас­тыруға, жоғары технологиялық инвес­ти­ция­­ларды тартуға және жаңа жұмыс орын­­дарын ашуға берік негіз қалайды.

Кәсіпкерлік – дамудың қозғаушы күші

Астананың экономикалық моделі елі­міздің бірқатар өңі­рінен айтарлықтай ерек­­ше­ленеді.

Бір­қатар өңірдің экономикасы ірі өнер­кәсіп кәсіпорындары мен өндіру­ші сек­­торға сүйенсе, елорда экономи­ка­сы­ның басты қозғаушы күші – шағын және орта бизнес.

Шағын және орта бизнес жалпы өңірлік өнімнің шамамен 70%-ын құрап отыр. Бұл – ел өңірлері арасындағы ең жо­­ға­ры көр­сеткіш. Сондай-ақ экономи­ка­лық бел­сенді халықтың шамамен 70%-ы осы секторда еңбек етеді.

Кейінгі айларда ең көп тал­қыланған тақы­рыптардың бірі – салық реформасы. Кәсіпкерлер бұл мәселеге қатысты түрлі пікір білдіріп, өз ұсыныстары мен алаң­дау­­шылығын жеткізіп келеді. Алай­да эко­номикалық көрсеткіштерге назар аударсақ, жағдай мүлде басқаша көрініс береді.

Елордада бизнестің даму қарқыны бәсең­деген жоқ. Кәсіп­орындар саны көбе­йіп, жаңа компаниялар құрылып жатыр. Бұл ретте жұмыспен қамту мен инвес­ти­циялық белсенділік те оң сер­пінін жоғалтқан жоқ.

Кәсіпкерлік бүгінде қала эконо­ми­ка­сының негізгі қоз­ғаушы күштерінің бірі әрі ең ірі жұмыс беруші болып отыр. Оның ықпалы сауда мен қызмет көрсету сала­сынан бастап құрылысқа, ІТ және креа­тивті индустрияларға дейін эко­­­но­ми­каның барлық дерлік бағытында артып келеді.

Үкіметтің кәсіпкерлікті қол­дауға бағыт­талған жүйелі саясаты елорда биз­не­сіне құбылмалы экономикалық жағ­дайға қара­мастан тұрақты дамуға мүм­кіндік беріп отыр. Сыртқы сын-қатер­лер мен жүргізіліп жатқан рефор­ма­ларға қарамастан, ша­ғын және орта бизнес кеңеюін жалғастырып, жаңа жұмыс орындарын құрып, қала эконо­ми­ка­сы­ның негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде өз рөлін сақтап келеді. 

Құрылыс биыл да қарқынды

Елордадағы құрылыс қарқыны бүгін­де қаланың тұрақты даму үдерісінің ажырамас бөлігіне айналды.

Былтыр Астанада 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – Қазақстан бойынша салынған тұр­ғын үй­лердің жалпы көлемінің төрт­тен біріне жуық.

Алайда заманауи қала тек тұрғын үй­лерден тұрмайды.

Жаңа тұрғын үй кешендерімен қатар мек­тептер, балабақшалар, емханалар, инже­нерлік желілер, автомобиль жолдары, көлік айырықтары мен қоғамдық кеңіс­тіктер салынып жатыр.

Сонымен бірге қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, жылумен қамту, энергетикалық және ком­муналдық инфрақұрылым жүйелері жаң­ғыр­тылып жатыр. Өйткені бұл бағыт­тарды дамытпай, мегаполистің одан әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету мүмкін емес.

Биыл да құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Жыл басынан бері 1,5 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал құрылыс жұмысының көлемі 359 млрд теңгеге жетіп, республика бойынша жалпы көрсеткіштің шамамен 15%-ын құрайды. 

Экономика саласындағы оң үрдіс

Экономиканың негізгі сала­ларының басым бөлігінде оң серпін сақталып отыр.

Қысқамерзімді экономикалық индикатор 110,4%-ға жетіп, бұл көрсеткіш бойынша Астана елі­міздегі үздік өңірлердің қата­рынан көрінді.

Өсім құрылыс, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қызмет көрсету және сауда салаларында анық­талды.

Әсіресе өнеркәсіп саласының даму қарқыны айрықша байқа­лады. Осы жылдың алғашқы бес айының қорытын­дысы бо­йынша өнеркәсіп өндірісінің көле­мі 1,6 трлн теңгеден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-дан астам өсті.

Негізгі өсім өңдеу өнеркәсібі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл саладағы өсім 10%-дан асты. Мұн­дай көрсеткіштер елор­даның әкімшілік және іскерлік орта­лық қана емес, сонымен қатар заманауи өндіріс орталығы ретіндегі позициясын да біртіндеп нығайтып келе жатқанын көрсетеді.

Салық заңнамасындағы өзгерістерге қарамастан, тауар айналымының көлемі 4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Бұл нәтиже тұтынушылық белсен­діліктің сақталғанын және қала экономи­ка­сының тұрақты жұмыс істеп тұрғанын аңғартады.

Елорда экономикасына ­туризм сала­сының қосып отырған үлесі де жылдан-жылға артып келеді.

Өткен жылы Астанаға 1,6 миллион­нан астам турист келді. Оның ішінде шетелдік қонақтардың саны бір­неше жүз мыңға жетті. Іскерлік және оқиға­лық туризмнің маңызы да артып келеді. Халықаралық форумдар, әлемдік дең­гей­дегі жұлдыздардың концерттері, спорт­тық жарыстар мен мәдени іс-шаралар қонақ­үйлерге, мей­рамханаларға, көлік қызме­тіне, сауда мен сервистік қызмет­тер­ге қосымша сұраныс тудырып отыр.

Туризм саласының дамуы инвестиция­лық жобалардан да көрініс табады. Қазір елор­дада жалпы құны 265 млрд теңгеден асатын 33 инвестициялық жо­ба жүзеге асы­рылып жатыр. Олар қонақүйлер, турис­тік инфрақұрылым нысандары мен жаңа қоғамдық кеңістіктер салуды көздейді.

Болашағы зор бағыттардың бірі – медициналық туризм. Халықаралық стандарттарға сай заманауи көпбейінді кли­ника­лардың арқасында Астана өңір­дегі жетекші медициналық орталық­тар­дың бірі ретіндегі мәртебесін біртіндеп нығайтып келеді.

Экономиканың қарқынды дамуы мем­лекеттік кірістердің де артуына тіке­лей ықпал етеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Астанадан мемлекеттік бюджетке 3,7 трлн теңге түсті. Оның 2,4 трлн теңгесі рес­­пуб­ли­калық бюджетке аударылса, тағы 1,3 трлн теңгесі жергілікті бюджетке түсті.

Биыл да оң үрдіс сақталып отыр. Осы жылдың алғашқы бес айының қоры­тын­ды­сы бойынша мемлекеттік бюджетке 1,7 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30%-ға көп.

Бюджет кірістерінің артуы – қала экономикасында жүріп жатқан оң өзгеріс­тердің нақты көрінісі. Салық базасы кеңейіп, кәсіпкерлік дамып, инвестиция көлемі ұлғайып келеді. 

«Бақ қала» қағидаты

Елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың жоғары даму қарқынын, инвестиция кө­лемінің артқанын және тұрғын үй құрылысының ауқымын ерекше атап өтті.

Алдағы кезеңдегі басты міндет – жоғары өсім қарқынын сақтап қалу ғана емес, оның сапасын қамтамасыз ету. Яғни эко­номикамен қатар көлік жүйесі, ин­же­нер­лік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар және қалалық ортаның да үйлесімді дамуына басымдық беріледі.

Бүгінде Астананың дамуы тек жаңа инвестициялармен, кәсіпорындармен немесе пай­далануға берілген тұрғын үй көлемімен ғана өлшенбейді. Бұл – өзіндік сәулеттік келбеті бар, әлемдік деңгейдегі заманауи астананы қалыптастыру үдерісі. Онда қазіргі қоғамдық кеңістіктер, ауқым­ды көгалдандыру және «бақ қала» қағи­дат­­тары экономика мен инвестиция сияқ­ты маңызды даму факторларына айна­лып келеді.

Қуатты экономика, заманауи инфра­құрылым мен жан-жақты ойластырылған қалалық кеңістік Астананың жаңа даму кезеңіндегі негізгі басымдықтардың бірі болуы қажет.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:73
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

23 Тамыз 2026 19:54see129

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see121

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see117

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see116

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see115

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see115

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see115

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see113

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see113

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see113

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see112

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

23 Тамыз 2026 09:44see112

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see112

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

23 Тамыз 2026 07:16see111

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see111

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see111

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see110

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

24 Тамыз 2026 10:24see109

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

24 Тамыз 2026 14:53see109

Смартфон TikTok қа телміретін құрал емес : Президент цифрландырудың пайдасы туралы айтты

23 Тамыз 2026 14:56see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары