Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

GameDev Fest 2026: Қазақстандағы ойын индустриясының жаңа мүмкіндіктері қандай?

GameDev Fest 2026: Қазақстандағы ойын индустриясының жаңа мүмкіндіктері қандай?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Astana Hub пен Қазақстанның креативті индустриялар альянсы (CIAQ) ұйымдастырған GameDev Fest 2026 фестивалі ойын индустриясы, цифрлық өнер және анимация саласын бір алаңға тоғыстырған маңызды іс-шара болды. Фестивальдің басты мақсаты – Қазақстандағы GameDev экожүйесін дамытуға серпін беріп, отандық цифрлық жобаларды көпшілікке таныстыру, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фестивальдің ұйымдастырушыларының бірі, Show Studio геймификация студиясының негізін қалаушы әрі CIAQ үйлестірушісі Малика Игібаеваның айтуынша, бүгінде ойын индустриясын тек ойын-сауық саласы ретінде қарастыруға болмайды.

– GameDev – цифрлық экономиканың маңызды бағыттарының бірі. Бұл сала жаңа технологияларды дамытуға, инновациялық өнімдер шығаруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және шығармашылық индустрияның әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Бүгін GameDev Fest аясында Қазақстанда әзірленген ойындар, басқа да цифрлық өнімдер және шығармашылық бастамалар көпшілік назарына ұсынылуда. Елде ойын әзірлеушілерді даярлайтын мектептер мен білім беру бағдарламалары қалыптасып келеді. Алайда қазақстандық цифрлық жобаларды көпшілікке насихаттау мәселесі әлі де өзекті.

Көпшілік Қазақстанда жасалған ойындар мен анимациялық жобаларды атай алмайды. Себебі қоғамда сапалы өнімдер тек шетелде жасалады деген жаңсақ түсінік қалыптасқан. Дегенмен, қазақстандық мамандардың халықаралық нарыққа шыққан және шетелде сұранысқа ие көптеген жобалары бар. Алайда олар өз елімізде жеткілікті деңгейде танымал емес. Сондықтан GameDev қауымдастығы Digital Bridge, Digital Kazakhstan және басқа да салалық іс-шаралар арқылы отандық жобаларды насихаттап, инвесторлар мен қоғам назарын осы салаға аударуға күш салып келеді, – дейді Малика Игібаева.

GameDev Center жетекшісі Элина Кимнің айтуынша, цифрлық индустрияның тұрақты дамуы үшін бизнес пен шығармашылық саласы тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуі керек.

– Мұндай фестивальдердің басты мақсаты – перспективалы жобаларды инвесторлар мен кәсіпкерлерге таныстыру. Инвестиция көлемі артқан сайын жобалардың халықаралық нарыққа шығуына мүмкіндік туады. Себебі ойын индустриясы Қазақстан экономикасындағы экспорттық әлеуеті жоғары саалалардың бірі, - деп нақтылады ол.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ойын индустриясы жыл сайын миллиардтаған доллар табыс әкеліп, көптеген елдің экономикасын жақсартуға үлес қосып келеді. Сондықтан сала мамандарының айтуынша Қазақстан үшін де бұл бағыт ұлттық экономиканың жаңа экспорттық секторына айнала алады.

– GameDev қазірдің өзінде креативті индустрияның экспортқа бағытталған салаларының бірі саналады. Мәселен, Қазақстандағы ең табысты геймификация жобаларының бірі – Heroes Journey. Бұл жоба бүгінде халықаралық нарыққа еніп, АҚШ-та да танымалдыққа ие болды, - деді Элина Ким.

GameDev Center жетекшісі Элина Ким гейминг жасанды интеллектіні қолдануға қатысты пікірін де айтты. Ол ЖИ-ді жұмысты жеңілдететін тиімді технология деп қабылдайтынын жеткізді. 

– ЖИ құралдары қайталанатын процестерді автоматтандыруға, идеяларды дамытуға, гипотезаларды тексеруге және 3D модельдеу сияқты техникалық жұмыстарды жылдамдатуға мүмкіндік береді. Алайда жасанды интеллект адамның шығармашылығын толық алмастыра алмайды. Авторлық құқық пен этика мәселелерін ескере отырып, оны тек көмекші құрал ретінде қолданған жөн, - дейді ол.

Элина Ким Қазақстанда GameDev индустриясын дамыту үшін ұзақмерзімді мемлекеттік қолдау, гранттық бағдарламалар мен инвестиция көлемін арттыру қажет екеніне де тоқталып өтті. Оның сөзінше, бұл салада тәуекел жоғары болғанымен, ол елдің экспорттық әлеуетін күшейтіп, цифрлық экономиканың жаңа драйверіне айнала алады.

– Қазір түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінен жасанды интеллектіге (AI) қатысты жобалар мен қысқа мерзімде нәтижесін көруге болатын стартаптарды қолдауға бағытталған. Мұндай жобалар бірнеше апта ішінде іске қосылып, пайдаланушылардың қызығушылығын, жүктелу санын және нарықтағы сұранысын бағалауға мүмкіндік береді. Ал гейминг саласының өзіндік ерекшеліктері бар. Ойын жасау – ұзақ уақытты қажет ететін процесс. Көп жағдайда толыққанды өнімді әзірлеуге кемі алты айдан бірнеше жылға дейін уақыт кетуі мүмкін. Жобаның коммерциялық тұрғыдан қаншалықты табысты болатыны да тек осы кезең аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады. Сондықтан ойын әзірлеушілерге ұзақмерзімді әрі тұрақты қаржылай қолдау қажет, - деп түсіндірді ол.

Фестивальге келушілер гейминг саласындағы қазақстандық суретшілердің шығармашылығымен танысып, цифрлық өнер көрмесін тамашалады. 

Осылайша, фестиваль ойын әзірлеу, анимация, цифрлық өнер және заманауи технологияларды бір кеңістікке біріктіріп, Қазақстандағы креативті экономиканың әлеуетін жан-жақты таныстыруға бағытталды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 17:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары