Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Көмірсутектер кен орнын рентабельділігі төмен кен орындарына жатқызу ережесі бекітілді

Көмірсутектер кен орнын рентабельділігі төмен кен орындарына жатқызу ережесі бекітілді

Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Осылайша, көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу үшін жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті органға өтінішпен жүгінетіні айтылады.

Өтініш осы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

Өтінішке мынадай құжаттардың электрондық жеткізгіштердегі көшірмелері қоса беріледі:

бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған алдыңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілік;Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың алдыңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі (егер өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін берілсе, онда алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есебі ұсынылады);жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның ағымдағы күнтізбелік жылдың өтініш берілген күннің алдындағы есепті кезеңіндегі (тоқсан, жартыжылдық немесе тоғыз ай) қаржылық есептілігі;алдыңғы күнтізбелік жылы бюджеттің атқарылуы туралы жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға растаған есеп;ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға растаған есеп-қисабы;ағымдағы күнтізбелік жылдың өтініш берілген күннің алдындағы есепті кезеңіне (тоқсан, жартыжылдық немесе тоғыз ай) бюджеттің атқарылуы туралы жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға растаған есеп;салықтық есептілік (келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы (КТС) және алдыңғы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша үстеме пайда салығы (ҮПС) мен келісімшарт бойынша ағымдағы және алдыңғы күнтізбелік жылдардағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) бойынша декларациялар);КТС бойынша аванстық төлемдердің есеп-қисабы (егер жер қойнауын пайдаланушы аванстық төлемдерді төлеуші болса) және ағымдағы есепті жылға жоспарланған КТС мөлшерінің есеп-қисабы;КТС бойынша салықтық міндеттемелердің есеп-қисабы, сондай-ақ келісімшарт бойынша ағымдағы салық кезеңіндегі таза кірістің, сату рентабельділігінің есеп-қисабы, бұл есеп-қисаптар жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның бюджетіне, көмірсутектердің болжамды бағасына және сол кезеңдегі келісімшарт бойынша көмірсутектерді өндірудің жоспарланатын көлеміне егжей-тегжейлі байланыстырылады;көмірсутектердің келісімшарт бойынша рентабельділік көрсеткіштерінің есеп-қисабы үшін пайдаланылған болжамды бағасының негіздемесі;келісімшарт бойынша көмірсутектерді өндірудің жоспарланатын, құзыретті органмен келісілген көлемі.

Кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы алдағы күнтiзбелiк жылға өтiнiш ағымдағы жылғы 30 қыркүйектен кейін, бірақ ағымдағы жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.

Өтінішке көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттардың электрондық жеткізгіштердегі көшірмелері қоса беріледі:

алдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға растаған есеп-қисабы;КТС бойынша салықтық міндеттемелердің есеп-қисабы, сондай-ақ келісімшарт бойынша ағымдағы салық кезеңіндегі таза кірістің, сату рентабельділігінің есеп-қисабы, бұл есеп-қисаптар жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның бюджетіне, көмірсутектердің болжамды бағасына және сол кезеңдегі келісімшарт бойынша көмірсутектерді өндірудің жоспарланатын көлеміне егжей-тегжейлі байланыстырылады.

Өтініш беруші ұсынатын құжаттарда мәліметтер толық болмаған, құжаттардың тізбесі толық ұсынылмаған, немесе өтініш осы Қағидаларда белгіленген талаптар бұзылып берілген жағдайларда уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірмей өтiнiшті қараудан уәжді бас тарту жібереді.

Уәкiлеттi орган өтiнiшті және (немесе) өтiнiште қамтылған мәліметтерді негiздейтін қосымша құжаттар мен есеп-қисаптарды қарауға қабылдағаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірмей өтiнiш пен оған қоса берiлетін құжаттардың көшiрмелерiн мәселелер бойынша төменде тізбеленген мемлекеттік органдарға қорытынды дайындау үшін:

салық есептілігінің деректерін растау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне;Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыс бағдарламаларын (жұмыстардың жылдық бағдарламаларын) және (немесе) жобалық шешімдерді жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді ескергенде көмірсутек өндірудің жоспарланатын көлемі мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар көлемінің негiздiлiгi мәселелері бойынша көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жібереді.

Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары өтiнiш пен оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерi уәкілетті органнан алынған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешіктірілмей уәкiлеттi органға беріледі. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушi ұсынған деректердің негiзiнде көрсетiлген мерзiмде келiсiмшарт бойынша рентабельдiлiктiң есеп-қисабын жүргiзедi және ПҚӨС мөлшерлемесінің нақты мөлшері бойынша ұсыныстар дайындайды.

Мемлекеттік органдардың барлық қорытындысын алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган мемлекеттік органдардың қорытындыларымен қоса өтінішті Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына енгізеді, ол кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельдігі төмен санатқа жатқызу жөнінде ұсынымдық шешімдер шығарады.

Комиссия өз ережесіне сәйкес өтініш пен мемлекеттік органдардың қорытындыларын қарайды және көмiрсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу немесе жатқызудан бас тарту, рентабельділігі төмен кен орны бойынша ПҚӨС мөлшерлемесінің мөлшері (көмiрсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсыныс тұжырымдалған жағдайда) туралы ұсынымдық шешім шығарады.

Комиссия көмiрсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсынымдық шешім шығарған жағдайда уәкiлеттi орган он бес жұмыс күні ішінде көмiрсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылатын кен орындарының (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) тiзбесiне қосу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi және ПҚӨС мөлшерлемесімен қоса осындай мөлшерлеме қолданылатын күнтізбелік жылды көрсетіп, заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.

ПҚӨС мөлшерлемесі күнтізбелік жылға белгіленеді. Егер ПҚӨС мөлшерлемесі көрсетілген жыл ішінде белгіленсе, онда осы жылдың міндеттемелері бойынша күнтізбелік жылдың басынан есепке жазылған және төленген ПҚӨС осы Қағидаларға сәйкес белгіленген мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі.

Уәкiлеттi орган көмiрсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тарту туралы шешiмді комиссия шығарған ұсынымдарды ескере отырып қабылдайды және комиссия тиісті шешім шығарғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткiзіп, бас тарту себептерiн көрсетеді.

Көмiрсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тарту үшін:

КТС төлеу бойынша салықтық міндеттемелердің ұсынылған есеп-қисабының, сондай-ақ таза кірістің, кен орны (кен орындарының тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша тиісті күнтізбелік жылға арналған сату рентабельділігі есеп-қисабының Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, оның ішінде осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келмеуі;жер қойнауын пайдаланушының тиісті күнтізбелік жылға көмiрсутектердің рентабельділік деңгейін есептеу үшін пайдаланылатын негізсіз болжамды бағасын қолдануы;кен орны (кен орындарының тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша тиісті күнтізбелік жылға мәлімделген өндіру көлемінің жоспарланатын өндіру көлеміне сәйкес келмеуі;егер өтініш ағымдағы күнтізбелік жылға берілсе, алдыңғы күнтізбелік жылдың деректерімен салыстырғанда не өтініш алдағы күнтізбелік жылға берілсе, енгізілетін түзетулерді ескергенде көрсетілген кезеңдегі бюджет негізінде есептелген жыл бойындағы болжамды деректер негізге алынған ағымдағы күнтізбелік жылдың деректерімен салыстырғанда көмірсутектердің бір тоннасына есептелген өндірістік шығындардың, өткізу шығындары мен жалпы әкімшілік шығындардың елеулі (10 %-дан жоғары) және (немесе) негізсіз ұлғайтылуы;ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың өтініш берілген күнінің алдындағы есепті кезеңдердің (жартыжылдық немесе тоғыз ай) қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділіктің іс жүзіндегі деңгейінің 0 %-дан асып кетуі негіз болады.

Жер қойнауын пайдаланушыға көмірсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тартудың себептері жойылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға өтінішті қайта жібереді.

Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 16:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары