Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Астаналық тұрғын ұшақ бортындағы бұзақылығы үшін айыппұл төледі

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

Инвестиция ағыны артып, отандық өндірушілерді қолдау күшейді

Инвестиция ағыны артып, отандық өндірушілерді қолдау күшейді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгінде экономикалық өсім нақты сектордың қарқынды дамуы, өндірісті әртараптандыру мен еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін нығайту есебінен жүзеге асып келеді. Сонымен қатар мемлекет төлемдерді арттыруда әлеу­меттік міндеттемелерді жүйелі түрде қамтамасыз етті. 

Жергілікті елді мекендерде спорт инфрақұрылымын дамытуда және ұзақмерзімді келісімшарттар тетігі арқылы отандық кәсіпорындар өнімдерін кепілді өткізу үшін қолайлы жағдай туғызады. Биыл 6 айдың қорытындысында бұл жұмыс тұрақты нәтиже көр­сетті. Макроэкономикалық тұрақ­тылықтың басты драйвері не­гізгі капиталға салынған инвес­ти­циялардың көлемі 9,5 трлн теңгеден асты. Бұл ретте жеке инвестиция көлемі 21,4%-ға өсіп, жалпы өсімнен жоғары қар­қын көрсетті. Көрсеткіштердің жақсаруына бизнеске әкімшілік қысымның төмендеуі, мемлекеттік сатып алу мерзімдерінің үш есе қысқаруы мен цифрландыруды енгізу айтарлықтай ықпал етті. Сонымен қатар еліміздегі жаңа Салық және Бюджет кодексін жүзеге асыру басталды. Олар нақты сектор үшін неғұрлым қолайлы жағ­дай жасап,  мемлекеттік қара­жаттың жұмсалуына бақылау­ды күшейтуге бағытталған. 

Ел экономикасының өсімі

Биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысында ішкі жалпы өнім мұнайға тәуелді емес секторлардың орнықты дамуы нәтижесінде 4,1%-ға өсті. Нақты сектордағы тауарлар өндірісі
5,1%-ға, ал қызмет көр­сету саласы 3,5%-ға артты. Сала­лар өрісінде  құрылыс саласы ең жоғары өсім қарқынын сақтап отыр. Оның көлемі 15,2%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 9,8%-дық, көлік қызметтері саласында 7,1%-дық өсім тіркелді. Сонымен қатар сау­да (+5,7%), байланыс қызметтері (+4,3%), ауыл шаруашылығы (+4,4%) салаларында да оң көрсеткіш бар. Аталған негізгі салалардың жиынтық үлесі елдегі ІЖӨ өсімінің шамамен 85%-ын қамтамасыз етті.

Әлеуметтік секторда да оң үрдіс байқалады: Былтырғы  төмен­деуден кейін халықтың нақты табысы осы жылдың бірінші тоқ­санында 0,1%-ға өсті. Бұл үрдіс­ке маусым айында жылдық инфляцияның 10,3%-ға дейін баяу­лауы оң ықпал етті. Оң серпінді нығайту мақсатында өнімділігі жоғары жұмыс орындарын ашуға бағытталған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды.

Экономикалық өсімнің басты қозғаушы күші инвестициялық белсенділік болып отыр. Бірінші жартыжылдықта негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,6%-ға ұлғайды. Жалпы, инвестициялар құрылымындағы жеке капиталдың үлесі 87%-ға жетті. Инвестициялық белсенділік әсіресе ақпарат пен байланыс саласында жоғары қарқынмен өсуде. Бұл бағытқа тартылған инвестициялар көлемі 2,3 есеге артты. Сондай-ақ құрылыс саласы (+38,7%), өңдеу өнеркәсібі (+33,3%), ауыл шаруашылығы (+24,6%) және көлік саласында (+11,6%) өсім тіркелді.

Ішкі сауда саласында да жоғары көрсеткіштер көрініс тапты. І жартыжылдықта оның көлемі 15,3%-ға артып, 36,2 трлн теңгеге жетті. Көтерме сауда – 6,6%-ға, бөлшек сауда 3,8%-ға өсті. Оң үрдіс сыртқы сауда бағытымен де нығайтылуда: қаңтар-мамыр айларында республика-ның тауар айналымы 56,3 млрд долларды құрады, ал импорт 26 млрд долларға жетті. Соның нәтижесінде 4,4 млрд доллардан асатын тұрақты оң сауда балансы сақталды. Бұл ретте жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының сапалық өсуі – 14,6%-ға, 14,9 млрд долларға дейін (оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 14,5%-ға, 11,8 млрд долларға дейін, қызметтер экспорты – 14,8%-ға, 3,1 млрд долларға дейін) тіркелді. 

Мемлекеттік бақылауды реформалау тиімділігі

Елдегі ірі өндірістердің өсуімен қатар шағын және орта бизнес өз позициясын дәйекті түрде нығайып келеді. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, I жартыжылдықта елімізде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 2,9 млн-ға жетті, бұл 2026 жылдың басындағы көрсеткіштен 499 мыңға немесе 20,4%-ға артық. Салалық бөліністе ресурстарды өнімді секторларға сапалы қайта бөлу тіркелуде: тау-кен өндіру өнеркәсібінде (+2,9%), құрылыста және ауыл шаруашылығында (+2,5%), ақпарат пен байланыста (+2,4%) шағын заңды тұлғалар санының өсуі байқалып жатыр. Бұл ретте елдің ІЖӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 2025 жылдың қорытындысында 40,9%-ға жетті, ал өнім шығару 104,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27,8%-ға артық.

Бизнестің мұндай белсенділігі Үкіметтің әкімшілік жүктемені азайту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетті. Мемлекет бақылау жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізіп, жазалау тәсілінен алдын алу қағидатына көшті. Бұл жүйе нәтижесін де берді. Бас прокуратураның мәліметінше, былтыр бизнесті тексеру саны 8,6%-ға қысқарды. Заңдардан 10 мыңнан астам артық талап алынып тасталды, ал жаңа қысымның алдын алу үшін «1 in 2 out» қатаң қағидасы қолданылады, ол қолданыстағы екі норманы жоймай бір жаңа норманы енгізуге тыйым салады. Бүгінде бизнестің есептілігінің 49%-ы оңтайландырылды, ал ШОБ-тың мемлекетпен жедел өзара іс-қимылы үшін «eGov Business» ыңғайлы цифрлық қосымшасы іске қосылды.

Сонымен қатар мемлекет кәсіп­керлер үшін қаржылық қол­дауды күшейтіп жатыр. Былтыр 1,6 трлн теңге сомасына 9,5 мыңға жуық жоба жеңілдетілген қаржы­ландырумен қамтылды. Бүгін­де жаңа құралдар белсенді түрде іске қосылуда: «Өрлеу» бағдар­ла­масымен кәсіпкерлерге 10 жылға дейінгі мерзімге 12,6%-бен қомақты көлемде қарыз беріліп жатыр (1 маусымдағы есепте 18,4 млрд теңгеге 91 қарыз алушы қолдау тапты), ал өңірлерде өңдеу өнеркәсібі жобалары үшін 13,2%-бен «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылды.

Бизнестің қарыз қаражатына қолжетімділігін кеңейтіп, бюд­жеттік қаржыландыруға тәуел­ділікті азайту мақсатында «Даму» қорының базасында екі жаңа кепілдік қоры құрылды. Олар өңдеу өнеркәсібі, көлік, логистика, білім саласына басымдық беруде. Бұл тетік бизнесті несиелендіруге коммерциялық банктердің қара­жатын белсенді тартуға жол ашпақ. Биылғы
1 маусымдағы көр­сеткіште кепілдік қоры шеңберінде 189,9 млрд теңге сомасына 998 жоба қолдау алды (оның ішінде берілген кепілдіктер 95,9 млрд теңгені құрады), ал Кепілдік қоры-2 бо­йынша 442,4 млрд теңге сомасына 6 ірі жоба мақұлданды (берілген кепілдіктер мөлшері 93,2 млрд теңгені құрады). Осы қара­жатты бөлу тиімділігін мони­то­ринг­теудің барлық үдерісі «Baqylauda» цифрлық жүйесінде толық автомат­тандырылған.

Адал бизнесті қорғау саяса­тының қисынды жалғасы мем­лекеттік сатып алу жүйесін түбегей­лі жаңғыртты. Жаңа заңның арқасында рәсімдердің жалпы мерзімі үш есеге қысқарды – 30-дан 10 жұмыс күніне дейін, ал бір көзден бәсекелестікке жатпайтын сатып алу үлесі 23%-ға дейін төмендеді. Отандық тауар өндірушілерді жан-жақты қолдау мақсатында 50% мөлшерінде міндетті аванс енгізілді, келісімшартты қамтамасыз етудің барлық түрінен босату және тұрақсыздық айыбын 3%-ға дейін төмендету жүзеге асырылды. Бұл жүйе қазірдің өзінде жемісін беріп отыр: алты айда мемлекеттік сатып алу көлемі 7,7 трлн теңгеге жетіп, отандық өндірушілермен 85,2 млрд теңге сомасына 61 532 шарт жасалды.

Үкімет жүзеге асырып жатқан реформалар 2029 жылға қарай елдің  ішкі жалпы  өнімін  450 млрд долларға дейін екі есеге ұлғайтып, кемінде 150 млрд доллар көлемінде шетелдік инвес­тиция тарту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға тікелей бағытталған. Шетелдік компаниялардың елімізге инвестиция салуына қолайлы жағдай жасау мақ­са­тында инвесторлардың бар­лық мәселелерін жедел әрі нақты уақыт режімінде шешетін Инвес­тициялық штаб құрылды. Құны 60 млн доллардан асатын ірі жоба­лар үшін республика заңна­масының 25 жыл бойы тұрақ­ты­лығына кепілдік беретін Инвес­тициялар туралы келісім тетігі енгізілді. Бүгінде осындай 57 келісім жасалған.

Жүйелі жұмыс нәтижесінде  өңірдегі жетекші инвестициялық бағыт мәртебесін сенімді түрде сақтап келеді. БҰҰ ЭСКАТО мәлі­метінше, былтыр еліміз жаңа өндіріс­терге арналған greenfield-жобаларға 19 млрд доллар көле­мінде инвестиция тартты. Бұл – Орталық Азиядағы жаңа өндірістерге бағытталған өңір­ішілік инвестициялардың 89%-ы. Жалпы, тікелей шетелдік инвес­тициялар ағыны 14,4%-ға өсіп, 20,5 млрд долларға жетті. ТШИ құрылымында сауда саласы (4,8 млрд доллар), өңдеу өнеркәсібі (4,4 млрд доллар) және тау-кен өндіру секторы (3,4 млрд доллар) көш бастап тұр. Бізбен серіктестік орнатуға ықыласты негізгі бес инвестор қатарында Нидерланд (4,6 млрд доллар), Ресей (2,9 млрд доллар), Қытай (2,8 млрд доллар), Біріккен Араб Әмірліктері (1,6 млрд доллар) және Сингапур (1,4 млрд доллар) бар. Олардың инвестициялары технологиялық тұрғыдан күрделі индустриялық, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. 

Жаңа Салық кодексінің игілігі 

Ашық әрі тұрақты эконо­ми­калық экожүйені қалып­тастыру жолындағы маңызды қадам­ның бірі – жаңа Салық және Бюджет кодексінің күшіне енуі. Жаңа салық саясаты нақты секторды жан-жақты қолдап, салық жүктемесін әділ бөлуге бағытталған. Реформа қазірдің өзінде елеулі макро­экономикалық нәтижелер көрсетіп отыр. Биыл­ғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюд­жет кірістері былтырғы сәй­кес кезеңмен салыстырғанда шамамен 16%-ға өсті. Елдің кіріс базасын нығайтуға ҚҚС түсімдерінің шамамен бір жарым есеге артуы да айтарлықтай әсер етті. Салық реформасының тиім­ділігі республикалық бюд­жеттің биылғы бірінші жарты­жыл­дықтағы орындалу қорытын­дыларынан да көрінеді. Транс­ферт­терді есептемегендегі бюджет кірісі 8,5 трлн теңгеге же­тіп, жоспар 100,6%-ға орындалды. Бұл былтырғы сәйкес кезең­мен салыстырғанда 24,6%-ға немесе 1,7 трлн теңгеге артық. Көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту жөніндегі шаралардың нәтижесінде ҚҚС төлеушілер саны 22,3 мыңға артып, 158,2 мың субъектіге жетті. Осы оң үрдісті сақтап, нәтижесін нығайту мақсатында 2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жос­пары бекітілді. КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталды, бірақ банк қызметі үшін ол 25%-ға дейін көтерілді. Ал аграрлық секторда  жеңілдетілген 3% мөлшерлеме белгіленді. ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесі 16% болып бекітілді. Осы ретте дәрілік заттарға, әдеби кітап­тарға, баспасөз өнім­деріне төмендетілген ҚҚС мөлшер­ле­мелері енгізілді. ҚҚС-ның мін­детті тіркеу шегі 10 мың АЕК болып белгіленді.

Реформа аясында ЖТС бо­йынша прогрессивті мөлшерлеме енгізілді – жоғары табысқа салынатын салық. Енді жоғары табыс алатын азаматтар жылына 8,5 мың АЕК немесе 36,7 млн теңгеден асатын кіріс бөлігіне ғана 15% мөлшерлемемен салық төлейді. Ал қалған азаматтар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар БЖЗҚ төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан толық босатылды. Сондай-ақ пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын жеңіл автокөліктер үшін көлік салығы 30%-ға, ал 20 жылдан асатын автокөліктер үшін 50%-ға төмендетілді. Бұдан бөлек, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік салықтық шегерім мөлшері 5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Салықтық әкімшілендіру жүйесі сервистік модельге көш­­ті. Нәтижесінде салықтар мен алымдардың жалпы саны 20%-ға, ал салықтық есептілік ны­сандарының саны 30%-ға қысқартылды.

Реформаны үйлестіру мақ­са­тында 239 нормативтік-құқықтық акт қабылданып, Жо­балық офис инфрақұрылымы құрылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:47
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 07:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see136

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see117

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see116

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see114

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see114

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see114

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see114

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see112

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see112

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see111

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see111

Астаналық тұрғын ұшақ бортындағы бұзақылығы үшін айыппұл төледі

14 Шілде 2026 14:15see111

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see111

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see110

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see110

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

14 Шілде 2026 18:55see110

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see110

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see110

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

14 Шілде 2026 09:55see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары