Небәрі он күнде шекарада декларацияланбаған 645 млн теңге анықталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Биыл 1-10 тамыз аралығында өткізу пункттерінде декларацияланбаған валютаны алып өтудің 70 әрекеті анықталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Он күн ішінде жалпы сомасы 645 млн теңгеден асатын декларацияланбаған валюта табылды.
"Мәселен, Жамбыл облысындағы “Қордай” автомобиль өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында шетел азаматының киімінің астына жасырылған 70 мың АҚШ доллары анықталды. Бұл шамамен 32,55 млн теңгені құрайды", – деп хабарлады комитет.
Еске сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасынан 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол шетел валютасын декларациясыз алып шығуға болмайды. Белгіленген шектен асатын сома міндетті түрде декларациялануға тиіс.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:65
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 14:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















