Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Кибербуллинг пен жалған құндылықтар: Балаларға онлайн кеңістікте қалай көмектесеміз?

Кибербуллинг пен жалған құндылықтар: Балаларға онлайн кеңістікте қалай көмектесеміз?

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Психологтар мен мектеп басшылары жасөспірімдерге желіні саналы және қауіпсіз пайдалану қажет екенін атап көрсетсе, ата-аналар кейде толық тыйым салуды қолдайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың пікірінше, тыйым салу ғана емес, онлайн белсенділікті бақылау, ақпараттық сауаттылық пен психологиялық қолдау арқылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.

Баланы жәбірлеу, яғни буллинг дегеніміз не және ол туралы айтудың маңызы қандай?

Әрбір бала құрметке, қауіпсіздікке және зорлық-зомбылықтан қорғалуға толық құқылы. Алайда буллинг көптеген мектеп оқушылары арасында жиі кездеседі. Осы орайда буллингтің алдын алу жолдарын және оны жасағаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын білу маңызды.

Буллинг — баланы жүйелі түрде қайталанып отыратын қорлау сипатындағы әрекеттерге ұшырату: мазақ ету, қудалау, қорқыту немесе күш көрсету, сондай-ақ баланы оның еркіне қарсы әрекет жасауға мәжбүрлеу. Буллинг өмірде де, интернет кеңістігінде де (мысалы, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде смс, пікірлер немесе түрлі видеолар арқылы) болуы мүмкін.

Интернеттегі қысым көрсету кибербуллинг деп аталады. Буллинг өмірдің әртүрлі салаларында кездесуі мүмкін, бірақ ол әсіресе мектеп ортасында жиі байқалады. Мысалы, сыныптастардың қудалауы, әлеуметтік желілердегі қорлау, күштірек оқушылар тарапынан қысым көрсету сияқты жағдайлар жиі тіркеледі.

Егер жасөспірім буллинг жасағаны үшін кінәлі деп танылса, заң бойынша оның ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады. Қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмаған адамды жәбірлегені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-1-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Бұл үшін ескерту жасау немесе 10-30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, биыл алғашқы үш айда елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг фактілері бойынша 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жәбір көруші балаларға қолдау көрсету үшін өкілетті органдар, мектеп мұғалімдері, психологтар және психологиялық көмек көрсету орталықтары бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Бұл – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғаудағы маңызды қадам.

Алайда буллингтен басты қорғаныс — ата-ананың махаббаты, сенімді қарым-қатынасы, эмоционалдық қолдауы және баланың күнделікті кездесетін қиындықтарын ашық талқылауы. Құрметті ата-аналар, балаларымызға дер кезінде көңіл бөліп, жауапкершілікпен қарасақ, біз олар үшін қауіпсіз әрі қолдау көрсетілетін орта қалыптастыра аламыз.

Ал бүгінгі басты сұрағымыз – “Жасөспірімдерге әлеуметтік желі қолдануды шектеу: қажет пе, жоқ па?”. Бұл сұраққа мектеп директоры, ата-ана, психолог пікір білдірді.

Мектеп директорының пікірі

Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің директоры Азамат Жаркеев әлеуметтік желілер мен жасанды интеллекттің дамуы және олардың жастарға әсері туралы пікір білдірді. Ол әлеуметтік желіге толық тыйым салудың күрделі мәселе екенін атап өтті.

Әлеуметтік желі мен жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Оны қолданудың этикасы бар. Заң аясында нақты критерийлер енгізіп, шектеу жасауға болады. Алайда ең бастысы – әлеуметтік желіні дұрыс мақсатта, саналы түрде қолдану, – деді Жаркеев.

Директордың айтуынша, Қазақстанда жасанды интеллект әлі бастапқы деңгейде қолданылып отыр.

Біз әлі мәтін құрастыру, фото-видео жасау сияқты қарапайым мақсатта пайдаланамыз. Ал басқа елдерде роботтар жасап, дрон ұшыру секілді технологиялық жетістіктер бар, – дейді мектеп басшысы.

Жаркеев әлеуметтік желілердегі түрлі конкурстар, арзан жарнамалар, коуч және кейбір психологтар жастар санасын улап жатқанын атап өтті.

Мұндай “блогерлерді” қадағалау қажет. Біз бәрін бірден тоқтата алмаймыз, бірақ шектеу арқылы ғана ретке келтіре аламыз, – деді ол.

Мысал ретінде директор әлеуметтік желілердегі ойындар мен конкурстарды келтірді, онда көлік немесе пәтер сыйлайтын акциялар көп жүргізіледі.

Қазақстан Азия елдері арасында әлеуметтік желілерді ең көп пайдаланатын елдердің қатарында. Жақында танымал адамдардың отбасындағы мәселені талқылап, үш күнде 3-4 млн қаралым жинадық. Бұл өсек пен әзілге құмарлықты көрсетеді. Мұндай үрдістен кейін жастар білімге, өнерге, ғылымға талпынуы екіталай, – деді Азамат Жаркеев.

Оның пікірінше, әлеуметтік желіні қолдануда нақты бағытты ұстану, мақсатты айқындау және заң аясында шектеулер енгізу – жастардың психикалық және әлеуметтік дамуын қорғаудың маңызды шарты.

Мектеп психологының пікірі

Елордадағы М. Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының педагог-психологы Райгүл Сайлаубаева жасөспірімдердің әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қолдануды шектеу жасөспірімдерге психикалық тұрақтылықты сақтауға, тәуелділіктің алдын алуға, өмірлік дағдылар мен тұлғаның қалыптасуына жағдай жасайды.

Әлеуметтік желіні шектесек те, оны толығымен тиімділіксіз етуге болмайды. Шектеу мен саналы қолдану, тәрбие мен тәлім беру арқылы ғана жасөспірімдерге пайдалы тәжірибе бере аламыз, – дейді психолог.

Сайлаубаева балаларға желіні тек ақпарат жинау немесе білім алу мақсатында пайдалану керегін атап өтті. Мысалы, белгілі бір тақырып бойынша ақпарат іздегенде, кітап немесе фильм арқылы материалдар жинаған дұрыс. Бұл процесс кезінде ата-ананың немесе педагогтердің бақылауы маңызды.

Балаларға шынайы өмірде жақын адамдармен, достарымен бірге дамуға мүмкіндік беру керек. Олар онлайнда кіммен сөйлесіп жатқанын, қандай ақпарат бөлісіп жатқанын білуі тиіс. Бұл психологиялық қауіпсіздік пен жауапкершілікті қалыптастырады, – деп түсіндірді психолог.

Сайлаубаеваның пікірінше, жасөспірімдерге интернетті ерте жастан бастап саналы және қауіпсіз пайдалануды үйрету керек. Қолданушылар жеке деректерді сақтауды, белгісіз адамдарға өз фотосын немесе видеосын бермеуді білуі тиіс. Бұл – киберқауіпсіздік пен ақпараттық сауаттылықтың негізгі ережелері.

Психолог балаларға онлайн уақытын реттеуге, хобби, спорт және оқу сияқты шынайы іс-әрекеттерге көңіл бөлуге кеңес береді.

Жасөспірімдер үшін саналы қолдану ережелері барлық жаста маңызды. Интернетті шектеп қана қоймай, психологиялық қолдау көрсету қажет. Егер бала мазасыз болып, өзіне бағасы төмендеп, стресске түссе, ата-аналар мен мамандардың көмегіне жүгінуі керек, – деді ол.

Сонымен қатар Райгүл Сайлаубаева ақпараттық контенттің сапасын бақылау, баланың қауіпсіз ортасында онлайн араласуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Танымайтын адамдармен байланысқа түспеу, қажетсіз ақпаратты бөліспеу, заңды және ресми деректерді тек мемлекеттік мекемелер арқылы беру маңызды.

Жасөспірімдер контентті шектеу арқылы ғана емес, шынайы достарымен, отбасы мүшелерімен араласу, интеллектуалды даму және спортпен айналысу арқылы да психикалық саулығын сақтай алады. Саналы қолдануды үйрету ерте жастан басталса, интернет тәуелділігінің алдын алуға болады, – деп қорытындылады психолог.

Сайлаубаеваның айтуынша, ата-аналар мен мектептер бірлесіп балалардың онлайн белсенділігін бақылап, дұрыс бағыт беруі тиіс. Бұл тек психологиялық тұрғыда емес, әлеуметтік даму мен қауіпсіздік үшін де маңызды.

Ата-ана пікірі

Сабина Хасен әлеуметтік желілерді шектеу туралы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, қазіргі цифрлық кеңістік балалар үшін көптеген қауіп-қатерлерді тудырады.

Әлеуметтік желіні шектеуге келісемін. Балалар үшін оның зияны пайдасынан көп деп ойлаймын. Әсіресе өзін басқалармен салыстыру, жалған идеалдарға құмарлық, уақытты есепсіз жоғалту сияқты мәселелер бар, – дейді Хасен.

Сонымен қатар ата-ана цифрлы гигиенаны сақтамау мен киберафералардың күннен күнге көбейіп бара жатқанын атап өтті.

Сондықтан әлеуметтік желіні шектеу орынды, ал интернетті саналы, мақсатты қолдануға үйрету қажет, – деді ол.

Бұған дейін естеріңізде болса, Мәжілісте балалардың әлеуметтік желілерде тіркелу жасын шектеу тақырыбы көтерілген болатын. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазіргі таңда 5-6 жастағы балалардың ата-анасының рұқсатынсыз TikTok немесе Instagram желілеріне еркін тіркеле алуы алаңдатарлық жайт.

Дания, Австралия сияқты елдерде тіркелу жасы 15-16 жас болып белгіленген. АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда – ата-ананың арнайы рұқсаты қажет. Қазақстанда бұл бағытта қандай шаралар қарастырылып жатыр? – деді депутат.

Сондай-ақ ол мектептерде смартфон қолдануға тыйым салу мәселесін де көтерді. Депутаттың айтуынша, Назарбаев Зияткерлік мектептері мен бірқатар инновациялық мектеп бұл шешімді қабылдап, оң нәтижеге қол жеткізген.

Телефон қолдануға тыйым салу оқушылардың үлгеріміне де, өзара қарым-қатынасына да оң әсер етті, – деді ол.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 19:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары